Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау Мақсаты: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру



Дата08.09.2017
өлшемі160,19 Kb.
#31116
түріСабақ
Исаева А.Х.

Петропавл қаласы

9 орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

9-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау
Мақсаты: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру

Міндеттері:
-мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
-оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
-оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
-оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

Түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы» ойқозғауы, INSEPT – cтратегиясы, СИНКВЕЙН стратегиясы, кластер жасау, көрініс көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточкалар, плакат, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2.Топқа бөлу ( үстелде үш түсті қағаз, оқушы бір түсті таңдайды, сол арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді).

3.Әріптерден сөз жасау (түсті қағаздарда жазылған әріптерден сөз жасау).

- Қандай сөздер шықты? (заңгер, ұстаз, дәрігер)

Бүгін сабақтың тақырыбы қандай? (Мамандық. Мамандық таңдау).

4. Дәптерге жазу. ( Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау)

-Мамаңдықтың түрлерін атаңдар.

-Заңгер, ұстаз, дәрігер немесе басқа маман болғанда адам жұмыс істегенде қандай болу тиіс? (білімді, білікті, жан-жақты, ұқыпты, тәртіпті ...)

- Дұрыс, сондықтан , балалар, болашақта сіздерге мамандық алғанда және жұмыс істегенде білімді, білікті, жан-жақті, ұқыпты, тәртіпті, мейрімді болуыңызды тілеймін.



ІІ. Үй жұмысын тексеру. Талдауларды қайталау және екі сөзді талдау (Әр топ өзіне қоржыннан талдау таңдайды, морфологиялық пен синтақсистік талдау және жіктеу). Әріптен жасаған сөзді талдайсыңдар.

ІІІ Жаңа тақырыппен танысу және бекіту: Мамаңдық таңдау.

Мамандық дегеніміз не? ( Бұл адамның еңбек қызметіні түрі, кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, қызығушылық, табыс.)

Мамандықты таңдау – тағдырыңды таңдау. Осы сөйлемді қалай түсінесіңдер?

1.Жаңа сөздер:

Мамандық таңдау – выбор профессии

Мектеп бітіруші, түлек – выпускник

Өз жүрегінің қалауымен – по желанию сердца

Қабілет – способность

Талпыну, ұмтылу- стремиться

Сапалы білім- качественное знание

(сөздерді оқу, қайталау, сөз тіркестерді жасау, мәтінде табу)



2. Мәтінмен жұмыс :

- Мәтінді оқу;

- INSEPT – cтратегиясы (+ түсінемін, - түсінбеймін);

- топпен жұмыс:



1-топ: пантомима жасайды (мәтіндегі мамандықтарды тауып пантомима ретінде көрсету) (әнші, дәрігер, жазушы, ұстаз);

2-топ: кластер жасайды және ол арқылы мәтінді мазмұндайды;

3-топ: мамандық таңдағанда не істеу керек? (сұраққа кластер ретінде жауап береді).

IV.Сабақтың қорытындысы:

СИНКВЕЙН стратегиясы:

  1. Зат есім: мамандық

  2. Сын есім:

  3. Етістік:

  4. Сөйлем:

  5. Түйін:

V. Үй тапсырмасы: эссе «Менің отбасымдағы мамандықтар».

VI. Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау:

VII. Рефлексия (оқушылар баспалдақтың нешінші кезеңінде көрсетеді).

Исаева А.Х.

Петропавл қаласы

9 орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

9-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қандай мамандар сұраныста?
Мақсаты: 1. Балаларға қазіргі заманда «Қандай мамандар сұраныста?» туралы
ақпарат беру.

Міндеттері:
-мамандықтар туралы ақпарат іздеуге үйрету;
-оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
-оқушыларды мамандық таңдағанда қандай пәнге назар аудару керегін көрсету;
-оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы» ойқозғауы, INSEPT – cтратегиясы, SWOND – стратегиясы, сөздікпен және мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточкалар, плакат, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2.Топқа бөлу ( оқушылар ұнаған мамандықты таңдайды және бағыт бойынша топқа бөлінеді):

- 1 топ: техникағамен байланысты мамандықтар ( жүргізуші, құрылысшы, радиотехник, инженер)

- 2-топ: шығармашылық мамандықтар (әнші, суретші, биші, тілші, дизайнер)

- 3-топ: гуманитарлық бағыттағы мамандықтар (мұғалім, заңгер, дәрігер, аудармашы, қорғаушы)

3.Сұрақтар:

-1топ, егер сендер техникамен байланысты мамандықтарды таңдасаңдар, қандай пәндерді жақсы білуіңдерің керек?

-2-топ, шығармашылық мамандықтарды таңдағанда не істеу керек?

- 3-топ: гуманитарлық бағытта қандай пәндерге назар аудару керек?



4. Өткен сабақты қайталау (Осы оймен келісімін, жоқ келіспеймін).

- Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады.


-Мамандық таңдау ақшаға байланысты.
-Мамандық таңдау адамның қабілетіне байланысты.
-Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
- Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
-Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
-Ақша болса, мамандық қажет емес.
-Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым айқындайды.
-Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру «Менің отбасымдағы мамандықтары» ЭССЕ

ІІІ Жаңа тақырыппен танысу және бекіту: «Қандай мамандар сұраныста?»

  1. Каллаж жасау:

Әр топ қоржыннан мамандықтарды алып екі топқа бөледі.

Қазіргі кездегі ең қажетті мамандықтар:

(Мұғалім, кітапханашы, наубайшы, заңгер, әртіст, суретші, күзетші, құрылысшы, медбике, альпинист, менеджер, инженер, есепші, экономист, эколог, географ, флорист, аспазшы, бағдарламашы, жүргізуші, веб-дизайнерлер,логис, тәрбиеші, сауыншы, тракторист, хатшы, аудармашы, тілші, тігінші биші, қорғаушы, малшы, шаштаразшы, сатушы, киномеханик. Радиотехник, банкир, мерчендайзер, промоутер, ұшқыш, диспечер, кинолог, агроном)

2.Дәптерге жазу. (Сабақтың тақырыбы: Қандай мамандар сұраныста?)

3.Жаңа сөздер:

Маман - специалист

Еңбек нарығында- на рынке труда

Сұранысқа ие –востребованные

Болжам – предположение, прогноз

Үнемі –всегда постоянно

Мекеме- учреждение

Кәсіпорын -предприятие

(сөздерді оқу, қайталау, сөз тіркестерді жасау, мәтінде табу)

4. Мәтінмен жұмыс «Қандай мамандар сұраныста?»

- Мәтінді оқу (3 мин)

- INSEPT – cтратегиясы (+ - түсінемін, - түсінбеймін, )

Мәтін:


Мамандар болжамы бойынша жақын болашақта инженер мамандарға көбірек сұраныс артады. Өйткені қазір еңбек нарығында кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге өткір тапшылық сезіледі.

Екінші орында ІТ-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер екен. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар.Веб-дизайнерлер кәсіпорынның сайтын интернет желісі арқылы көптеген адамдардың қарауына, кәсіпорынның табысын көбейтуіне, танымал болуына жол ашады.

Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтардың бірі –нанотехнологиямен байланысты мамандықтар. Себебі нанотехнология барлық салаларды қамтиды: мидицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ғарыш технологиялары және т.б.

Ал аспазшы, наубайшы, тігінші, автомеханик, құрылысшы. Техник-сантехник, токарь, дәрігер , ұстаз және тағы басқа мамандар үнемі сұраныстағы мамандар болады


5-топпен жұмыс:

1-топ: кластер жасайды және ол арқылы мәтінді мазмұндайды;

2-топ: интернетті пайдаланып сұраққа жауап беру «Қазіргі заманда ең қажетті мамандар?»;

3-топ: жергілікті газетттер арқылы сұраққа жауап беру «Біздің қалада ең қажетті мамандықтар» .

5. Грамматикалық тапсырма: септеу, тәуелдеу және фонетикалық талдау.

6. SWOND – стратегиясы (бір таңдаған мамандықты 4 жығынан қарастырамыз).

  1. Мықты жақтары 2- Әлсіз жақтары

3-Мүмкіндіктер 4- Төнетін қауіп

IV.Сабақтың қорытындысы: Мамандыққа сұраныс неге байланысты?

INSERN стратегиясы:



Білемін

Білгім келді

Не білдім










V. Үй тапсырмасы: ЭССЕ «Менің болашақ мамандығым».

VI. Бағалау: (бір-біріне баға қояды).

VII. Рефлексия: смайликтің суретін таңдайды.


Исаева А.Х.

Петропавл қаласы

9 орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі
9-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ұстаз мамандығы
Мақсаты: 1. Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:
-ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу;
-сызбалармен жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру;

-балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу;

- оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.
- ұстаз мамандығын таңдаған оқушыларға бағыт беру.

Сабақтың түрі:дебат сабақ
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы» ойқозғауы, дебат, эссе, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, пікір алмасу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, бейнетаспа, ақ қағаз, маркерлер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2.Екі топқа бөлу

3.Бір-біріне тілек білдіру



ІІ. Үй жұмысын тексеру«Менің болашақ мамандығым» ЭССЕ.

ІІІ Жаңа тақырыппен танысу және бекіту: Осы әнді тыңдаймыз және ол кімге арналған? («Ұстазым»)

-Дәптерге жазу ( Сабақтың тақырыбы:Ұстаз мамандығы).

«Ми шабуылы» ( Ұстаз деген сөзді естігенде қандай сөздер ойға келеді).

- Кітаппен жұмыс (210б 2т.) Осы оймен келісемін немесе келіспеймін.



  1. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. (А.Байтұрсынов)

  2. Егер мұғалім өн бойына өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз. (Л.Н.Толстой)

  3. Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. (М.Ғабдуллин)

  4. Адамның адамшылығы ... жақсы ұстаздан болады.(Абай)

  5. Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзінің бағытын аялау. (Ж.Ж.Руссо)

  6. Ұстаздан шәкірт озар. (Ы.Алтынсарин)

  1. Топпен жұмыс: Дебат ( ұстаз мамандығын екі жақтан қараймыз)

1-топ 2-топ

  • мықты жақтары - әлсіз жақтары

  • мүмкіндіктері - төнетін қауіп

IV.Сабақтың қорытындысы: Ұстаз туралы не білдің? Ұстаз болу онай ма?

«Ұстазым» әнін караоке арқылы оқушылармен айту.



V. Үй тапсырмасы: «Қазіргі мұғалім қандай болу тиіс?» ЭССЕ

VI. Әр топ өз мүшелерін бағалайды.

VII. Рефлексия: (мұғалімге тілек немесе ұсыныс жазу )

Исаева А.Х.

Петропавл қаласы

9 орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

9-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қылқалам шебері

Сабақтың мақсаты:

  1. Е.Сидоркин туралы әңгімелеу, , оның еңбектерін оқушыларға таныстырып отырып, мәтінмен жұмыс істеуге үйрету;

  2. Оқушылардың танымдық, білімдік деңгейін көтеру,ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, оқытуда ақпараттық технологияны пайдалана отырып, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту;

  3. Е. Сидоркин мен Ә.Қастеевтің өнегелі өмірін, еңбегін үлгі ете отырып,оқушыларды туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, елін сүюге баулу, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: «Ми шабуылы» ойқозғауы, дебат, INSEPT-стратегиясы, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, пікір алмасу, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезені

  • Амандасу

  • Кезекшіге сұрақ қою

  1. Үй тапсырасын тексеру. Миға шабул (Конверт тарату. Ә. Қастеев туралы сұрақтарға жауап беру) Әбілхан Қастеев туралы баяндау.

  2. Өткен грамматиканы тексеру: Тест жұмысы: Есімдік туралы 10 сұрақ.

  3. Бейнеролик арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айту.

-Бейнеролик кім туралы?

-Ол кім?


Сабақтың тақырыбы: Қылқалам шебері- Евгений Сидоркин

  1. Жаңа сөздермен жұмыс:

  • Ғұмыр, өмір - жизнь

  • Өзекті, негізгі – основной (ая)

  • Рухани-духовный (ая)

  • Көзі тірі кезінде – при жизни

  • Қор –закваска для приготовления кумыса, фонд, униженный,

(ете қалу) быстро заснуть

Оқу, қайталау, сөз тіркестер мен сөйлемдер жасау, сөздікке жазу.

Ғұмыр –сөзге ауызша фонетикалық талдау


  1. Мәтінмен жұмыс INSEPT-стратегиясы

+ сөйлемді түсінемін

  • Түсінбеймін

? толық түсінбедім

  1. Мәтінмен жұмыс

1-топ –мазмұдайды; 2-топ – диалог; 3- топ жоспар құрастыру.

  1. Сұраұ есімдіктермен сұраулы сөйлем құрастыру (кім, кіммен, қашан, кімнің, қанша, қандай)

  2. Слайд Евгений Сидоркинның еңбектері

  3. Деңгейлік тапсырмалар:

3-деңгей

  • Мәтіннен есімдіктерді теріп, дәптерге жазыңдар және бір есімдікті септеңдер.

2-деңгей:

  • Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар және зат есімге немесе есімдікке морфологиялық талдау жасаңдар.

1-деңгей:

  • Евгений Сидоркинның жұмыстарын неге Қазақстан мұражай қорының мақтанышы деуге болады?

  1. Сабақтың қорытындысы

Бүгін сабақта не ұнады?

Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?

  1. Бағалау парағының нәтижесі.


«Ұстаз» әні «Ұстаз» әні

Тыңдаған көңілдегі толғанымды Тыңдаған көңілдегі толғанымды

Шын алған тәрбиеммен талғамымды. Шын алған тәрбиеммен талғамымды.

Өмірдің маған сиы деп білемін Өмірдің маған сиы деп білемін

Өзіндей жанға шәкірт болғанымды. Өзіндей жанға шәкірт болғанымды.

Талпынған балапан ем ұядағы Талпынған балапан ем ұядағы

Қырандай жетілдірдің ұядағы. Қырандай жетілдірдің ұядағы.

Ұстазға деген ыстық сағынышым, Ұстазға деген ыстық сағынышым,

Бір әнге қалай ғана сыйа алады. Бір әнге қалай ғана сыйа алады.

Қайырмасы Қайырмасы

Ұстазым менің қамқорым едім Ұстазым менің қамқорым едім

Баулыған осы өмірге. Баулыған осы өмірге.

Жүрегім дархан, өзіңнің арқан Жүрегім дархан, өзіңнің арқан

Биікке шықсам егерде. Биікке шықсам егерде.
Өнердің мен білмейтін қатпарларын Өнердің мен білмейтін қатпарларын

Жаныма сіңіргенше тоқталмадым. Жаныма сіңіргенше тоқталмадым

Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап

Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым. Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.



Қайырмасы Қайырмасы
«Ұстаз» әні «Ұстаз» әні

Тыңдаған көңілдегі толғанымды Тыңдаған көңілдегі толғанымды

Шын алған тәрбиеммен талғамымды. Шын алған тәрбиеммен талғамымды.

Өмірдің маған сиы деп білемін Өмірдің маған сиы деп білемін

Өзіндей жанға шәкірт болғанымды. Өзіндей жанға шәкірт болғанымды.

Талпынған балапан ем ұядағы Талпынған балапан ем ұядағы

Қырандай жетілдірдің ұядағы. Қырандай жетілдірдің ұядағы.

Ұстазға деген ыстық сағынышым, Ұстазға деген ыстық сағынышым,

Бір әнге қалай ғана сыйа алады. Бір әнге қалай ғана сыйа алады.

Қайырмасы Қайырмасы

Ұстазым менің қамқорым едім Ұстазым менің қамқорым едім

Баулыған осы өмірге. Баулыған осы өмірге.

Жүрегім дархан, өзіңнің арқан Жүрегім дархан, өзіңнің арқан

Биікке шықсам егерде. Биікке шықсам егерде.
Өнердің мен білмейтін қатпарларын Өнердің мен білмейтін қатпарларын

Жаныма сіңіргенше тоқталмадым. Жаныма сіңіргенше тоқталмадым

Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап

Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым. Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.



Қайырмасы Қайырмасы
Каталог: uploads -> doc -> 015c
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
015c -> Сабақтың тақырыбы: «Білімің ұшар қанатың»
015c -> Сабақтың тақырыбы: §29. Өзгергіштіктің негізгі түрлері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік
015c -> Сабақтың тақырыбы: §12. Қытай. Моңғолия Сабақтың мақсаты
015c -> Сабақ тақырыбы: Отпан тау-Адай ата кесенесі-Маңғыстау төрінде
015c -> араб сөзі. Оның қазақша мағынасын Ахмет Байтұрсынов «асыл сөзі» деп айтуға болады деген. Ертегілер
015c -> Тақырыбы: Бейбітшілік- бақытымыз. Мақсаты
015c -> Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет