Сабақтың тақырыбы: «Наурыз мерекесі»



Дата06.07.2018
өлшемі15,21 Kb.
#47974
түріСабақ
I. Сабақтың тақырыбы: «Наурыз мерекесі»

II. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Наурыз мерекесі жайлы түсінік беру; наурыз мерекесіне арнап сурет салу.

ә) дамытушылық: Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, сурет салу қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

б) тәрбиелік: Ұлттық мерекелер, салт-дәстүрге тәрбиелеу; эстетикалық талғамын арттыру.

III. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап.

IV. Сабақ типі: жаңа білім беру сабағы.

V. Сабақ көрнекілігі: слайдтар.

VI. Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма – ою-өрнек түрлерін бейнелеу.

Оқушылардың жұмыстарын тексеру, талдау жасау.Бағалау.




  1. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбын баяндау.

Наурыз айы – көктем айының алғашқы айы.

Наурыз – жыл басы, жаңа жыл.

Ертеден ерте Наурыз – жылдың басы,

Жарасқан келбетіне нұр тұлғасы.

Сыр шертіп, шаттық құйып жүректерге,

Сұлу жыр, әсем ән боп сыңғырлашы.

«Наурыз» парсы сөзі, қазақша «жаңа күн» деген мағынаны береді.

Қазақ халқы жаңа жылды таңғы сағат 3-те қарсы алған. Халық нанымы бойынша көктен жауған нұр жерге Қызыр баба кейпінде түскен. Қызыр бабаны «Самалық» айтумен қарсы алған.

«Самалық, самалық,

Көк құс көзін ашты ма?

Аяғын жерге басты ма?

Самалық, самалық,

Самарқанның көк тасы,

Жібіді ме, көрдің бе?

Самалық, самалық,

Қап тауының көк құсы

Жүгірді ме, көрдің бе?

Қызыр түні:

Қызыр баба «қараңғы емес, жарық үйге енсін» деп, «жалғыз шала сәуле болмас» деп, үй ішінің қақ төріне қос шырақ жағылған.

«Береке басынан басталады» демекші, Қызыр баба мұнтаздай таза үйге кірсе, отбасы ауру-сырқау, дау-дамай, дерт, пәле-жаладан жыл бойына аман болар деген сеніммен жихаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылған.

«Жыл басы жақсы басталса, онда аяғы да жақсы аяқталады», «Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын» деп, дәннен (қуырған бидай, тары, жент, арпа, сұлы, жүгері, бауырсақпен, т.б.), ақтан (сүт, шұбат, айран, шалап, уыз, ірімшік, құртпен), қызылдан (піскен қазы, қарта, жал-жая, шұжықпен, т.б.) «ас та көк, шаш та төк» дастархан жайған.

Жеті түрлі дәмнен: соғымнан қалған ет, қойдың басы, сүт, тұз, сүзілген құрт, бидай (тары, күріш) пияз және сәбізден қазан толы Наурыз көже пісірілген.

Ұлыс таңы:

Елімізде қалыптасқан дәстүр бойынша Ұлыс таңын:

«Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өрістен.

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен» - деп жаңа күнді халқымыз көрісумен бастаған.


  • Жастарың құтты болсын!

  • Ұлыс бақты болсын!

  • Төрт түлік ақты болсын!

  • Ұлыс береке берсін!

  • Пәле-жала жерге енсін! – деп бір-біріне ақ тілегін

білдірген.

Сәскеде ер адамдар қолдарына кетпен, күрек алып, бұлақ-бастаулардың көзін ашқан. Қариялар бұлақ басына тал еккен. Әжелер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, «Армысың, қайырымды Күн-Ана!» деп иіліп сәлем берген.

Түс ауа Наурыз тойы ұлттық ойындар мен ақындар жыр-айтысына, ән мен биге ұласқан. Кешке алтыбақан жанында жастар бас қосқан.

Ұлыс күні қойдың басын сол ауылдың ақсақалы мүжіген, ал жастары «жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» деп, наурыз көжеден тоя ішкен. Көже ішіліп болған соң, қариялар қолын жайып:

«Бақытты ас берсін,

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын,

Қыруар малың өріске толсын,

Дәулетің асырсын,

Дұшпаның басылсын,

Менің берген бұл батам,

Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам» - үй иесіне батасын берген.

4. Өзіндік жұмыс.

Оқушыларға тапсырма беру – Наурыз мерекесіне арнап сурет салу.
VII. Сабақты қорытындылау.

Балалар бүгінгі сабақта наурыз мерекесі жайлы, салт-дәстүр туралы көптеген мағлұматтар алдық.

Сұрақтар:


  • «Наурыз» сөзі қандай мағына береді?

  • Самалық деген не?

  • Қандай тағам дайындалады?

  • Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады?

Оқушы жұмыстарына талдау жасау. Үздік жұмыстарды мадақтау.

Оқушыларды бағалау.

IX. Үйге тапсырма беру.



Жұмысты аяқтап келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0b35
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b35 -> Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға арналған сурет салу ережесі. Сабақтың мақсаты
0b35 -> Мектептегі тәжәрибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға рефлексивтік есеп
0b35 -> The Kazakhstan State Museum of Arts Қазақстан Мемлекеттік өнер музейі
0b35 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның болашағы білімді ұрпағында Мақсаты
0b35 -> Сабақтың тақырыбы Презентация. Мультимедиялық презентация конструкторы. Программа интерфейсімен танысу
0b35 -> Сабақтың тақырыбы: §10 Жұлдызды аспан және жұлдыздар арқылы бағдар жасаудың негізгі принциптері
0b35 -> Сабақтың әдісі «Ой қозғау»стратегиясы,топтастыру,топтық жұмыс. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет