Сабақтың тақырыбы: ms word мәтіндік редакторына графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру



Дата11.07.2017
өлшемі66,67 Kb.
#21109
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

А.Т.Ж

Тулепбергенова Айгерим Клышевна


Пәні: информатика

Сынып: 6 а

Күні: 23.02.2016

Сабақтың тақырыбы:

MS Word мәтіндік редакторына графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру.

Мақсаты:


MS Word мәтіндік редакторында еркін жұмыс жасап, графикалық объектілерді мен көркем жазуларды кірістіруге, оларды пішімдеуге үйрету.

Оқыту нәтижесі:

  • Word-қа обьектілер қояды, көркем жаза алады.

  • Достарымен еркін қарым-қатынасқа түседі.

  • Өз ойын қорғай алады.




Мақсатқа жету:

Оқушылар Word мәтіндік редакторында объектілерді және көркем жазуларды үйренеді, ойлау қабілеттерін дамытады, шапшаңдыққа дағдыланады.


Әдіс-тәсілдер:

«Тест әдісі», «Ойлан, жұптас талқыла», «Insert әдісі», «Бес саусақ» әдісі.

жеке-жұптық-топтық-ұжымдық




Дерек көздері:

Интербелсенді тақта, таратпа тапсырмалары, слайд, таудың суреті, компьютерлер

Е.Қ. Балапанов, Б. Бөрібаев «Информатикадан 30 сабақ» Алматы 2002 ж.

Н.Т. Ермеков, С.П. Давиденко «Информатика» әдістемелік нұсқаулық 8–сынып




Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Формативті

Суммативті

Сабақ кезеңдері
1-кезең.

Қызығушылықты ояту:

3 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі:

Интерактивті тақтадан жас ерекшеліктерін ескере отырып, сергіту сәтін көрсетемін.

Топқа бөлу: «Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру» деген сөйлемді оқушы санына байланысты буындарға бөлдім.


Оқушылар мұғаліммен амандасып, ортаға шығып шаттық шеңберге тұрады.

Іс-қимылдарды қайталайды.

І- топ: Графикалық объектілерді және деген сөздерді құрастырды.

ІІ-топ: көркем жазуларды кірістіру деген сөздерді құрастырды. Нәтижесінде жаңа сабақтың тақырыбын анықтады.

Оқушылар күн ретін, жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.








Интерактивті тактада слайд

2. Үй тапсырмасын тексеру

7 мин

.Тапсырма №1

Өткен тақырып бойынша ИТ арқылы

6 сұрақтан құралған тест аламын.

Тапсырма №2

ИТ-да оқушыларға слайд арқылы әртүрлі қаріптермен жасалған, жазулардың үлгісін көрсетемін.Оқушылар сөздірдің қандай шрифта жазылғанын айтады



Әр оқушы тестке жауап береді.

Тестің дұрыстығын оқушы интерактивті тақтададағы дұрыс жауаптарымен салыстырып, өзі тексереді.


Оқушылар сұрақтар бойынша ойланып, өз ойларын айтады.




Өзін –өзі бағалау әдісі

Интерактивті тактада слайд

2-кезең

Мағынаны ажырату:
10 мин

«Ойлан, жұптас талқыла» атты тәсіл қолданамын. Диалогтік сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін бақылаймын және бағалау парағына белгілеп отырамын.

Төмендегідей сұрақтар қоямын:

1. Тақтадан не көрдіңдер?

2. Графикалық обьектілер мен көркем жазулар не үшін қажет, маңызы неде?

3. Компьютерде көркем жазулар мен графикалық обьектілер қалай жасалады ? Қандай қадамдар жасаймыз?

4. Бұл шешімге қалай келдіңіз, тәртібі бар ма?

5. Қалай дәлелдей аласыз? Тәжірибе арқылы жасап көрсет

Тапсырма№3

Мәтінмен таныстыру.

Оқушылар бүгінгі жаңа сабақты Insert әдісімен оқуды ұсынамын.

Word-қа көркем жазуларды қалай енгіземіз? Орындалу реттілігін интерактивті тақтаға жазып дәлелде.

Командалар тізбегін жаз.

Word-қа автофигураларды қалай қоямыз?

Командалар тізбегін интерактивті тақтаға жазып көрсет.


Оқушылар сұрақтар бойынша ойланып, өз ойларын айтады.

Содан сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтын мақсатын айқындайды.

Қойылған әрбір сұраққа оқушы өз ойлары мен пікірлерін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) талқылайды, пікірлеседі.

Әр топ кезегімен ортақ тізімге бір-бір сөзден қосып, тізбек құрады.

Оқушылар жаңа сабақты өз бетімен оқып, топта талқылап, ортақ шешім шығарады. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып интерактивті тақтаға орындалатын тізбекті жазып көрсетеді.


«2 жұлдыз, 1 тілек»

«Бағдаршам»





Дәптер, қалам

Флипчарт, түрлі-түсті маркер, түрлі-түсті карандаш, стикер



3-кезең. Ой- толғаныс:

(бекіту)

10 мин

Тапсырма №4

Жас ерекшеліктерін және қабілеттілік қасиеттерін ескере отырып, үлестірме жұмыстар таратамын.

Жаңа тақырып бойынша деңгейлік тәжірибелік тапсырмалар беремін.


Міндетті деңгей

Жаңа тақырыптың атауымен рефераттың бірінші бетін жаса.



Лайықты деңгей

Өз хабарламаңды құрастыр!



Жоғарғы деңгей

«Болашақ мамандығым» атты шағын эссе көркемдеп жаз!



«Тірі суреттер»







4 кезең Қорытындылау Рефлексия

5 минут

«Бес саусақ» әдісі арқылы

1. Бүгінгі сабақты қаншалықты ұқтым?

2. Не ұнамады?

3. Маған сабақта ұнады

4. Маған бүгінгі сабақта көмектесті

5. Бүгінгі көңіл күйің


Оқушылар ақ қағазға қолдарын салып, саусақтардың ішіне сұрақтарға жауап жазады Сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтаға іледі.







Рефлексия стикерлері

Интерактивті тактада слайд



5- кезең

Үй тапсыр

масы:

1 мин


Суреттер мен жазуларды пішімдеу жайлы оқып келу. Сканер арқылы өз суретін компьютерге енгізу және керекті суреттерді флэшкаға басып әкелу.

Үй тапсырмасын жазып алады.












Бағалау

2 мин

Табыс критерийлері бойынша бағалаймын.

Бағдаршам арқылы бағалаймын.



Бағаларын күнделікке қойғызады.










Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет