Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық орындар(театр, кино) Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі187,73 Kb.
#7456
түріСабақ
Күні: 17-18 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық орындар(театр, кино)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша әңгіме, диалог құрастыруға үйрету. Іс жүзінде меңгерген жаңа сөздерді қолдана отырып, сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Тақырып бойынша лексикалық минимумдар арқылы сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Кішіпейілдікке, сый-құрметке тәрбиелеу.

Көрнекілік: кесте, элект.оқу құралдар, үлестірме карточкалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіздің атыңыз кім?

Сіздің тегіңіз кім?

Сіздің аты-жөніңіз кім?

Сіздің ұлтыңыз кім?

Сіз қайда тұрасыз?

Сіздің туған жеріңіз қай жер?

Сіздің туған жылыңыз қашан?

Сіздің туған күніңіз қашан?

Сіз неше жастасыз?

Сіздің аты-жөніңіз кім?
Сіз қай жерде және қашан дүниеге келдіңіз?
Сіздің біліміңіз қандай?
Сіз қайда оқыдыңыз, нені бітірдіңіз?
Сіздің мамандығыңыз қандай?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Анашым» әнін жаттау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Жаңа сөздер.

Ойын-сауық орыны – место развлечений

Ұжымдық өнер көрсету- коллективное представление

Қойылым-постановка

Рөльді ойнау – сыграть роль

Алғашқы қарлығаштар – первые ласточки

Театр мәдениеті – культура театра

Тума талант – врожденный талант

Театр репертуары – репертуар театра

Озық ойлы шығармалар – прогрессивные произведения

Халық әртістері – народные аристы

Ойнаушылар – играющие

Жүзге жуық көрермен – около ста зрителей

Негізделу – основываться

Сахна- сцена

Өнерпаз – мастер, умелый

Жоғары баға беру – дать высокую оценку

Бой көтерген – построенный

Ұсыныс – предложение

Жүлденің иегері – овладатель приза

Туынды – произведение

Заңғар – высочайший

Ең үздік – самый выдающийся

Көрермен - зритель

ІҮ.ОҚЫЛЫМ

1-тапсырма. Мәтінді оқып танысыңыз, орыс тіліне аударыңыз.






Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры

Қостанай облыстық қазақ драма театры – Ә.Кекілбаев пен С.Жүнісовтың пьесасы бойынша қойылған «Аблай хан» қойылымымен 2000 жылы 14 қыркүйекте ашылды. Театр үш рет республикалық фестивальға қатысып, өз өнерін көрсетті. Сахна шебері Қоныспек Бегайдаров Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай Петропавл қаласында өткен ІХ республикалық фестивальда «Аблай хан» пьесасындағы Қалдан Серен рөлі мен заңғар жазушы Ғ.Мүсіреповтың 100 жылдығына арнап өткен Х фестивальда «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» пьесасындағы Қарабайды ойнағаны үшін «Ең үздік ер адамның образы» жүлдесін жеңіп алды. Махамбеттің 200 жылдығына байланысты Орал қаласында өткен ХІ республикалық фестивальда сахна шебері Асылболат Исмағұлов «Ең үздік Махамбет» жүлдесінің иегері атанды.

Театр өз тарихында 364 рет спектакль қойып, 90938-ге жкық көрерменге қызмет көрсетті. Солардың ішінде ауыл аралап, гастрольдік сапарда қойылғаны 73. Бүгінде театрда 25 әртіс өнер көрсетсе, шаруашылық топта 60-қа жуық адам жұмыс істейді.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қостанай облыстық драма театры қашан ашылды?

2. Қандай қойылыммен ашылды?

3. «Ең үздік ер адамның образы» жүлдесін кім жеңіп алды?

4. Сахна шебері Қоныспек Бегайдаров қандай рөлдерді ойнады?

5. «Ең үздік Махамбет» жүлдесінің иегері кім?

6. Театр өз тарихында қанша спектакль?

7. Театр өз тарихында қанша спектакль қойды?

8. Театрда қанша әртіс өнер көрсетеді?


Ү.ЖАЗЫЛЫМ.

Сөз тіркесі (Словосочетание)

Сөз тіркесі дегеніміз – толық мағыналы екі немесе бірнеше сөздің бір-біріне мағыналық жағынан бағына байланысуы. Басыңқы сөздің қай сөз табынан жасалуына қарай сөз тіркесі есімдік тіркес, етістікті тіркес болып жіктеледі.

Сөз тіркесі (Словосочетание)- эта связь двух или нескольких полнозначных слов, связанных по смыслу и грамматически. В зависимости от того, из какой части речи образовано главное слово словосочетания, бывают следующие виды данной единицы: именные и глагольные.

1. Есімдік тіркес

Мысалы: Жақсы маман./Хороший специалист/

Биік ғимарат. /Высокое здание/

2. Етістікті тіркес

Мысалы: Достармен кездесу./Встреча с друзьями/

Хат жазды. /Написал письмо/

1. Есімді сөз тіркесін табыңыз.



  1. Қиын міндет

  2. Міндетті орындау

  3. Кең бөлме

  4. Жеріміз кең

  5. Арманға жету

  6. Жетер жеріміз

  7. Орындалған арман

  8. Бөлме тазартылды

2. Сурет пен берілген сөздерді қатыстырып, есімді және етістікті сөз тіркесін жасаңыз.

Қажетті сөздер: қалың, жарық, қымбат, биік, алды, көрінді, оқыды, сөнді.

Үлгі: жаңа жол.


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



ҮІ.СӨЙЛЕСІМ

3. Сұрақтарға сөз тіркесімен жауап беріңіз.



- Аты-жөңіз кім?

-..................................................................

-Жасыңыз нешеде?

- .................................................................

- Қай жақта тұрасыз?

- .................................................................

- Қайда жұмыс істейсіз?

- .................................................................

- Еңбек өтіліңіз қанша?

-..................................................................

- Қай университетті бітірдіңіз?

- .................................................................

- Отбасыңызда қанша адам бар?

- .................................................................

- Соңғы оқыған кітабыңыз қандай?

-.................................................................

- Авторы кім?

-..................................................................


4. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасап, сөйлем құрастырып көріңіз.

Ойын-сауық, театр, актер, мәдениет, өнерпаз, қойылым, режиссер

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Сұрақтарға жауап беріңіз, өз ойыңызды айтыңыз.


  1. Сіз театрға барасыз ба?

  2. Қандай қойылымдарды тамашаладыңыз?

  3. Театр актерлерінен кімдерді білесіз?

  4. Мәдени орындарға нелер жатады?

ҮІІ.ТЫҢДАЛЫМ.

Тіл құралы А2, 15-18 беттер. №7 диалог.

15.

16.


17.

18.


ІХ. ҚОРЫТЫНДЫ.

6-тапсырма. Сөздерді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.







самый выдающийся




место развлечений




сыграть роль




репертуар театра




коллективное представление




первые ласточки




культура театра




врожденный талант




прогрессивные произведения




дать высокую оценку




около ста зрителей




овладатель приза

7-тапсырма. Берілген филь атауларын суреттермен жұптастырыңыз.

  1. Көксерек.

  2. Алдар көсе.

  3. Шабандоз қыз.

  4. Менің атым Қожа.

  5. Амангелді.

  6. Туған жер.

  7. Қараш-қараш оқиғасы.

Х. Үйге тапсырма. Таран ауданындағы мәдени орындар туралы эссе жазу.
Каталог: download -> version -> 1428906078 -> module
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы
module -> Сабақтың тақырыбы: Біліктілікті жетілдіру курсы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет