Сабақтың тақырыбы Негізгі генетикалық ұғымдар. Мендель заңы және оның тәжірибелері Мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі22,97 Kb.
#54948
түріСабақ

9 сынып.

Сабақтың тақырыбы

Негізгі генетикалық ұғымдар. Мендель заңы және оның тәжірибелері


Мақсаты:

  • Білімділік: тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары туралы, генетикалық негізгі ұғымдар туралы білім беру.

  • Тәрбиелік: генетиканың жанашырлары болған ғалымдардың есімдерімен таныстыру (Г.Мендель, Т.Морган, Г. де Фриз, Э.Чермак, Р.Пэннет, т.б.), олардың еңбектері мен тәжірибелерін бағалай білу.

  • Дамытушылық: генетикадан есеп шығаруға үйрету.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, жаттығу

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастырушылық кезең (2 мин.)

  1. Мұғалім оқушылармен амандасады, олардың бар-жоғын белгілейді;

  2. Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

- Үйге алдын ала берілген тапсырма бойынша Г.Мендель өмірбаяны оқылады.2 мин

ІІ Жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин.)
Мұғалім: эволюция заманының әрі қарай дамуына байланысты генетика және селекция ғылымдары 20-30 жылдары Совет Үкіметі кезінде қайта дами бастады.

Жалпы генетика дербес ғылым ретінде биологиядан ағылшын ғалымы Бэтсонның ұсынысы бойынша 1907 жылы бөлініп шықты. Генетика деген атауды да осы ғалым ұсынған.

Ұрпақтың өз ата-тегіне тартып тууы өте ертеден белгілі болатын. Алайда ХІХ ғасырға дейін бұл құбылыс зерттелмей келді. Бұл жағдай сол кездегі биология ғылымының өте нашар дамуына байланысты еді. Бірақ, көптеген ғалымдардың тәжірибелері мен еңбектерінің арқасында генетика 1964 жылы қайта дами бастады (қосымша).

Генетика дегеніміз – белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым.



Мұғалім: Сондықтан бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Мұғалім: Гентиканың ғылым ретінде негізін салушы Грегор Мендель. Балалар, сендердің ойларынша неліктен өзге зерттеушілердің зерттеулерде жолы болмады? Осыған жауапты оқулықтың 179 бетіндегі 2 абзацты оқып шығыңдар.

Оқушылар: § 22-23 – тің 99-100 бетін оқып шығады.

Мұғалім:

  1. Балалар, сендердің ойларынша генетика ғылымның қай салаларымен байланысы бар деп ойлайсыңдар?

  2. Осы тақырыпта қандай жаңа сөздерді (ұғымдарды) кездестіріп отырсыңдар? Олар туралы бұрыннан естулерін бар ма? Оларды тереңдей білу үшін қазір мынадай сөздікті дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Тұқым қуалаушылық – тірі ағзалардың табиғи қасиеттерін, белгілерін өздеріне ғана тән биосинтезін және зат алмасуды ұрпақтан-ұрпаққа беріп, қайталануы.

Ген – бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі.

Генотип – бұл генетикалық есептерде АА,Аа немесе аа әріптерімен белгіленетін таңбалы ағза гендерінің жиынтығы.

Фенотип – бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы. Фенотипті генотиптің көзге көрінетін кескіні деуге болады.

Аллель – сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы белгілерінің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы (сары, жасыл түс).

Гетерозигота – жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын ағзалар.

Гомозигота – генотипінде тек бір іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иелері.

Мұғалім:Генетиканың негізгі ұғымдарымен қатар, генетикалық есептерді шығару үшін онда тұқым қуалаудың негізгі заңдары қолданылады. Бұл заңдарды түрлі тәжірибелер арқылы Грегор Мендель ашқан. Өз тәжірибелерінің зерттеу зерзаты ретінде ол асбұршақты пайдаланған. Неліктен?

Оқушылар: 101б ,35,36 суреттерді талдайды

Г.Мендельдің генетика ғылымына сіңірген тағы бір еңбегі, белгілерді басқаратын нәсілдік қасиетті (генді) шартты түрде әріппен белгілеуді ұсынды.

Р  - ата-ене дарақтары

♂ - еркек дарағы (Марстың астрономиялық белгісі)

♀-  әйел дарағы (Шолпанның астрономиялық белгісі)

х –  дарақтар арасындағы шағылысты белгілейтін белгі

F –  ұрпақтар

А – доминантты белгі

а - рецессивті белгі

Бұл белгілер генетикада есеп шығаруда қолданылады. Сонымен қатар генетикада есеп шығарған кезде моногибридті будандастыру (ата-енелер формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру) және дигибридті будандастыру (екі жұп белгілерінде айырмашылық болатын шағылыстыру). Дигибридті будандастырған кезде Пэннет торкөзі қолданылады.



Мұғалім: интерактивті тақтадан моногибридті және дигибридті будандастыруға мысал көрсетеді. Моногибридті будандастыру дегеніміз - ата - аналары бір жұп белгілері бойынша ажыратылатын дараларды будандастыру.
Будандастыру нәтижесінде бірінші ұрпақта алынған будан өсімдіктердің барлығының тұқымдары сары түсті болып, бірде - бір жасыл түс көрінбеген. Олай болса, ата - аналық екі іріктеменің тек біреуінің ғана белгісі жарыққа шыққан. Бірінші ұрпақта бірден көрініс берген мұндай белгіні Мендель доминантты, ал көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атады.
Бұл тәжірибедегі тұқымның сары түсі доминантты, ал жасыл түсі рецессивті белгі.
Әрдайым бірінші ұрпақта әр жұп белгінің біреуі ғана көрініс берген, бұл құбылысты
Біркелкілік ережесі немесе Мендельдің бірінші заңы деп аталады.
Мендель тәжірибені одан әрі жалғастырып, осы бірінші ұрпақтың сары тұқымдарын келесі жылы қайта егіп, оларға өздігінен тозаңдану жүргізген. Күзде пісіп жетілген екінші ұрпақтың өсімдіктерінен барлығы 8023 тұқым жиналған. Сары тұқым - 6022,
ал жасыл тұқым - 2001болған. Есептегенде барлық тұқымның 3 бөлігі сары, ал 1 бөлігі жасыл түсті. Бірінші ұрпақта көрінбей қалған жасыл түс жасырын күйде болып, екінші ұрпақта шыққан. Доминантты және рецессивті белгілердің арақатынасы 3: 1. Осы құбылысты Мендельдің екінші заңы немесе белгілердің ажырау заңы деп аталады.

ІV Бекіту (9 мин.)

Мұғалім: жаңа тақырпты ойдағыдай түсіну үшін, қазір тақырып соңындағы (§ 22-23,105 бет) генетикалық есепті шығарып көрейік.

* Егер сұр түс ақ түстен басым болса, онда төмендегі шағылыстырулардан қандай ұрпақ күтуге болады:



  1. гетерозиготалы сұр аталық және гомозиготалы ақ түсті аналық;

  2. екі ақ түсті ата-ене;

  3. ата-ененің екеуі де сұр түсті, олардың біреуі – гомозигота, екіншісі гетерозигота бола ала ма?

Ақ түсті ата-енелерден сұр түсті ұрпақтардың тууы мүмкін бе?

Сұр түсті ата-енелерден ақ түсті ұрпақтардың тууы мүмкін бе?

Нақтырақ ойлан!
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
2. Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
3. Генетика терминін енгізген ғалым?
4. Тұқымқуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін кім қалады?
5. Мендель зерттеу жұмыстарына не себепті бұршақ өсімдігін алды?

Тест.
1. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеген кезде Г. Мендель


қандай тәсіл қолданды?
А) гибридологиялық
Б) Биохимиялық
С) цитологиялық
2. Мендель бұршақтың 34 сортынан белгілері айқын неше сортын алды?
А) 21
Б) 22
С) 30
3. Мендель өз еңбегін қай жылы жариялады?
А) 1862
Б) 1863
С) 1865
4. Генетика терминин кім ұсынды?
А) Г. Мендель
Б) У. Бэтсон
С). Н. Вавилов
5. Генетика ғылымы зерттейді?
А) сұрыптауды;
Б) эволюцияны;
С) тұқымқалаушылық пен өзгергішлтікті.
6. Мендельдің екінші заңы қалай аталады?
А) Тәуелсіз ажырау заңы;
Б) Ажырау заңы.
С) Біркелкілік заңы
7. Басым белгі қалай аталады?
А) рецессивті;
Б) доминантты;
С) басыңқы
8. Мендель қандай өсімдікке тәжірибе жүргізді?
А) бұршақ;
Б) қызан;
С) намазшамгүл
9. Мендельдің бірінші заңы қалай аталады?
А) Тәуелсіз ажырау заңы;
Б) Біркелкілік заңы;
С) Ажырау заңы.
10. Көрінбей қалған белгі қалай аталады?
А) рецессивті;
Б) доминантты;
С) аллельді

Тест жауаптары:


1. А, 2. Б, 3. С, 4. Б, 5 С, 6. Б, 7. Б, 8. А, 9. Б, 10.

Сәйкестендір тестісін орындау



Логикалық есептер беру

  1. Үйге тапсырма (2 мин.) § 22-23 оқу.

  2. § 22-23 кейінгі А,В,С деңгейлік тапсырмаларын орындау.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет