Сабақтың тақырыбы: Нан тағамдары Сабақтың мақсаты



Дата02.04.2018
өлшемі33,55 Kb.
#40033
түріСабақ
Талғар қаласы Абай атындағы №3жалпы білім беретін орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Игманова К.А.

7 сынып: Қазақ тілі



Сабақтың тақырыбы: Нан тағамдары

Сабақтың мақсаты:

1) Нанды қастерлеуге, ас атасы – нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарқанға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.


2) Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушының дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту, сөз тіркесін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру 
3) Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: дәстүрлі 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сөйлесу, сұрақ-жауап 
Қолданылатын көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта 
Жұмыс түрлері: жазбаша, ауызша 
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі: 
1.Сәлемдесу. 
I I  Үй тапсырмасын тексеру:

1) «Қазақша ет» - шағын шығарма жазу

2) диалог құрастыру

3) мәтінді мазмұндау



III Сабақтың мақсатын айту

IV Жаңа тақырып

Біз бүгін «Ас – адамның арқауы» деген қазақтың мақалына сүйене отырып, қазақтың ұлттық дастарханына қонаққа келіп отырмыз. Қазақтың киелі ақ дастарқаны біздің алдымызға жайылып, тағамдарын сыйлап тұр. Бірақ бұл дастарқанға отыру үшін біз жұмбақ шешуіміз керек. 
1. Дәмді - дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. /Дастарқан/ 


2. Бір күнде үш байиды,

Үш жұтайды. /Дастарқан

“Қуыршақ пен бауырсақ” атты шағын көріністі тамашалайық.

Автор: 
Дастарханда шашылып 
Жатты аппақ бауырсақ 
Бауырсаққа қызығып 
Қарап тұрып көзін сап. 
Қуыршақ 
-Қайдан келдін бауырсақ?

Бауырсақ 


-Дүкеннен келдім нан сатқан 
-Наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ 
-Наубайға келдін қай жақтан? 


-Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ 


Диірменнен келдім ұн тартқан 
Даладан келдім жан-жақтан. 
Жер-анам менің көсілген 
Дихандар мені өсірген 
Арғы жағым ақ бидай 
Жесең өзің байқарсың 
Рахметіңді айтарсын .

Жаңа сөздер

  • Домалақ-круглый

  • Сақталу-храниться

  • Күлше-лепешка

  • Ашытқы-дрожжи

  • Өсімдік майы-растительное масло

  • Сүйсіне-с удовольствием

Бауырсақ

Бауырсақ- халықтың тым ертеден келе жатқан ұлттық тағамы. Бидай ұнын ашытып ұзынша немесе домалақ үлгіде дайындап, майға қуырып пісіреді. Бұл басқа нан тағамдарына қарағанда дәмді әрі көп сақталады. Қатып қалғанын да сүтке, шайға салып жесе, дәмі өзгермейді. Бауырсақ – қазақ дастарқанының ажары. Адам оны сүйсініп жейді.



V Бекіту

  • Бауырсақ қандай тағам?

  • Бауырсақты қалай пісіреді?

  • Бауырсақ ненің ажары?

Сөйлемдерді талдау.

1)Құймақ өте дәмді және денсаулыққа пайдалы тағам.

2)Бауырсақ- қазақ дастарқанының ажары.

2-тапсырма

Керекті әріптерін қойып жазыңдар.


  1. Күлше – наннан жасалатын таға...

  2. Кей жерде тоқаш деп атайд...

  3. Қамырды қатты илеп, домалақтап қызуы мол қоламтаға көм...ді.

  4. Ол 15-20 минутта пісіп шығад...

  5. «Күлшелі бала сүйкімді» деген м...тел осыдан шыққан.

3-тапсырма. Сөздердің сөз құрамын анықтау.

Бауырсақтың, қонақтарға, тағамдарының, сыйлы, ашады, тұздалған, келетін.



VI. Сабақты қорыту.

Соғымға нелер сойылады?

Ұлттық тағамдарды ата

Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Үстеу деген не?

Шылау деген не?



VII. Үйге: әңгімелеу.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет