Сабақтың тақырыбы: Математикалық ғаламға саяхат Сабақтың мақсаты



Дата22.05.2017
өлшемі128,96 Kb.
#16561
түріСабақ
Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сұлушаш Искендирова

Баратай негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Математикалық ғаламға саяхат


Сабақтың мақсаты:

сабақта оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіріп, математика пәніне қызығушылығын ояту, жауапкершілік сезімін қалыптастыру; Сабақта оқушыларды жарыстыру арқылы логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттыру;

Сілтеме

Математика оқулығы, Алматыбаспасы, 2015 жыл

Көрнекілігі

ракета моделі, үлкен қағазда белгіленген ұшудың жоспары, жұлдызшылар , критерий арқылы бағалау (қызыл, сары, көк).


Психологиялық ахуал

Психологиялық бағыт беру
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Математика ілімін
Лезде қағат санамыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Экипаж командирі дайындығы жөнінде рапорт беріп, ракетаның ұшуына секундтарды санайды.



Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізсін сіздей өренді

Математика сырына.

-Жарайсыңдар! Біздің ракетамыздың стартына дейін 10 секунд қалды.Санауышты жағыңдар!

Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4,3,2,1:Старт!


Жаңа сабаққа деген қызығушылық

тары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.



Мағынаны тану

«Есептеуіш» аялдамасы.

-Балалар, сендер барлықтарың қазір- ғарышкерсіңдер. Ұшу кезіндегі сендердің ең бірінші сынақтарың- «қай ракета жылдам?» сайысы.Қаламдарыңды дайындап, ережелерін мұқият тыңдаңдар.

Соңғы тапсырманы орындаған экипаж мүшесі ракетаны орнында әкеледі.Егер экипаж тапсырманы тез және дұрыс орындаса, ол жұлдызшамен марапатталады ( 1 орын- қызыл, 2 орын- сары, 3 орын- көк жұлдызша).

1-тапсырма:

І-топ ІІ топ

251+170+149=570 482+340+118=940 260+230+170=660 510+230+120=860

359+300+341=979 391+250+109=750

ІІІ топ

270+180+50=500

240+120+320 =980

220+130+110=460

Экипаж командирлері ортаға шақырылады. Әрбіреуіне тапсырма жазылған карточкалар таратылады.

-Назар аударыңдар! Старт! Есептеуге кірісеміз.



2-тапсырма:

1.Наурыз, сәуір және мамыр- көктем айлары.Көктемде неше күн барын сана. (90 кун)

2.Баспалдақта 15 басқыш бар. Баспалдақтың орта тұсындағы басқыш нешінші болады? (сегізінші басқыш)

3.Ұзындығы 10 м жіпті әрқайсысы 2 м болатын бөліктерге бөлу қажет.Сонда жіпті неше рет қию керек? (2 метрден 4 рет)

Есептерді жылдам шығарған оқушы үлкен жұлдызша алып, ішіндегі тапсырманы экипажбен бірге орындайды.

3-тапсырма.

1.Суретте неше шаршы суреттелген?

2.Суреттте неше үшбұрыш бейнеленген?

3. Суретте неше төртбұрыш бар?





















































(30) (20) (16)

Сайыстың қорытындысы шығарылады.Экипаждың алған орны белгіленіп, қажетті жұлдызша беріледі.

-Біздің ракетамыз ұшуын жалғастырады.Келесі аялдамаға ұшамыз.

-Санауышты жағыңдар! Секіндтарды санаймыз:10,9,8,7,6,5,4,3,2,1. Старт!



«Қызықты аялдамасы

-«Қызықты» аялдамасында сендерді қуанышты хабар күтіп тұр: Ғарышқа геометриялық фигуралардан және циярлардан құрастырылған адам ұшып кетті.

-Қазір экипаж суретшілері сол адамның суретін салуға кіріседі.

-Жарайсыңдар, балалар! Ал қазір сурет сайысының қорытындысын шығарайық. Мына адамның суретіне қарап келесі сұрақтарға жауап беріңдер: қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар және олардың саны қанша?



4-тапсырма.


5-тапсырма:

Осы аялдаманың қорытындысы шығарылады.

«Спорт» аялдамасы.

-балалар, ғарышкерлерге әрқашан спортпен айналысып, жаттығулар жасайтынын білесіңдер ме? Тіпті ұшу кезінде де спорттық жаттығуларға уақыт табуға тырысады.Шаршағанды басу үшін біз де сендермен жаттығу жасайық. (Барлығы орындарынан тұрып, спорттық жаттығуды қайталайды.)

Ғаламшарға ұшу үшін

Жылдам ракета кутіп тұр.

Ұшқымыз келген әр жерге

Әп сәтте-ақ ұшамыз.

Бар ойынның бір сыры

Шапшың бала озады,

Аңқау бала қалады.

-Жарайсыңдар! Сендер- жақсы спортшысындар. Әр топ қызыл жұлдыздан алады.

-Назар аударыңдар! «Ой қозғау» аялдамасына ұшып келеміз. Экипаж штурманы санауышты жақ!

-Секундтарды санаймыз: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1. Старт!

«Ой қозғау» аялдамасы.

-Осы аялдамада сендер ғарыш туралы есептерді шығарасыңдар.

6-тапсырма:

1.Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин болды.Ол Жер айналасын 108 минутта ұшып өтті. Жер айналасындағы ғарыштық ұшу неше сағат және неше минутқа созылды? (1 сағат 48 минут)

2. «Союз – 9» ғарыштық кемесі 18 тәулік бойы ғарышта болды. Ұшу неше сағатқа созылды№ (432 сағат)

3.1979 жылдың 25 ақпанында « Союз-33» ғарыштық кемесі ұшты.Ұшу 175 күнге дейін созылды.Ғарыштық кеменің жерге оралу мерзімінін атаңдар.(19 тамыз 1979 жыл).

4. «Союз-35 ғарыштық кемесі 1980 ж. 10 сәуірінен 11 қазанда қоса ұшуда болды.ұшу қанша күнге созылды?(185 күн)

7-тапсырма: «Жоғалған санды тап».
-Назар аударыңдар! Енді біздің ракетамыз соңғы аялдамаға ұшып барады.Экипаж штурманы санауышты жақ! Секундтарды санаймыз: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1. Старт!

«Сиқырлы» аялдамасы.

-Біз осында немен айналысатынымызды кім ойлап тапты?

(балалар математикаға байланысты ребустарды шешеді.)

8-тапсырма:Сандарға байланысты ребустар.

9-тапсырма: Сөзжұмбақ шешу.


  1. Өрнекте пайдаланамыз (жақша)

  2. Азайтудың компоненті

2.Қыс айы

3.Жаз айы

4.Айырманың компоненттері

5.Қосудың досы

6.оқушы құралы

7.Есептің....

8.Табиғат көркі

9.Бірлік,........, жүздік.

10.Ғылымдар патшасы-...

11.Сайысқы кімдер түсті?




Әр командир ішінде тапсырма жазылған ракета алады.Тапсырманы тез орындап, келесі оқушыға беруі тиіс.

Топта оқушылар уақыт үнемдеу үшін есептерді бөліп алып есептейді. Үлгермеген оқушыға көмектеседі.

Бұл тапсырмада топтағы оқушыларға ойлану керек, ойларын ортада талдап, ортақ шешімге келеді.

Берілген фигураларды санайды, фигуралардың атын анықтайды.

Әр топтағы суретші бала фигурадан құралған адамның бейнесін математикалық фигураларды келістіре отырып салу керек. Топ мүшелерінің ойлары тыңдалады.

АКТ арқылы баяу музыка ырғағымен спорттық жаттығулар орындап, өлең жолдары айтылады.

Топтар алған ұпай сандарын санай отырып, ынталанады.
Оқушылар топта ойланады, есептейді.

Сабақ тақырыбына сай ребустар шешіледі. Уақыт үнемдейді. Топтың ережелерін сақтайды.


Сөзжұмбақтан «Жарайсыңдар!» сөзі шығады.




Үйге тапсырма

Көбейту, бөлу кестелерін пысықтау.

Күнделіктеріне жазады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Осы бөлімнің және барлық ойынның қорытынды бағасы шығарылады.Экипаж жерге оралып, алған әсерлерімен бөліседі.Естелік ретінде әр оқушыға жұлдызша сыйланады.




Бағалау парақшасын толтырады.

Топтарда неше ұпай санайды.



Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Баратай негізгі мектебі




Каталог: BEDFC24BAFF83CC1
BEDFC24BAFF83CC1 -> Жамбыл 1846 жылы туған. Ақпанның үскірік боранында атасы Ыстыбайдың ауылы үдере көшіп, Шудың бойына қарай бет алады. Ыстыбайдың немересі, Жабайдың үшінші перзенті
BEDFC24BAFF83CC1 -> Семинар Шығармашылық жазу жұмыстарының тәсілдері Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
BEDFC24BAFF83CC1 -> Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»
BEDFC24BAFF83CC1 -> Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған Ақмола облысы Зеренді ауданы Баратай негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы Мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Тәрбие сағатының құрылымы: І. Ұйымдастыру ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын
BEDFC24BAFF83CC1 -> Осылай ел халқының, келген қонақтардың асыға күткен ескерткіштің ашылу салтанаты басталып та кетті
BEDFC24BAFF83CC1 -> Ағылшын тілін оқытудағы ойынның маңызы және оның түрлері
BEDFC24BAFF83CC1 -> Махаббат қайда деме жүрегіңде
BEDFC24BAFF83CC1 -> Cынып озаты Сабақтың мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы,тұтастану тарихы. Қазақ-тек бірігу,бірлесу жолында келе жатқан халық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет