Сабақтың тақырыбы: Мәліметтердің айнымалы типтері Сілтеме



Дата24.04.2017
өлшемі60,87 Kb.
#15191
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сыныбы: 9 «А»

Күні: 12.03.2015 ж

Пәні: Информатика

Тексерген:

Сабақтың тақырыбы:

Мәліметтердің айнымалы типтері

Сілтеме

Оқулық Информатика 9 сынып, Сапарғалиева Б.Қ, Маслимова Н.Е. Алматы «Арман ПВ» 2014 жыл

Информатикадан электронды оқулық 9-сынып



Мақсаты:

  • Мәліметтердің айнымалы типтері туралы мәлімет беріп, түсінік қалыптастыру, сипаттауды үйрету;

  • Паскаль тілінде мәліметтердің айнымалы типтерімен істеу жолдарын түсіндіру, оларға қолданатын функциялар жайлы меңгерту;

  • Ойлау, есте сақтау, қызығушылық қабілеттерін дамытады, топта жұмыс істеу дағдыларын мен өзара және өзін бағалауға дағдыланды;

Күтілетін нәтиже:

  • Мәліметтердің айнымалы типтері жайлы біледі, түсінік қалыптасады, сипаттауды үйренеді;

  • Мәліметтердің айнымалы типтеріне қолданатын функцияларды біледі, қолдана алады;

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, компьютер, электронды оқулық, слайдтар, интернет материалдары, таратпа материалдар, плакат, маркерлер.

Әдіс-тәсілдер:

Диалог; жеке, жұптық, топтық жұмыстар; сын тұрғысынан ойлау, Венн диаграммасы

Кезеңдер

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Сабақтың барысы:




Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, назарларын сабаққа аудару

Оқушылар оқу-құралдарын түгелдеп, зейіндерін сабаққа аударады.

Білу

Сұрақтар: (үлестірмелер тарату)

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің неше түрі бар?

  3. Алгоритмді ұсыну (жазу) тәсілдері?

  4. Паскаль программалау тілін кім ұсынды?

  5. Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?

  6. Паскальда мәліметтің қандай типтері бар?

  7. Паскаль тілінде қандай қарапайым операторлар бар?

  8. Паскаль тілінде қандай шартты операторлар бар?

  9. Паскаль тілінде қандай қайталау операторлары бар?

  10. Паскаль тілінде графикалық режимді іске қосу

  11. Геометриялық фигураларды салу процедуралары

  12. Графикалық режимде мәтін жазу тәсілі

  13. Символдық шама дегеніміз не?

  14. Жолдық шама дегеніміз не?

Әр сұраққа жауап берген оқушы сұрақтың реттік нөміріне сәйкес жаңа тақырыптағы әріпті ашады, осылай жаңа тақырып ашылады.

Оқушылар үлестірмедегі сұрақтарға жауап бере отырып, өткенді қорытындылайды, сонымен қатар жаңа тақырыпты ашады.

Түсіну

Оқушыларды сұрақтардағы мәтіннің түстері бойынша топқа бөлу. Оқушыларға кеспелердің артқы бетіндегі әріптерді біріктіріп, сөз құрастыруды, сол шыққан тақырыпша бойынша жұмыс жүргізуді тапсырады. Оқушыларға мәтінмен жеке танысуды, жұппен ортаға салуды, топта талқылап, постер дайындауды, оны сынып оқушыларына таныстыруды тапсырады.

Сұрақтардағы мәтіннің түстері бойынша топқа бөлінеді.

Оқушылар кеспелердің артқы бетіндегі әріптерді біріктіріп, сөз құрастырады, сол шыққан тақырыпша бойынша жұмыс жүргізеді. Оқушылар мәтінмен жеке танысады, жұппен ортаға салады, топта талқылап, постер дайындайды, оны сынып оқушыларына таныстырады



Қолдану

Оқушыларға үлестірмедегі берілген тапсырмаларды таратады, орындауды тапсырады

1-тапсырма. Программадағы берілген айнымалы типке сипаттама беріңдер. Программаның нәтижесі N1, N2 үшін қандай болады?

PROGRAM JANUAR;

TYPE AA= (tyshkan, sijr, barys, koуan, ulу, zhylan, zhylky, koy, meshin, tauk, it,dongyz);

VAR P1,P2: AA; N1,N2: INTEGER;

BEGIN

P1:=barys;



P2:=SUCC(koy);

N1:=ORD(P1)+1;

N2:=ORD(P2)+1;

WRITELN ( ' N1= ',N1);

WRITELN( ' N2= ', N2) ;

END.
2-тапсырма. Программадағы берілген айнымалы типке сипаттама беріңдер. Программаның нәтижесі қандай болады?

PROGRAM ASTANA;

TYPE AA= (Orinbor, Akmesit, Almaty, Astana);

VAR P1,P2: AA; N1,N2: INTEGER;

BEGIN


P1:=Orinbor;

P2:=PRED(Astana);

N1:=ORD(P1)+1;

N2:=ORD(P2)+1;

WRITELN ( ' N1= ',N1);

WRITELN( ' N2= ', N2) ;

END.


Оқушылар үлестірмедегі тапсырмаларды орындайды


Талдау

Оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырмаға топта программа құрып, компьютерде жеке орындауы керек

1-тапсырма

Жыл мезгілдері берілген айнымалы типке программа құрып, ағымдағы жыл мезгілінің реттік нөмірін анықтап, нәтижесінде ағымдағы жыл мезгілінің аты мен реттік нөмірін шығару керек.


2-тапсырма

Апта күндері берілген айнымалы типке программа құрып, ағымдағы апта күнінің реттік нөмірін анықтап, нәтижесінде ағымдағы апта күнінің аты мен реттік нөмірін шығару керек.




Оқушылар тапсырманы орындайды. Оқушылар тапсырмаға топта программа құрады, компьютерде жеке орындайды, нәтижесін көрсетеді.


Жинақтау

Оқушыларға Венн диаграммасында айнымалы типтің екі түрін салыстыруды ұсынады 



Оқушылар Венн диаграммасын толтырады, айнымалы типтің екі түрін салыстырады 

Бағалау

Критерийлер арқылы бағалау оқушыларды өздеріне бағалату мақсатында бағалау парағын тарқатады

Оқушылар өздерін өздері бағалау парағына бағалайды

Рефлексия

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін «Шығу парағын» тарқатады

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын «Шығу парағына» толтырады

Үйге тапсырма.

§11. оқу

Қосымша тапсырма: Келесі тақырыпқа шолу жасап, дайындалып келу

Күнделікке жазып алу

Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет