Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі58,02 Kb.
#27909
түріСабақ
Қазақ тілі мұғалімі Даирова А.А.

2 – сынып.

Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым.

Сабақтың мақсаты:

Оқу құралдары атауларын қайталау. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс құрастырып айта алуға, сауатты жазуға қалыптастыру.Түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: оқуқұралдары атауларын орынды қолдану, оқу құралдарын қалай пайдаланатынын айта алу,сөздерге көптік жалғауын дұрыс жалғай алу,

Тұлғалық: оқуқұралдарын ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап ,түсіндіру, оқу, аудару, жазу, ойын, жеке, жұптық, топтық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: кітап, суреттер, тән дыбыстар, карточкалар, кесте, тірек сызбалар.Оқу құралдарының суреттері.Төртінші артықты тап.Интерактивті тақта, слайдтар, сөзжұмбақ, смайликтер, стикерлер, жұлдызшалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.

1.Психологиялық дайындық.

Армысың көк аспан,

Армысың алтын күн,

Армысыңжер – ана,

Армысыңжандосым.

Мінеекіқолым бос,

Жүрегімежылуқос.

2.Фонетикалық жаттығу.

(тән дыбыстарға байланысты жаңылтпаштарды қайталау)

Ән,ән,ән, Ән әлемі,

Сән әлемі,

Әлия әдемі,

Әсия әдемі.

Қарға, қарға, қарғалар, ...

3.Сұрақтарға жауап алу.

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Бүгін ауа райы қандай?

- Көктем айларын кім айтады?

- Көктемде не ериді?

- Бүгін сәуірдің нешесі?

II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

Ойшақыру.



Оқу құралдары

III. Сабақта.

1.Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

— Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, қонақтар келіп отыр, өзіміздің алған білімдерімізді сабақта көрсетейік.

Балалар, бүгін сабақ барысында  сендерді жұлдызша арқылы бағалаймын. Дұрыс жауаптар  үшін, тапсырманы дұрыс орындаған үшін   жұлдызша  таратамын.

Жұлдызша саны  бойынша сабақ соңында баға қоямын.



2.Ойын. «Қай әріпті жоғалттым?» Сөздерден тән дыбыстарды дұрыс тауып айтып, тақтаға жазып, дауысты, дауыссыз дыбысты анықтау.

3. Топтық жұмыс. Мектептің тапсырмасы.

«Сөмкені жина» ойыны.(тақырыпты бекіту үшін)

Ойын ережесін еске түсірейін: Мектепке оқу құралдары суреттерін сөмке суретіне жинау керек. Мектеп суретіне ілінген оқу құралдарының артындағы тапсырмаларды орындау. Сурет алынған соң артында тапсырмалар шығады.




  1. Буынға бөліп жаз.

Қайшы, сызғыш, қалам, сөмке, кітап, дәптер.

  1. Көптік жалғауларын жалға. Қалам+дар, достар+тар, бояу+лар, ұштағыш+тар, желім+дер, сөмке+лер.

  2. Сөз тіркестерін қазақшаға аудар.

Красивая сумка, синяя тетрадь, белый ластик, длинная линейка, большая книга, новая ручка, мой дневник.
Сергіту сәті.


  1. Жұппен жұмыс. «Адасқан сөздер» ойыны. Орны ауысқан сөздерді ретімен қойып,сөйлем құрастыру. 

Дұрыс сөйлем құрастыр.

Кірді,мұғалім, сыныпқа.

Сыныпта, оқимын, екінші, мен.

Әдемі, оқу құралдарым, жаңа, менің, таза, және.

Сурет саламын, мен, қарындашпен .

Бар, оқу құралдарым, менің.

Ұштаймын,қарындашты, ұштағышпен.

ІV. Сабақты бекіту.

«Не жоқ?» ойыны

Ойын шарты: Тақтаға күнделік,қалам,кітап суреттері ілінеді. Балалар көзін жұмады. Оқу құралдарын бірі алынып тасталады. Балалар қай сурет жоқ екенін табады.



  • Қай топ, сөмкеге көп оқу құралдарын жинады, анықтау.

  • Сабақта не туралы айттық?


V. Рефлексия

-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

Үш түрлі стикерлер арқылы сабақты түсіндім бе? сұрағына жауап беру, ойларын айту.



Жасыл түс – мен барлығын түсіндім, маған сабақ өте көңілді болды.

Сары түс – мен түсіндім, маған қызықты болды.

Қызғылт түс – менің түсінбегендерім болды, бірақ сабақ қызықты болды.

Смайликтерге жапсыру.


VІ. Қортындылау.

Жұлдызшалар арқылы бағалау.


VІІ. Үйге тапсырма беру. Оқу құралдарының суретін салу.


Көкшетау қаласы білім бөлімі

«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Менің оқу құралдарым

2 «Ж» сынып

( ата-аналарға арналғанашық сабақ жоспары)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Даирова Анар Айдарбековна

2015-2016 оқу жылы.
Каталог: uploads -> doc -> 047e
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
047e -> Сабақтың мақсаттары
047e -> Теректі ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жоббм-ннің химия пәнінінің мұғалімі Ж. К. Султашованың 11
047e -> Сабақ жоспары №1 зерттеу сабағы № Мақсат, білім, дағды, бақылау
047e -> Сабақ тақырыбы: Кеңістік фигуралары Мектеп: «Сымбат»
047e -> Баяндама Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет