Сабақтың тақырыбы: «Менің ана тілім»



Дата23.08.2017
өлшемі7,56 Kb.
#25436
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:  «Менің ана тілім»

  • 5-сынып
  • Сабақтың мақсаты: 
  • а) білімдік: Тіл туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;
  • ә) дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту әрі ойлау қабілеттерін  қалыптастыру;
  • б) тәрбиелік: Сөз құдіретінің адам өміріндегі маңызын ұғындыру әрі мемлекеттік  тілдің мәртебесін көтере отырып, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
  • Негізгі идеялар: Оқушылар тақырыптың мағынасын ашады, ана тілі туралы түсінік алады, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
  • Күтілетін нәтиже: Ана тілі туралы мәліметтер алады, қолданады, жинақтайды, көшбасшылықты анықтайды.
  • Психалогиялық хал-ақуал
  • Шаттық шеңберде тұрып бір-біріне жақсы тілектер айту. Сыныпты кеспе қағаз арқылы топқа бөлу. І-топ «Қазақ тілі», ІІ-топ «Орыс тілі» және ІІІ-топ «Ағылшын тілі».
  •          ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру
  • Сөздікті жатқа айту. Мәтінді мазмұндау.
  • 3-тапсырманы тексеру. «Кітап, оқулық, күнделік» сөздерін үш топ тәуелдейді.
  • ІІІ. Жаңа  сабақ
  • Бейнекөрініс арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
  • Ана тілім - болашағым, өркенім,
  • Ана тілім - болашағым, ертеңім.
  • Ана тілім - сайыс далам, жер көгім,
  • Ана тілім - арман, ойым, көрнегім.
  • Бауыржан Момышұлы.
  • Балалар бейнекөріністен не көрдік және Бауыржан атамыздың өлең шумақтары не туралы екен, қалай ойлайсыңдар сабағымыздың тақырыбы қандай?
  • -Дұрыс айтасыңдар « Ана тілі».
  • -Онда біз бүгін, сендермен «Менің ана тілім» тақырыбымен танысамыз.
  • 1 – тапсырма. «Менің ана тілім» мәтіні бойынша  жұмыс жасау.
  •       Әр топ мәтінді оқиды.
  •         І-топ мәтін бойынша сұрақ құрайды
  •         ІІ-топ мәтін бойынша жоспар құрайды
  •         ІІІ-топ мәтінді сурет арқылы мазмұндайды
  • І-топ «Қазақ тілі» тобының тапсырмасы.
  • 2 – тапсырма. «Менің ана тілім» тақырыбындағы сөйлесуді жалғастыру.
  • - Сенің ана тілің қандай тіл?
  • - ... .
  • - Сен өз ана тіліңде еркін  сөйлесе аласың ба?
  • - ... .
  • ІІ-топ «Орыс тілі» тобының тапсырмасы.
  • 3-тапсырма. «Кім көп біледі?» ойының өткізу.
  • 1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
  • 2. Сенің тілің қай тіл? (орыс, шешен, неміс тілі).
  • 3. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
  • ІІІ-топ «Ағылшын тілі» тобының тапсырмасы.
  •    4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті тірек сөздерді қою.
  • Біз жаз..., сен үйрен.., мен оқы..., ол жатта...,сіз шығың..., олар келе.., сіздер айтт....
  • ІҮ. Сергіту сәті.
  • Әр топ аттарына сай диалог құрайды.
  • І-топ «Қазақ тілі»- қазақ тілі туралы диалог құрайды.
  • ІІ-топ «Орыс тілі» - орыс тілі туралы диалог құрайды.
  • ІІІ-топ «Ағылшын тілі»- ағылшын тілі туралы диалог құрайды.
  • Әр топ өз аттарына сай постер қорғайды.
  • Ү. Кері байланыс:
  • «Есте қалғаны...» ойыны арқылы бүгінгі тақырыпты туралы білімдерін толықтырады.
  • Оқушыға гүл шоғы беріледі, осы гүл шоғын бір-біріне кезектесіп беріп, бүгінгі өтілген сабаққа қатысты есте қалғандары туралы айтады.
  • ҮІ. Қорытынды:
  • «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді».
  • Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
  • ҮІІ. Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі. Жасыл,сары және қызыл смайликтер арқылы оқушылар өз пікірлерін жазып тақтаға іледі.
  • ҮІІІ. Үйге тапсырма
  • 1 – тапсырма (Мәтінді мазмұндау)
  • Тіл туралы мақал-мәтелдерді тауып жаттап келіңдер.
  •  ІХ. Бағалау бөлімі. Сабақта белсенді қатысқандары бойынша бір-бірін   бағалау. 

Каталог: uploads -> doc -> 0ff4
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ff4 -> Сабақ 3 Сабақтың атауы «Көксерек» әңгімесі. Көксерек- Құрмаштың ермегі мен серігі
0ff4 -> Арайланып таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз
0ff4 -> Сабақтың мақсаттары : Білімділік : мәтіннің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу. Білімдері мен түсініктерін кеңейту
0ff4 -> Банк. Банк қызметі. Сын есім Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет