Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері



Дата04.08.2017
өлшемі89,13 Kb.
#22813

Сабақ жоспары

Сынып 7


Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері
Мақсаты: 1. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша
ақпаратпен білімдерін толықтыру.
2. жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық, тақта.
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ


Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Біздің өміріміздегі модельдер:
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
1. Қолдану аймағы.
2. Модельде уақыт факторын ескеру.
3. Білім саласына қарай топтау.
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік, ғылыми - техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
Ғылыми - техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.
Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель – объект немесе процесстің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т. б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс - әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс - әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады. Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады.

ІҮ. Сабақты бекіту:


Ү. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері

Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері  


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Информатика

Сыныбы

     7 «Ә»                                                                                                            14.01.15

Сабақтың тақырыбы

Модель. Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері  

Мақсаты

Модельдерді сипаттау әдістерін, түрлерін және қасиеттерін меңгеру.

 


Күтілетін нәтиже

А) Модельдеу ұғымдарын біледі, түсінеді

Б) Модельдерді ажырата алады және олармен жұмыс жасай алады

В) Модельдерді қолдана отырып, өмірмен байланыстыра алады және бағалай 

     алады.



Керекті жабдықтар

Ресурстар, интербелсенді тақта, компьютер, ғаламтор беттері, слайд-шоу, әртүрлі материалдардан жасаған модельдер және суреттер т.б.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

 


Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару.

«Бір тілек» атты  тренинг өткізу

Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген психологиялық ахуал тудыру.

 

 



 

 

Оқушыларды «Өрмекші торымен»



топтарға бөлу.

/Түрлі түсті лента арқылы  үш топқа бөлемін/

 

Мұғаліммен амандасады.

 

 

Тренингті жасау



/Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа жақсы тілектерін айтады. Мысалы, Саған күн көзіңдей жарқыраған нұрлы жүз тілеймін,  т.б./

 

Оқушылар өрмекші торымен бөлініп, отырады.



 

Тұсаукесер

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


  1. «Крестиктер мен нөлдіктер»

 /үй тапсырмасы/

Тақтада 9 сұрағы бар 9 ұяшық бар. Осы ұяшықтағы сұрақтарға әрбір оқушы дұрыс жауап берсе өздеріне 1 ұпай алады, ал егер жауап бере алмаса келесі оқушы жауап беріп 1ұпайды ол алады. Дұрыс жауап берсе, сол сұраққа крестик қояды.

Сұрақтары:

  1. Меншіктеу операторы дегеніміз не?

  2.  Меншіктеу операторының жазылуы?

  3.  Меншіктеу операторы неше міндет атқарады және қандай?

  4.  Меншіктеу операторы арифметикалық өрнектермен бірге тағы қандай өрнектер үшін қолданылады?

  5.  Меншіктеу операторындағы өрнек қалай меншіктеледі?

  6.  Меншіктеу операторындағы өрнектер қалай аталады?

  7.  Арифметикалық өрнектер дегеніміз не?

  8. Мәтіндерді өңдеу үшін қажет болатын өрнек?

  9.  Әр түрлі мәліметтерді салыстырып, логикалық әрекеттерді орындайтын өрнек?

 

Бағалау

 

 



2. «Подкаст көрсетілімі»

/тұсаукесер/

 

Суреттермен жұмыс жасаймын.



 Кейін «EXPO- 2017» моделін көрсету.

 


 

  1. Әрбір оқушы өз мүмкіндігінше жауап береді.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Бағдаршам» арқылы



өз-өзін  бағалау 

 


  1. Модельдеуге берілген бейнеролик. Оқушылар көре отырып, өздерінің сыни тұрғыдағы ойларын айтады.

/оқушылардың барлық және кез-келген жауаптары қабылданады/

 

Негізгі бөлім

 

 



Модель. Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті. Түрлері

Мәтінмен жұмыс

Ресурстар

«Өкіл»

 

/Топта бірінші талқылау жүргізіледі, кейін әр топқа өкіл барып өздеріне керекті мәліметтер алып келіп, өз тобына жеткізеді/

 

Жеке, топтық жұмыстары ұйымдастырылады.



/Топтық әңгіме әдісі арқылы топта талқыланады /

 

1 топ: Модельдерді сипаттау әдістері



2 топ: Моделдер қасиеттері

3 топ: Модель түрлері

 

Практикалық жұмыс



1 топ: Шырпыдан ақ форматқа кез-келген 

             модель шығару



2 топ: Paint программасында кез-келген 

             модель салу



3 топ: А4 форматынан кез-келген модель 

            жасау

 

Дарынды және таланты оқушылар үшін



кеңейтілген тапсырмалар

(Бастапқы нүктеден соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекет)



Бағалау:

 

Сергіту сәті

 


Бүгінгі күннің жадысын жазып, тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Ресурспен жұмыстанады.

/әр топ мәтінмен жеке танысады/

 

 



 

 

 



 

Оқушылар бір-бірлеріне ой тастап диалог құрады.

 

Ғаламтордан тақырыпқа сай материал іздейді.



 

 

 



 

Әр оқушы берілген тапсырма бойынша ойлау қабілеттеріне байланысты өздерінің кез-келген модельдерін шығару.

 

 

 



 

 

 



 

Смайликтер арқылы бағалау



 

 

Қорытынды

 

 


Тест

/Бекіту / 

 

Бағалау

 

Үйге тапсырма

Модельдеуді оқып келу. Өз өмірлерімен байланыстырып, кез-келген модель жасау.

 

«БББ»

/Керібайланыс/

 

 



 

Бағалау

 

Сабақты аяқтау



Оқушылар тест жұмыстарын орындайды.

 

Бүгінгі сабақ бойынша өз-өзін басбармақ арқылы бағалайды.

 

Күнделіктеріне жазып алады.



 

 

Сабақ бойынша өз ойларын қорытындыларын



«БББ» керібайланыс парақшаларына түсіреді.

 

Бағалау критерий парақшаларына бағаларын толықтырып түсіреді.



 

 

 

 

Каталог: uploads -> doc -> 0001
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0001 -> Бағыттары Тақырыбы Түрі
0001 -> Жас батаниктер (сабақтан тыс іс-шара)
0001 -> ТҮсінік хат жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Химия» оқу пәні «Жаратылыстану» білім саласына жатады. Химия пәнін негізгі орта білім деңгейінде оқыту негізгі орта білім оқу бағдарламасы түрінде жүзеге


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет