Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі47,73 Kb.
#7267
түріСабақ
Бекітемін:

Күні: 6.10.2016ж.

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы

Мен не үйрендім?

Сабақ негізделген оқу мақсаты

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.


Бағалау критерийлері

Барлығы:Көркемсөз тіркестерін қолдана отырып бір-бірімен сұхбаттаса алады.

Көпшілігі: Суреттің көмегімен әңгіме құрастыра алады.

Кейбірі: Құраған әңгімесін топқа баяндап айтып береді.

Тілдік мақсат


Негізгі сөздер мен тіркестері:

Рахмет, сәлеметсіз бе, сау болыңыз.



Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қандай әдепті сөздерді білесің?

  2. Адамдармен қарым- қатынас жасауда әдепті сөздер не үшін қажет?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Сурет бойынша әңгіме құраған кезде неліктен көпшілік оқушылардың әңгімелерінің желісі ұқсас боп келеді?




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Топтастыру

Қалпақ, шортан, орамал, машина сөздерінің әр әрпінен қиылған қиындыларды оқушылар теріп алады. Осы әріптерден сөз құрастыруға тапсырма беріледі. Тапсырма қиындық тудырса бұл заттардың суреттерін көрсетуге болады.



Қызығушылығын ояту

Әр топ өздері құраған сөзін дыбыс сызбасына салып көрсетеді. Мысалы:

қалпақ сөзіне


















Бағалау: мадақтау



Суреттер

Сабақтың ортасы

Ұжымдық жұмыс

4 минут

Топтық жұмыс



10 минут


1.«Ойлан, тап» ойыны ойнатылады. Ойынның шарты бойынша оқушылар суреттегі заттардың атауларындағы алғашқы дыбыстарды қосып, «бұлт» деген сөзді шығарып алулары керек.

2.Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрау, әңгімеге ат қою. Құрап болғаннан кейін әр топтан бір оқушыдан ортаға шығып, өз әңгімелерін басқа топтарға баяндап береді. Тыңдап болғаннан кейін топтардың құраған әңгімелерінде қандай ұқсас жерлері болғаны сұралады.

Бағалау: Смайликтер арқылы


Оқулықпен жұмыс

Суреттер



Сергіту сәті

1 минут


Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайықжорғалап.



Сергіту сәтіне арналған жинақ

Ұжымдық жұмыс

7 минут


1.Оқушылар көркемсөз тіркестерін орынды қолдана отырып , суреттегі іс-әрекетті сипаттайды.Мыс: рахмет, сау болыңыз тб.

2.Буын, сөз, дыбыс пен әріп, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтаймыз.

Бағалау: мадақтау.


Түрлі тапсырмалар

Дәптермен жұмыс

7 минут


  1. Дәптер бетіндегі суреттерді бояу

  2. Әртүрлі сызықтар сызу

  3. Үзік сызықтарды бастырып жүргізу

  4. Әртүрлі сызықтар, ою-өрнектер, таңбалар салу

  5. Әріп элементтерін таныстыру, оларды жазуға үйрету

Смайликтер арқылы бағалау

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

1 минут



Рефлексия





Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?




Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні
2017 -> З. М. Сулейменова Бастауыш сынып мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет