Сабақтың тақырыбы Мен (бен, пен), және шылаулары Сабақтың жалпы мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі59,5 Kb.
#30837
түріСабақ
Жолдасова Баян Махұлбекқызы №28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО Сайрам ауданы

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 4 сынып


Сабақтың тақырыбы

Мен (бен, пен), және шылаулары

Сабақтың жалпы мақсаты

Мен (бен, пен), және шылауларының сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратындығы туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру, бұл шылауларды орынды қолдана білуге жаттықтыру, оқушылардың ойлау және талдау, бірін-бірі, өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттерін жетілдіруге ықпал ету, топта жұмыс істей білуге, ізденімпаздыққа баулу.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл» әдісі, «Сәйкесін тап» ойыны, диалогтық әдіс, «Фишбоун» әдісі, «Пирамида» әдісі, «Сиқырлы әріптер» әдісі, топтық зерттеу, «Көбелектерге көмектес» ойыны, тест.

Оқытуда күтілетін нәтиже

Оқушылардың мен (бен, пен), және шылауларының сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратындығы туралы түсініктері, ойлау және талдау қабілеттері қалыптасады, шылауларды орынды қолдана білуге үйренеді, бірін-бірі, өзін-өзі дұрыс бағалау дағдыларын қалыптастырады, топта жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға үйренеді.

Көрнекі құралдар, дереккөздер


Үш түрлі 15 конфет, бағалау парағы, тест парағы, ноутбук, «Даму» ағашы, плакаттар, маркерлер, стикер

Қазақ тілі 4 сынып Атамұра 2011 Қазақ тілінен 55 сабақ, ғаламтор көзі, көмекші құралдар, тест жинағы

Түйінді идея

Нақты ойлау арқылы ой қорыту




Уа қы ты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 мин

1 мин

1 мин

5 мин


12 мин

12 мин


2 мин
5 мин

2 мин

2 мин

2 мин


Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Топқа бөлу

1-топ «Өнер» тобы

2-топ «Білім» тобы

3-топ «Еңбек» тобы


Сабақтың бағалау критерийімен таныстыру.

Бағалау парақтарын әр топқа тарату.




Атыжөні

Білу

Түсіну

Қол

да ну


Тал

дау


Жи нақ

тау


Бағалау




2

4

4

3

2


























Жаңа сабақтың ашылуы

І. Білу «Миға шабуыл» әдісі

- Балалар, шылау туралы не білеміз?


«Сәйкесін тап» ойыны

Әр сөз табы бойынша мысал сөздерін сәйкестендіріп сызу.


ІІ.Түсіну

Оқулықпен жұмыс

7- жаттығу

Мақалдарды оқып, көшіріп жаз. Мағынасын түсіндір. Шылауларды тауып, астын сыз. Олардың сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын айт.


8- жаттығу

Өлеңді оқып, шылауларды тап. Олардың не үшін қолданылып тұрғанын түсіндір.

Өлеңнің аты қандай? Авторы кім?

Ережемен таныстыру

Мен (бен, пен), және шылаулары сөз бен сөзді байланыстырады. Мысалы: атам мен әжем, сен және мен.


ІІІ. Қолдану

Сөзжұмбақ шешу

Қалың сызықпен сызылған торкөздегі сөзді табу. Ол сөздің сөйлемдегі қызметін айту.

Жасырынған сөз: және
Топтық жұмыс


  1. «Фишбоун» әдісі

  2. «Пирамида» әдісі

  3. «Сиқырлы әріптер»


Сергіту сәті

ІV. Талдау

Топтық зерттеу

Шылау сөздері бар мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.



«Көбелектерге көмектес» ойыны


V. Жинақтау

«Нақты жауап айдары»

Шылау сөздер туралы түйінді идея

Тест сұрақтарына жауап алу
VІ. Бағалау

Формативті бағалау

Жиынтық бағалау


Рефлексия

Не үйрендім? Не үйренгім келеді?



Үйге: 12-жаттығу 166-бет

Келесі тақырыпқа дайындалу



Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз!
Оқушылар конфеттерді түсіне қарай таңдап, топқа бөлінеді.

Оқушылар бағалау критерийімен танысады.


«5» - 12-15

«4» - 9-11

«3» - 5-8

Жеке жұмыс

Оқушылар шылау туралы ізденгендері бойынша жауап береді.

Оқушылар сызба бойынша сәйкесін көрсетеді.

Жеке жұмыс

Оқушылар мақалды оқып, көшіріп жазады. Шылауларды тауып, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын айтады.




Жеке жұмыс

Оқушылар өлеңді оқып, жатқа жазады. Шылауларды табады, олардың қандай қызмет атқарып тұрғанын айтады. Сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар ережемен танысады.

Жұптық жұмыс

Оқушылар сөзжұмбақтағы жасырынған сөзді табады. Бұл шылаудың сөйлемдегі қызметін айтады, мысалдар келтіреді.



Топтық жұмыс

Топ мүшелері өздеріне тапсырылған

тапсырманы орындайды.
Оқушылар бейнероликтегі қимылдарды қайталайды.
Оқушылар шылау сөздері бар мақал-мәтелдер айтады, мағынасын ашады. Шылау сөздердің не үшін қолданылып тұрғанын айтады.
Оқушылар шылау сөздердің сөздермен дұрыс тіркесін сызба арқылы көрсетеді.
Топтық жұмыс

Оқушылар тест сұрақтарына жауап беру арқылы өз ойларын жинақтайды.


Әр топ басшылары өз топ мүшелерін бағалау критерйиі бойынша ұпай санымен бағалайды.
Оқушылар өз ойларын стикерге жазып, «Даму» ағашына жапсырады

Тапсырманы күнделіктеріне жазады.



Каталог: uploads -> doc -> 09d4
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09d4 -> Сабақ Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»
09d4 -> Менің жолдас…(-ым; -ім; -ің; -ың; -ы; -і, -ымыз, -іміз, -тарың, -тарыңыз), сенің құрдас…(-ым;-ың,-ің, -ың; -ы; -і, -ымыз, -іміз, -тарың, -тарыңыз), оның дос…
09d4 -> 7-9-сыныптар Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бекболатова Ботагоз Кунанбаевна
09d4 -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет