Сабақтың тақырыбы: Нысанбай жыраудың өмірі мен жыраулық өнері. «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі61,93 Kb.
#25569
түріСабақ
Пәні: әдебиет

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Нысанбай жыраудың өмірі мен жыраулық өнері.      «Кенесары — Наурызбай» дастаны

Сабақтың мақсаты:

білімділік: ұлт-азаттық қозғалыстың жыршысы Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнерін терең түсіне білуіне, тарихи шындықты тануына мүмкіндік туғызу;

дамытушылық: ізденіс жұмыстары арқылы өзіндік ой-пікірлерін еркін айтуға дағдыландыру, шығармашылық қасиеттерін шыңдауға жағдай жасау;

тәрбиелік: тарихи тұлғалардың елі үшін жасаған ерліктерін дәріптей отырып, елінің адал азаматы, патриоты болуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабаты меңгеру.

.Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, топтастыру, жинақтау.



Сабақтың көрнекілігі:  қосымша мәліметтер, пікірлер,  оқулықтар;

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшімен тілдесу;

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Ой тастау.

Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тігіп құрбан болған қазақтың соңғы ханы – Кенесарының өкінішті қазасы  екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел-жұртын күңірентіп келеді. Хан Кененің қалдырған іздері —  шайқас жерлер, жер атаулары, жырлар. Сондай тарихи жыр – Нысанбай жыраудың «Кенесары — Наурызбай» дастаны. Патшалық Ресейдің, одан кейінгі Кеңес өкіметінің тоталитарлық саясатының ықпалымен Кенесары, Наурызбай көтерілісі де, оның жыршысы Нысанбай да тарихтан алынып тасталды. Заман өзгерді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді. Тарихымызға да көзқарастар өзгерді. Қазіргі таңда қазақ халқының тәуелсіздік үшін елін, жерін қорғап, қолына қару алып күреске шыққан хандар да, батырлар да, ақындар да тарихқа қайта оралып, өз бағасын алуда.

Сондай тұлғаларымыздың бірі аумалы-төкпелі заманды басынан өткерген жырау Нысанбай Жаманқұлұлы бүгінгі сабағымыздың негізгі арқауы болмақ.

ІІ Үй тапсырмасы

Махамбет Өтемісұлын әңгімелеу;



І топ «Ізденушілер» ( Н.Жаманқұлұлының өмір жолы)

ІІ топ «Әдебиетшілер» (Жыраудың шығармашылығы)

ІІІ топ «Жыраулық дәстүр» (Жыраулық өнер және Нысанбай Жаманқұлұлы)

ІІІ Жаңа сабақ.

Сабақтың айдары:

Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы – Нысанбай жырау (М.Әуезов)



Мұғалім сөзі:Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Нысанбай жырауды «Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы» деп атады. «Қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының ортасында болған ақын дастанды шындыққа ғана құрып, кестелі тілмен суреттей жазған. Кенесары- Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес», — деген болатын. (Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл).

Өзінің талантымен Кенесарыны тәнті еткен Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көтеріліс 1847 жылы жеңіліс тапқанға дейін онымен бірге болды. Нысанбай – өзінің жырымен жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс негізінде қолына найза алып, ұрысқа қатысқан жауынгер – жыршы.



Сұрақтар:

  1. Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.

  2. Дастан неліктен «Кенесары — Наурызбай» деп аталды?

«Қазақтың соңғы ханы», «Жеңіліс тапқан көтеріліс» емес.

3.Нысанбай жыраудың басқа туындылары халқымен қайта табысуы мүмкін бе?Кенесары — Абылайдың немересі. Әр кезде қазақ хандарының сенімді кеңесшісі, данагөй, ақылгөй жырауы қасында болған. Кенесарының атасы Абылайдың ақылшысы Бұқар жырау болса, Хан Кененің сенімді серігі, жақсы көрген ақыны Нысанбай жырау болды. Екі жырау да сол кездегі хандарымен бірге аумалы-төкпелі заманды басынан өткізді. Салыстырып көрелік.



«Ізденушілер» Нысанбай жырау мен оның дастаны жөніндегі деректермен таныстырады.Нысанбай жыраудың өмірі мен шығармашылығы.

Өмір сүрген кезеңі мен ортасы

Атқарған қызметі


шығармалары

«Әдебиетшілер»:«Кенесары Қасымұлы – аса көрнекті мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы»

Өнер танушылар: «Кенесары бейнесі әдебиет пен өнер туындыларында» тақырыбында зерттеулерінің нәтижесімен таныстырады.



Кенесары мен Наурызбай әдебиет пен өнер туындыларында

Шығармалардағы Кенесары бейнесі









«Жыраулық дәстүр» (Жыраулық өнер және Нысанбай Жаманқұлұлы

Дастанның жанрлық ерекшелігін, поэтикалық тілін талдау.



Жырдың жанрлық ерекшелігі, поэтикалық тілі

Дәлелдеме

  1. Тарихи жыр

2. Тарихи-реалистік сипаттағы жыр

3. Батырлық эпос үлгісінде жырланған

4. Эпикалық оқиғаға лирикалық сипат берген

5.Батырларды психологиялық жағынан айқын айшықтаған






  1. «Ізденушілер» Кенесары – Наурызбай көтерілісі туралы мәлімет береді.

Қашан ?

Қайда?

Қандай оқиға?

1837 ж. қараша

Ақтауға

шабуыл

1838 ж. 26 мамыр

Ақмолаға

шабуыл

1843 ж. 27 маусым

Көтерілісті басуға

Лебедев отряды жіберілді

1845 ж. сәуір

Кенесары аулына

елшілер кірді

1847ж.

Қырғыз жеріне

Кенесары әскері басып кірді

Көтерілісшілер қырғыз жерінде … (сол жердегі көтерілістің барысы бойынша түсінік беру)

  • Сонда дастанның басты кейіпкері кім?

«Әдебиетшілер» дастаннан дәлелді мысалдар келтіреді.

Дастандағы кейіпкерлер



Лирикалық кейіпкер Нысанбай

Кенесары

Наурызбай

Сабақты қорытындылау. Әр топ жоба-болжам бойынша жұмыс жасады, қорғады. Ғылыми кеңес алдына қойылған проблемалы сұрақтардың жауабын іздеу барысында мақсатына жетті. Қорытындылай келсек, М.Әуезов «Кенесары – Наурызбай» жорығы туралы кейінгі талай ақын талай түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес»деген еді.Хан Кененің қалдырған іздері – шайқас болған жерлер, жер атаулары, жырлар. Сондай жырдың біреуі - Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» тарихи дастаны. Бұл – тарихи таным тұрғысынан да, көркемдік тұрғыдан да құнды туынды.

Бағалау.

Үйге тапсырма. «Жырау сөзі – тарих шежіресі» тақырыбында ойтолғау жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 0448
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0448 -> Дайындаған математика пәнінің мұғалімі: Болат Манат Агрономия орта мектебі
0448 -> ҚАзақ тілін қалай тез үйренуге болады?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет