Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен өлеңдері. Сабақтың мақсаты



Дата01.06.2017
өлшемі25,26 Kb.
#17329
түріСабақ
ОҚО

Мақтарал ауданы

Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Байбусинова Атиргул Эркиновна


10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік:Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру.Ақынның өмірі шығармашылығын,тарихи жағдайы туралы айту.

Ә)дамытушылық: өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу,шығармашылық ізденіске жетелеу,көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру.

Б)тәрбиелік:елін,жерін,Отанын батырлыққа баулу,жерін сүюге, ерлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Махамбеттің суреттері,кеспе қағаздар,көркем әдебиеттер.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ,

Сабақтың әдісі:түсіндіру,мәнерлеп оқу.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

А)ұйымдастыру кезеңі

1.сәлемдесу.

2.оқушыларды кезекші көмегімен түгелдеу.

3.оқу құралдарын даярлау.

4.жаңа сабаққа дайындық.

Ә)үй тапсырмасын тексеру.Сұрақ – жауап әдісі бойынша Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру.

1. Дулат Бабатайұлы өмір сүрген уақыттағы қазақ елінің жай-күйі.

2.Тарихи жағдай қандай болатын?

3.Дулаттың шыққан ортасы.

4.Д.Бабатайұлы нені айтып күйінді?

5.Ақынның өз ортасына деген көзқарасы қандай болды?

б)Жаңа сабақ.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Махамбет Өтемісұлының өмірі мен өлеңдері»тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы,Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген.Өтемістің 10 баласының ішінде,Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болған.Халықты,қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы 14-көкекте Жатай мен Жәңгір кездеседі.Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады. 1838 жылы 12-шілдеде орыс әскерімен шайқаста,Жатай қаза табады.Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады.Орынбор түрмесіне қамалады.

1846 жылы өз үйінде қастандықпен мерт болады.Бейіті Атырау облысының,Махамбет ауданындағы Қараой деген жерде.

Исатайдай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды.Ақынның әр өлеңінде ел үшін,жұрты, бақыты үшін қан төккен,сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса,Исатай-сол ерлерді бастаушы,халық үшін жалын қиған батыр әр соғыстағы ерлікті бейнелейді. «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайман ұлы Исатай», «Мінген ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнеленеді.

Үмбетай,Ақтамберді ,Бұқар жыраулармен Абылай,Бөгенбай,Қабанбай бейнелерін,Махамбет Исатайдай ердің биік тұлғасын үлгі етті.

Исатайдан жерінен айырылып өкінеді,өксиді.Сол күндерін сағынады.

Махамбет поэзиясы – ерліктің,өрліктің поэзиясы.Ақынның асыл сөзінің маржан жырлары жыраулар поэзиясы,мін айту,жауынгерлік рух,батыр бейнесі көрінді.

Сабақты бекіту: Баяндау әдісі және сұрақ – жауап әдісі арқылы қорытындылаймын.

Пысықтау сұрақтары:

1.Махамбет өмір сүрген кезеңдегі орны?

2. Махамбет жырларында жақсы азамат,жағымды образ болып кім суреттелді?

3. Махамбеттің өлеңдерінде қандай ерекшелік байқадыңдар?

4. Махамбет поэзиясындағы қазақи ұлтшылдық туралы қандай ой түйдіңдер?

5. М.Өтемісұлы поэзиясындағы арман,тілек,аңсау не жөнінде.

Үй тапсырмасын беру.

Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу,жатқа айту.



Оқушылардың білімін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 034b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
034b -> «Көркем негізгі мектебі»
034b -> Сабақ жоспары №34 Күні Топ 03. 2016 231 Пән: Химия
034b -> Пән мұғалімі: бекітемін
034b -> «ms word мәтіндік редакторында кесте құру» 1 2


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет