Сабақтың тақырыбы Мәтінді теру және өңдеу



Дата09.04.2020
өлшемі42,22 Kb.
#62033
түріСабақ
Байланысты:
sabaq-kz attachment mtnd-teru-zhne-deu
Каз тарих 1551 каз.готов, геом 11 сын 05,11, 10 сынып БЖБ (2)химия
Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?»




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Мәтінді теру және өңдеу


Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан


Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • мәтіндік редакторды іске қосады

  • компьютерлік мәтінді өңдейді;

  • арнайы батырмаларды қолданады;

  • құжатты сақтайды

Бағалау критерийлері

  • мәтіндік редактордың қызметін түсіндіреді;

  • мәтін теру ережесін сақтай отырып мәтін тереді;

  • мәтінге көшіру, қиып алу, қою командаларын қолданады

  • мәтін терген кезде арнайы батырмаларды қолданады;

  • құжатты сақтайды;

  • құжатты өңдейтін батырманы қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар …

  • мәтін теру ережесін атайды;

  • редактордың батырмаларын атайды;

  • мәтінді сақтау алгоритмін айтады

  • мәтін тереді

Пәндік лексика және терминалогия:

  • өңдеу, мәтіндік редактор, меңзер, тінтуір көрсеткіші, «ыстық перне», пернелер комбинациясы.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • ..............- ақпаратты енгізуге арналған құрылғысы.

  • Өңдеу дегеніміз ол …

  • Кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге............. батырмасы пайдаланылады.

  • Меңзерден кейін тұрған таңбаны өшіріп тастау үшін ... ;

Құндылықтар

Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды –ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі - мәтін. Мәтіндік редакторда мәтін терген кезде.

Ағылшын тілі – диффернциациялық тапсырма орындаған кезде



Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың мәтіндік редактор туралы бастапқы білімі бар, оқушылар мәтін теріп сақтай алады.

Жоспар:

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
0-5


Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау.

«Шаттық шеңбері».

Тілек айту.



Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші допты кез келген қатысушыға лақтырады да өз атының бірінші әрпінен басталатын тілек айтады. Мысалы, Болат,белсенді бол, Алма, ақылды бол т.б. Келесі оқушы допты лақтыруды ары қарай жалғастырады, яғни өз атына анықтауыш қосады.

Сыныпты топқа бөлу.

Оқушылар өлең үзіндісін тандайды, өлең құрастырады. Солайша сынып 3 топқа бөлінеді


Мақсатты тұжырымдау
Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды. Бағалау критерийлерімен танысады.

Презентация





Сабақтың ортасы

6-14
15-25




Білімді жүйелеу
Компьютер алдында қалай отырғаныңызға назар аударыңыз.
Компьютердің жұмыс үстеліне алдын ала файл дайындалады «Сұрақтар». Оқушылар файлды ашып бос орынға мәтін теру арқылы сұрақтарға жауап береді:

1.............. - ақпаратты енгізуге арналған құрылғысы.

2. Кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге............. батырмасы пайдаланылады.

3............... енгізу батырмасы.

4............... батырмасы алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.

5............... кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.

6...............- курсорды жолдың басына жылжыту

Мұғалім оқушылардың көмегіне сүйеніп дұрыс жауаптар береді.


Жаңа тақырып
Мәтінді өңдеу дегеніміз не?
Өңдеу - терілген мәтіндегі қателерді түзету. Егерде мәтінде емле, синтаксистік қателер, пунктуация қателері, стилистикалық немесе сөйлеу қателері болса, мәтінді тақырыптарға бөлуге болады; тармақтарда бөлек сызықтар; кейбір сөздерді басқалармен ауыстыруға тура келеді; мәтінді аяқтау қажет және т.б. болса онда оны өңдеу қажет.
Мұғалім оқушыларды мәтін теру ережесімен таныстырады.

1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift батырмасын басып, жібермей ұстап тұру керек.

2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock батырмасын басу. 

3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады. 

4. Дефис бос орынсыз қойылады.

5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады.

6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. Ол пернелердің Ctrl + Shift + бос орын тіэбектемесін терумен орындалады.

7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды

8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

9. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады. 
Сергіту сәті.

Бас бармағым - әкем,

Балан үйрек – шешем,

Ортақ тірек – ағам,

Шылдыр шүмек апам,

Кішкентай бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.



Практикалық жұмыс.
Оқушылар мәтін тереді.

  1. Сабақ басында топқа бөлуге қолданған өлең жолдарын тереді

  2. Оқушылар мақал сөздерін теріп кейін оларды өндейді


Диференциация

Ағылшын тілінде білетін сөздердің аудармасын теру


Дескрипторлар:

  • мәтін теру ережесін сақтай отырып мәтін тереді;

  • мәтінге көшіру, қиып алу, қою командаларын қолданады

  • мәтін терген кезде арнайы батырмаларды қолданады;

  • құжатты сақтайды;

  • құжатты өңдейтін батырманы қолданады.


Бағалау

Оқушылар орындарымен алмасып бір-бірін бағалайды



Презентация


Сабақтың соңы

37-40


6. Рефлексия.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

«Сұрақтар қобдишасы»

Сабақ бойынша ұсыныс, тілектерін жазады. Түсінбегендерін стикерге жазып «Сұрақтар қобдишасына» салады.



Презентация


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Бағалау кезеңінде оқушыларға тапсырма ұсынылады.

Практикалық жұмыс орындаған кезде тапсырманы тез орындаған оқушылар саралау жұмысына кіріседі.






Оқушылар тапсырмаларын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



1 Қосымша

Оқушыларды өлең шумақтарымен топқа бөлу


Ақ таяғын таянып,

Еркелесем күлімдейтін

Таңмен бірге оянып.

Ұрысқаны білінбейтін

Аяз ата келіп тұр,.

Маңдайымнан иіскеп менің

Ақ күпіге оранып

Құлыншағым күнім дейтін




Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны-ау деп білем

2 Қосымша

Практикалық жұмыс

Мәтінді тер!!!

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас


Наданмен дос болғанша,

Кітаппен дос бол.

Бірлік бар жерде - тірлік бар.

Ананың сүті—бал,

Баланың тілі — бал.

Дифференциациялау

Ағылшын тілінде білетін сөздердің аудармасын тер



Дескрипторлар:

  • мәтін теру ережесін сақтай отырып мәтін тереді;

  • мәтінге көшіру, қиып алу, қою командаларын қолданады

  • мәтін терген кезде арнайы батырмаларды қолданады;

  • құжатты сақтайды;

  • құжатты өңдейтін батырманы қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет