Сабақтың тақырыбы: Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мен ерекшелігі Сабақтың мақсаты: 1



бет1/2
Дата29.01.2018
өлшемі107,95 Kb.
#35815
түріСабақ
  1   2
26.11.2015 жыл 5 «А»сынып

Сабақтың тақырыбы: Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мен ерекшелігі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мақал мен мәтелдің айырмашылығы, шығу тарихы, ерекшелігі жөнінде мәлімет беру, халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік рөлін меңгерту,

2. Мақал- мәтел жарыстары арқылы мақал- мәтелдерді дұрыс, орынды қолдана білуге баулу, түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

3. Таза, әдеби тілде сөйлеуге, ұйымшылдыққа, сөз өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Топтық сәлемдесу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Жолда туған ойлар» мәтіні бойынша сурет салып , өз сөзімен баяндау ( мақал – мәтелдерді қолдану) 2. «Алтын күз» мәтіні бойынша қала мен дала көріністерін салыстыра суреттеу.

Мақал мен мәтелге анықтама беру.

ІІІ. Мағынаны ашу.

Мақал- сөздің мәйегі.

Мәйек- жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік  жасауға пайдаланылатын ұйытқы ашытқы. Айран мен сүзбені  сүт қышқылды бактериялар арқылы, яғни мәйек қосу арқылы ұйытқы жасауға болады.

Ертедегі түркі жазба ескерткіштері сөздігінде майе — мән; негізгі бастама мағынасында беріледі де, парсы тілінен деп белгіленеді.

«Үшеуі - үйде, біреуі - қонақта»

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы, шығу тегі.

Мақал- мәтелдердің зерттелуі.

Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік рөлі.

(Әр топ өзіне берілген тапсырманы оқиды, басқа топ оқушыларына түсіндіреді)

IV. Мағынаны тану:

1. «Жалғастыр»

Жақсы сөз - .... (жанға ырыс).

Икемді тіл- ... (инеден өтеді).

Ата- ананың сөзі- ... (ақыл- кеңес көзі).

Ел ағасыз болмайды- ... (су сағасыз болмайды).

Елінен безген ер оңбас, .... (көлінен безген қаз оңбас).

Ер қадірін білмеген, ..... (ел қадірін білмейді)

Жақсы байқап сөйлер, ..... (жаман шайқап сөйлер)

Ер елінде- ..... (гүл жерінде)

Ағашты жемісінен таниды, ..... (адамды ісінен таниды)

Азды аяған..... (көптен құр қалады)

Сөз атасы- құлақ, .... (су атасы- бұлақ)

2. «Әрі қарай, әрі қарай...»

(сөзді тауып, қазақша, орысша, ағылшынша айту)

Ашу дұшпан, ақыл – (не?).

Жердің сәні- егін, (кімнің?) сәні- білім.

Өмір үлкен -(не?)

Кітап -(қандай?) қазына.

Күш- білімде, (не?)- кітапта.

(Кімді?) ұлы әкедей сыйла.

(Не?) адамның екінші анасы.

Асыл таста, (не?) жаста.

Немере етін жеп, (несін?) береді.

3. «Аналогия»

А) орысша- қазақша

Внешность человека бывает обманчива.- Адамның сырты алдамшы.

Добрые слова- половина счастья.- Жақсы сөз- жарым ырыс.

Человек без родины, соловей без леса.- Отансыз ұл, ормансыз бұлбұл.

Глаза боятся, а руки делают.- Көз –қорқақ, қол- батыр.

Жизнь- самая большая школа.- Өмір- үлкен мектеп.

ә) қазақша- орысша

Не ексең, соны орасың. - Что посеешь, то и пожнешь.

Шегiрткеден қорыққан егiн екпес. - Волков бояться- в лес не ходить.

Тарыға май көптiк қылмайды, күрiшке су көптiк қылмайды.- Маслом каши не испортишь.

Ұста пышаққа жарымас. - Сапожник без сапог.

Істемеген тістемейді.- Кто не работает, тот не ест.

4. «Кім тапқыр». (суреттегі тақырыпқа сәйкес мақал- мәтелдер айту)



Оқу, білім достық бірлік

5. Шығармашылық жұмыс.

Мақал- сөз атасы” тақырыбына эссе жаз.



Мақал- мәтелдерді пайдаланып, көршіңді сипатта.

Мақал құрастыр.

V. Қорытынды: Венн диаграммасын толтыру.

Мақал мәтел

VII. Үйге тапсырма: мақал жаттау, топтама жасау, қосымша мәлімет

VIIІ. Бағалау. (бағалау парағы бойынша бірін- бірі бағалау)




Каталог: uploads -> doc -> 0b04
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b04 -> Сабақтың мақсаты: а білімділік: Қазақ жерінің кіндігіне ақ ордасын тіккен жаңа астана тарихымен таныстыру
0b04 -> Сабақ реті: Сабақтың өтетін орны: Стадион. Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет