Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі маңызы. Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы


Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу



бет3/3
Дата06.12.2016
өлшемі0,96 Mb.
#3280
түріСабақ
1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға құрамында белгілі қоспасы барбасқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеуді үйрету


2. Дамытушылық мақсаты: Есептеулер жүргізе отырып, маңызы туралы түсінік қалыптастыру, практикаға қолдана білуге, біліктілігін дамыту

3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың Әдіс-тӘсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс

Сабақтың кӨрнекіліктері: Формулалар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру: ( ауызша сұрақтар беру).

Жұмыс дәптерлеріндегі үй тапсырмаларын тексеру, дұрыс еместерін толықтыру (тақтаға жазғызу)

9 сынып есептер жинағы

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, оқушы белсенділігін арттыру

(жазбаша тапсырмалар ұсынылады)

V. Жаңа материалды меңгерту (түсіндіру):


    1. Берілгені толымсыз есептер

30%-тік азот қышқылын 20%-тік натрий гидроксидімен суыта отырып бейтараптандыру нәтижесінде алынған тұздың ерітіндідегі массалық үлесін есепте.

m(HNO3) = 100г болсын, сонда ондағы HNO3 массасы 30г болады. Осы 1әдіс: HNO3 массасымен қанша NaOH әрекеттесіп, нәтижесінде қанша тұз түзілетінін анықта.

30г m1 m2

HNO3 + NaOH → NaNO3 + Н2О

ν 1моль 1моль 1моль

М 63г/моль 40г/моль 85г/моль



m 63г 40г 85г

NaOH ерітіндісінің массасы

(100г ерітінді ---------- 0,2г)

Ал m(HNO3) ерітінді мен m(NaOH) ерітінді Σ = 195,25г, ал ерітіндідегі



2әдіс: Егер 1моль HNO3 1моль NaOH-пен әрекеттессе 1моль NaNO3 түзіледі.

m1(ерітінді) = mM(HNO3)/ω1 = 210г

m2(ерітінді) = mM(NaOH)/ω2 = 200г

ω(NaNO3)/(m1 + m2) = 85/410 = 0,2073 ≈ 21%

2әдістің артықшылығы көзге көрнеу көрініп тұр. Негізінен 1моль немесе басқа бүтін моль санына шағып есептеу тиімді әдіс болып есептеледі. Әсіресе ол есеп шарты толық емес заттар өзгеруіне тәуелді есептер үшін тиімді. Әйткенмен әрбір нақты жағдайда бастапқы берілгеніне орай тиімді әдісті таңдаған жөн.

Бірнеше типтік есептердің шығарылу жолын қарастырайық:

1.4 Пропан мен бутанның ауамен қоспасы (С3Н8) = 30%. Көмірсутектер толық жануы үшін қандай көлемдік қатынаста әзірлеу керек?

Шығарылуы: Қоспада 3моль С3Н8 болсын. Онда ν (С4Н10) = 7моль

С3Н8 + 5О2 → 3СО2 + 4Н2О

С4Н10 + 6О2 → 4СО2 + 5Н2О

1моль С3Н8 жану үшін 5моль О2 қажет

1моль С4Н10 жану үшін 6,5моль О2 қажет

Жалпы реакцияға кететін оттегінің жалпы шығыны 10моль. Газдар қоспасы үшін 5 · 3 + 6,5· 3 = 60,5моль. Ауадағы отегі үлесі 1/5 екенін ескеріп V(қоспа) : V(ауа) = 10 : (60,5 – 5) = 1: 30


1.5 20%-тік NaOH ерітіндісін 35%-тік H2SO4 ерітіндісімен байқап нейтралдау арқылы ерітіндідегі су молі бастапқы сілті ерітіндісіндегі су молінен неше есе артық?

1әдіс: NaOH массасы 100г болсын ,сонда m(NaOH) = 20г.

20г NaOH-пен H2SO4-тің қанша массасы әрекеттесетінін және қанша су түзілетінін есептейміз.

2NaOH + H2SO4 = Na2SO4 + 2H2O

Қарапайым пропорциядан мынаны табамыз:

m(H2SO4) = 24,5г

m(H2O) = 9г

Осы ерітіндідегі m(H2O) = 70 – 24,5 = 45,5г

Бастапқы NaOH ерітіндісінде - 80г су, 20г NaOH, ал H2SO4 ерітіндісінде – 45,5г су, сонымен бірге реакция нәтижесінде 9г H2O түзілді (бейтараптандыру). Судың моль саны су массасына пропорционал болғандықтан алынған ерітіндідегі (H2O) моль санының бастапқы ерітіндідегі (H2O) моль санына қатынасы:

Х = m2(H2O)/ m1(H2O) = (45,5 + 80 + 9) : 80 ≈ 1,68



2әдіс: 2моль NaOH 1моль H2SO4-пен әрекеттессін. Сонда 2моль (36г) H2O түзіледі. Бастапқы ерітіндідегі (NaOH, H2SO4) судың массасын есептейік:

m1(H2O) = 2mM(NaOH) · (1 – ω1)/ ω1 = 320

m2(H2O) = mM(H2SO4) · (1 – ω2)/ ω2 = 182г

Барлық су массасы: 320 + 182 + 36 = 538г

ν2 (H2O)/ν1 (H2O) = 538/320 ≈ 1,6 m1(H2O) = 2· 40· (1 – 0,20)/0,020 = 80 · 0,8/0,020 = 64 : 0,20 = 320г

m2 : ω2 = mM(H2SO4) :(1 – ω2)
1.6 Тұз қышқылы кальций карбонатымен әрекеттесуі нәтижесінде 6,820% СаСІ2 ерітіндісі түзілді. Бастапқы ерітіндідегі НСІ-дың массалық үлесін есепте.

1әдіс: Реакцияға 1моль СаСО3 түссін

ν(НСІ) = 2моль, ν(СаСІ2) = 1моль, ν(СО2) = 1моль

Біз бір шаманы ойша алғандықтан НСІ ерітіндісіндегі су массасын белгісіз – Х арқылы белгілейміз. Реакция теңдеуі бойынша: СаСО3 + 2НСІ = СаСІ2 + СО2↑ + Н2О

СаСІ2 ерітіндісі түзіледі, оның массасы:

100,09 2· 36,462 44,01

m(ерітінді СаСІ2) = mM(СаСО3) + 2mM(НСІ) + Х - mM(СО2) = 100,09 + 72,924 + Х – 44,01= (129,004 + Х)г

Осы ерітіндіде 1моль СаСІ2 бар – 111г

Есеп шарты бойынша: ω(СаСІ2) = 0,0682 = m(СаСІ2)/ m(ерітінді)

М(СаСО3) = 100,09г/моль; М(СО2) = 44,01г/моль; 2М(НСІ) = 2 · 36,462г/моль

Біз мольдік массаны аса үлкен дәлдікпен аламыз, себебі ω(СаСІ2) төрт таңбалыға дейінгі дәлдікпен берілген

0,0682 = 111/129 + Х 0,0682 · (129 + Х)

8,7978 + 0,0682 · Х = 111 0,0682 · Х = 102,2022

Х = 1498,5 ≈ 1499

ω(НСІ) = 2mM(НСІ)/2mM(НСІ + 1499 = 2 · 36,462/36,462 · 2 + 1499 → 72,924/1571,9 = 0,0464 ≈ 4,64%
Есептер жинағынан тапсырмалар беріледі

VII. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу

VIII. Үй тапсырмасын беру: § №3.15.-4.10.

Пәні: химия Cынып: 9 күні:



Сабақ тақырыбы: Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс

Сабақтың мақсаты:

1. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін қорытындылау,материалды меңгеру дәрежесін бекіту; Оқушылар тәжірибе арқылы генетикалық байланыстарды іс жүзінде  жүзеге асыруға  теориялық білімдерін қолдану;

2. Оқушылардың сақталған ақпаратты қайта қолдану қабілетін және өз ойын қорыта айта алу біліктілігін дамыту;

3. Оқушыларды топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу.



Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы  

Сабақтың түрі: Аралас сабағы  

Сабақтың әдісі:Есептер шығару, сұрақ-жауап, демонстрация, есептершығару, ойындар, деңгейлік тапсырмалар.

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз, түсті қағаздар, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.

Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар, химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесі,тақта, бор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,медицина,биология, сурет,география

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин):

А) Оқушылармен сәлемдесу

Б) Сыныпты  4 топқа бөлу

В) Топбасшысын сайлату

С)Бағалау парақшасын тарату

Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

 «Ауызша есептер» (8 мин)

1. Темірдің (ІІ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең? (72)

2. 45 г судағы моль саны нешеге тең? (2,5 моль)

3. 11,2 моль судың массасын есептеңдер?  (201,6 г)

4. 32 г күкірттің зат мөлшері  нешеге тең? (1 моль)

5. 2 моль оттек көлемін табыңдар?   (44,8л)

6. 5л сутектің зат мөлшері нешеге тең? 0,22 моль)

7. Массасы 177.5г хлордың (қ.ж.)көлемі (56 л)

8. 2 моль темірдің атом санын тап (12,04*10 23)

9. 0,2 моль газдың көлемін (қ.ж.)  есептеңдер.

10.  Массасы 22 г  көмірқышқыл газының көлемін (қ.ж.) табыңдар. (11,2л )

11. газдың 1 литрінің (қ.ж.)  массасы 1,875 г.  Осы газдың молярлық массасын табыңдар. (42 г/моль)

12. 1 моль азоттың массасы нешеге тең? (28 г)



« Ой шақыру» (4 мин)

  1. Темірдің маңызды құймаларын атаңыздар?

  2. Шойын мен болаттың басты айырмашылығы қандай?

  3. Шойынның қандай түрлерін білесіңдер?

  4. Шойыннан болат дайындау дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Легирленген болат дегенді қалай түсінесіздер және құрамына қандай элементтер кіреді?

ІІІ Жаңа сабаққа көшу

(Қызығушылығын ояту)

«Болжау әдісі» (3 мин)

 


K   Li    CaO  Na  SO3 CO2   H2SO4   NaOH   CaCO3        Байланыс    «Ген»  C   P    

Коваленттік  полюсті   Иондық байланыс



 

1.Бұл сөздерді не үшін ұсынып отырмын?

2. Әңгіме төркіні не туралы болмақ?

3. Қандай мағыналар береді?

Оқушылар жауабымен келісі отырып, келесі болжамды ұсыну.

Реакция теңдеуді жазу.



ІV. Жаңа сабақ. Оқушылармен бірге  бүгінгі сабаққа мақсат қою.

Ерте-ерте, ертеде,ешкі құйрығы келтеде, химияның жерінде, элементтер елінде «бейорганика» деген шал өмір сүріпті.Оның 4 ұлы болыпты.Ал, кәне балалар осы 4 ұлдың атын атай қойыңдаршы:

1.Оксид

2. Негіз


3.Қышқыл

4. Тұз


Бір күні шал балаларын жинап алып, өсиет айтыпты: «Балаларым, мен қартайдым, төрімнен көрім жақын.Талапты азамат ертеңгі күнін ойлар, бір апта уақыт беремін, жан-жақты зерттеп, шарлап, әрқайсыңның жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер», - депті.

Ұлдары  әке сөзін құп алып, жол жүріп кетіпті.Уәделі күні сапардан балаларының бәрі оралып, олжаларымен бөлісіпті.

Оқушылар  «Бейорганика» шалдың балалары қандай олжа әкеліпті?

Бейорганика шал : бұларыңа өте дән ризамын, балаларым, алдағы уақытта бір-біріңнен ажырамай бірге өмір сүріңдер деген екен.

Балалары ақылдаса келіп,қасынан үй салып,үйдің арасын бір-бірімен байланыстырып,дуалмен біріктіріп қоршапты.Содан бері олар бірнен-бірі ажырамай, мынадай тізбек құрып,араласып тұратын болыпты.Олардың қасиеттерін жақсы білетін жақын көршілері ғана болмаса, оларды бірінен-бірі ажырата алмай қалады екен.

« Сақина салмақ» ойыны.

Ойын шартымен таныстырып, ойынды өзім бастаймын.

Мынадай өзгерулерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

CuSO →Cu →CuO→CuCI2→Cu(OH) 2→Cu(OH)NO→Cu(NO3)2

Шешуі:

1.Орын басу реакциясы арқылы мыс (ІІ) тұзынан мысты алуға болады:



CuSO+Fe→FeSO4  +Cu

2) Мысты оттегіде жағып,мыс (ІІ) оксидін аламыз:

2Cu + О =2CuO

3) Мыс (ІІ) оксиді тұз қышқылында еріп, мыс (ІІ) хлоридін түзеді:

CuO +2НСІ = CuCI + Н2О

4) Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосып,мыс (ІІ) гидроксидін алуға болады:         CuCI+ 2 КОН = Cu(OH) 2+ 2 КСІ

5) Мыс (ІІ) гидроксидін бір гидроксотобының орнын алатындай мөлшерде алынған азот қышқылымен яғни 1 моль Cu(OH)1 моль НNO3–пен өңдеп мыс (ІІ) гидроксонитратын –негіздік тұз алады:

Cu(OH)+ НNO3= Cu(OH)NO2О

6) Мыс (ІІ) гидроксонитратына артық азот қышқылымен әсер етіп, мыс (ІІ) нитратын алады:

Cu(OH)NO+ НNO3= Cu(NO3)+ Н2О

Ал,балалар, «Бейорганика » шал оның балаларының қасиеттері туралы деген генетикалық байланыс тапсырманы шешу сендерге тапсырылады.

V. Бекіту

Есептер шығару

І топ


Құрамында 4℅ қоспасы бар 20г әктастан 12г кальций оксиді алынған. Алынған өнімнің шығымын тап.

ІІ топ


Массасы 10г натрий гидроксиді мен 20г тұз қышқылы әрекеттескенде түзілген тұздың массасын тап

ІІІ топ


Массалық үлесі 20℅ 150г күкірт қышқылы мырышпен  әрекеттескенде қ.ж. неше көлем сутегі газы бөлінеді?

І V топ


Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентрациялы азот қышқылымен әсер еткенде 13,44 л газ (қ.ж.) бөлінді.Қоспаның құрамын анықтаңдар.

VІ. Қорытынды.

«Академиялық дау-дамай»

«Металдар мен бейметалдар,олардың қосылыстарының тіршілік үшін пайдасы мен зияны» туралы  ой ойларын дәлелдей отырып, топтар  өзара пікірталасқа түседі.



VІІ. Рефлексия

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Маған  сабақ кезеңдерінде не ұнады, не ұнамады?

Өтілген материал бойынша сұрақ немесе пікірің?



VІІІ. Бағалау.

1)Топбасшыларының бағалауы;

2) Жиынтықтық бағалау;

3) Өзін-өзі бағалау;

Күнделіктеріне баға қою.



ІХ.Үйге тапсырма.

Есептер мен жаттығулар бойынша  № 10-15 есептер.

Қосымша үлестірмелі қағаз тарату.

 

3 практикалық жұмыс



Тақырыбы: Металдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Оқыту мақсаты: Металдардың қасиеттері мен қосылыстарын еске түсіріп, тақырып бойынша эксперименттік есептерді шешу

Реактивтер мен құралдар: Сынауық қоятын тұрғы, сынауықтар, спиртшам. Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді, калий хлориді, темір (ІІ) хлориді темір (ІІ) сульфаты, натрий гидроксиді, натрий сульфаты, алюминий сульфаты, кальций оксиді, кальций гидроксиді, тұз қышқылы,көмір қышқылы, су.

Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талаптар: Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтау . Орындалған жұмысқа дұрыс қорытынды жасау.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Практикалық жұмысты орындау

І нұсқа

№1 Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.

№2 Темір (ІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.

№3 Мына сызбанұсқа бойынша :

СаО → Са(ОН)2 → СаСІ2 кальций оксидінен кальций хлоридін алыңдар.

ІІ нұсқа

№1 Темір (ІІ) хлориді, кальций хлориді, алюминий хлоридтері ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.

№2 Темір (ІІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.

№3 Төмендегі айналуларды тәжірибе жүзінде іске асырыңдар:

Са(ОН)2 → СаСО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3

Қосымша тапсырма


  1. Үш тәсілмен:

а) темір(ІІІ) хлоридін; ә) алюминий хлоридін алыңдар.

2. Сұйылтылған күкірт қышқылы мен мына заттардың: Cu, АІ, NaCI, Cu(OH)2, ZnO, NaOH,

Na2CO3 қайсысымен әрекеттеседі? Іске асатын реакцияларды орындаңдар.

3. Лабораторияда мынадай реактивтер бар: а) калий гидроксидінің ерітіндісі; ә) қатты натрий карбонаты; б) азот қышқылының ерітіндісі; в) концентрациялы күкірт қышқылы; г) мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі; ғ) мыс;

Осы реактивтерді пайдаланып, қанша жаңа заттар алуға болады? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

4. Жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын құрып, байқағандарыңды сол реттілікпен қорытындылап жазыңдар.


Сынып: 9 Пәні: химия Күні:



Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №3.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, алған білімдерін тексеру барысында екі нұсқада бақылау жұмысын жүргізу.

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Бақылау жұмысын екі нұсқада жүргізу:


І нұсқа ІІ нұсқа

1.Төмендегі реакция теңдеулерін аяқтап, толық, қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар .

Zn(NO3)2 + K2SiO3

(NH4)2SO4 + NaOH →

Ba(OH)2 + HCl →

Pb(NO3)2 + Na2S →

NH4Br + Ca(OH)2

K2CO3 + HCl →



2. Төмендегі айналуларды орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

P2O5→H3PO4→K3PO4→Ca3(PO4)2

N2→NH3→NO2→HNO3→Cu(NO3)2




3. Массалық үлесі 10% массасы 120г ерітіндідегі еріген зат пен еріткіштің массасын табыңдар.
3.Массалық үлесі 10 % массасы 175г ерітіндідегі еріген зат пен еріткіштің массаларын табыңдар.



4. Массасы 320 г мыс сульфаты натрий гидроксидінің жетерліктей мөлшерімен әрекеттескенде түзілген мыс гидроксидінің шығымы 80% болса, қанша мыс гидроксиді тұнбаға түседі?

4. Әк сүтінен көмірқышқыл газын өткізгенде түзілген кальций карбонатының шығымы 85% массасы 150г болса, қанша көлем (қ.ж.) СО2 сіңірілген?




5. Массасы 1 тонна темір кенінің 32% -ы (гематитте) қоспа екені белгілі болса, тотықсыздандыру үшін неше литр (қ.ж.) СО қажет?
5. Массасы 500г 30%-дық мыс сульфатының ерітіндісіне жетерліктей мөлшерде мырыш ұнтағын салғанда неше грамм мыс бөлінеді?


Үй жұмысы: Су. Ерітінділер тақырыбын қайталау.
Каталог: uploads -> doc -> 0a33
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a33 -> Сабақтың тақырыбы: Қысым қызықтары. Сабақтың мақсаты
0a33 -> Тақырыбы: «Эрудит!» зияткерлік сайыс Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып
0a33 -> Сабақ жоспары Пән: Қазақ тілі Сынып: 5 «Б» Мерзімі: 07. 12. 2016 Мұғалімі: Тулегенова Сания Батырбековна
0a33 -> 1 орта мектебі 3 класс мұғалімі
0a33 -> Сабақтың мақсаты
0a33 -> Сабақтың тақырыбы: Кан жүйесіне әсер ететін дәрілер Сабақтың түрі: аралас


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет