Сабақтың тақырыбы: Қоңырау. Н. Әлімқұлов. Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата04.11.2016
өлшемі455,44 Kb.
#288
  1   2   3
Сабақтың тақырыбы: Қоңырау. Н. Әлімқұлов.

  Сабақтың мақсаты:

   Білімдік: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі бала сезімдерін байқай білуге, өздік жұмыстар арқылы өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру.

   Дамытушылық: шығармашылық ішкі мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туғызу.

   Тәрбиелік: әдемілік пен өмір заңдылығының қарым-қатынасын түсінуге бейімдеу.

   Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: топтау сызбасы, интерактивті немесе кәдімгі тақта, бор, маркер, әдемі қоңыраулар.

   Сабақтың барысы:

   1. Қызығушылығын ояту.

   а) Балалардан қоңырау сөзін естігенде қандай ой (ассоциация) келетінін сұрау.

   Немесе:

   ә) Қоңырау сөзімен бірнеше сын есімді сөз тіркестерін жазу.

   Мысалы:

   а) Оқушылардың жазғандарын оқытып, талдап болған соң, олардың қоңырауға деген сезімдері туралы жылы лебізді сөз айта келіп, жаңа сабақ тақырыбы хабарланады.

   2. Мағынаны тану.

   Оқушылар оқулықты ашып, Н. Әлімқұловтың «Қоңырау» өлеңін іштей оқиды.

   Өлеңді оқып, мазмұнын түсіну және әр шумаққа ат қою тапсырылады.

   Сонымен өлең мазмұны бойынша жоспар шығады. Жоспардың қалай шыққандырын байқатып, оны құрастырудағы оқушылардың жұмыстары талданады.

   Сұрақтар:

   - Өлеңде мерекелік қуаныш, сағыныш, құрмет сезімдері қай шумақтардан байқалады?

   Оқушылар өлеңге қайта қарап, талдауға дайындалады.

   - Алғашқы қоңырау мерекесі тіркесіне синоним сөз тап (Білім күні.).

  - Қоңыраудың мектепке қалай келгендігі туралы не білесің? Өз ойыңды айтып көр (болжау).

   - Қоңырау тағы қандай жағдайда қолданылады? (Күймелі ат арбада, жануарлардың мойнында, шіркеулерде.)

   - Қоңырау даусы тілінің қозғалуынан шыға ма әлде қоңыраудың өзінің қозғалуынан шыға ма? (Ойлануға).

   Қосымша мәлімет.

   Қоңырау  металдан жасалған, дыбыс шығаратын аспап. Ол көбінесе қоладан құйылатын болған. Қоңыраудың ішінде тілі бар. Қоңырау қозғалған кезде дыбыс шығарады. Ресей жерінде қоңырау құятын көптеген зауыттар бар. Ерте заманнан осы күнге дейін шіркеуге шақыру үшін қоңырау даусы пайдаланылып келеді.

   Көне Қытайда қоңырау құю дәстүрі болған. Ал жапон, кәріс шеберлері бұл өнерді қытайлардан үйренген. Қытайлықтар қоңырау соғу арқылы күннің шығуы мен батуын білдірген және оқыс оқиғаларға белгі беретін болған.

   - Алғашқы қоңырау мерекесі мен алтын күз мерекесінің қандай байланысы бар?

   3. Ойтолғау.

   а) Бүгінгі мерекелік сәтті қысқаша сипаттап, тақтада өздері жазған тіркестерді пайдаланып, өлеңмен байлапыстыра отырып эссе жазу. Немесе:

   ә) Оқулықтың 5-бетіндегі сұрақтар мен тапсырмалардағы шығармашылық жұмысты орындату. Егер уақыт жетпесе, мысалды үйде аяқтауға да мүмкіншілік бар. Бұл жерде жез қоңырау мен электр қоңырауды салыстырып, мерекеде неліктен жез қоңырау құрметпен соғылатынын, оның дауысы өте жағымды екенін балалар байқамай қалуы мүмкін емес болатындай жағдай жасау.

   Немесе: «. Жез қоңырау зейнеткерлікке шығып, мектеппен қоштасып, соңғы рет бізбен бірге болып еді.



Тақырыбы:  Ы. Алтынсарин. Өнер, білім бар жұрттар

Мақсаты:  Оқушыларға  өлеңді мәнерлеп оқыту, топтық тапсырма беру арқылы өлеңнің идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Өз ойын нақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Сәлемдесу.

Маслоудің қажеттіліктер иреархиясы бойынша бағалау.

1.Белсенділік, әдептілік.

2.Тапсырма орындау.

3.Топтық жұмыс.

4.Жеке жұмыс.

5.Өзін-өзі ұстау әдебі.

 Бейнежазба көрсету.

Бейнежазбадан нені көрдік?

Осылай болу мүмкін бе?

Осы кереметтерді жасау үшін не қажет?

 

Сөзжұмбақ сұрақтарын беру.



 Ы.Алтынсарин кім?          -Шығармаларын ата               -Ол туралы қандай шығарма оқыдық?

-Дала жұлдызы кім?

-Неге олай аталды?

-Қазіргі мыңдаған жұлдыздар кімдер?

-Тағы қандай кейіпкерлер бар?

 

Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңімен танысу.



 Оқулықпен жұмыс.

Өлеңнің бірінші шумағын оқу, мағынасын ашу.

Суретпен жұмыс.

Топтық тапсырма.

1 топ (телефон, хат)

Ғылым мен техника дамыған кездегі тұрмыс заттарын жазу.

2 топ (ат арба, көлік)

Қазіргі заманғы техника түрлерін жазу, қолдану әдісі туралы әңгімелеу.

деп атап көрсетті? 

Кері байланыс.

Дәптермен жұмыс.

Ата-ананың еңбегін, өзіңнің еңбегіңді  жеңілдету үшін не ойлап табар едің?

Бағалау.

Үздік оқушы, белсенді оқушы, топ.

Үйге тапсырма.

Мәтінді мәнерлеп оқу. Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген қазіргі заманғы техника тиімділігі жөнінде әңімелеу. Өнер адамдары туралы мәлімет жинау. Ізгі ниет білдіреді.

Компьютер, көлік,  зымыран, ұялытелефон  суреттерін алып, орнын табады.

Критерийлермен танысады.




Тақырыбы:   Ғабит Мүсірепов. Автобиографиялық әңгіме.   

Мақсаттары:

1.Халқымыздың ардақты Ғабит Мүсірепов туралы жан-жақты мағлұмат беру,оқушылардың білімдерін тереңдету.

2.Оқушылардың сөздік қорын,тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін қалыптастырып,еркін ойлау,ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіріп дамыту.

3. Ғабит Мүсіреповтың өмірін үлгі ете отырып,құрметтей білуге тәрбиелеу.



Көрнектері: портрет,кітап көрмесі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түүсіндіру,әңгімелеу,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап,іздену,жұптық жұмыс

Сабақтың құрылымы:

I.Кіріспе бөлім

1. Ұйымдастыру кезеңі

1 топ «Тапқырлар»

Ұраны-Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

  2 топ «Алғырлар»

Ұраны- Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнін жоқ

2. Сабақтың мақсаттарымен таныстыру

3.Психологиялық  дайындық

-Бір-бірімізді қолымыздан ұстап,алған жылуы арқылы жылы лебіздер тілейік.



II. Үй жұмысын  тексеру  

-Шығармашылық тапсырма

III.Жаңа сабақ

1.      Кесте сызып толтыру

 


Білемін

Білгім келеді

Білдім

 

 


 

 

 

2.      Оқулық бойынша жұмыс бет оқып кестені толтыру

3.       Автобиографиялық әңгіменінің 1 бөлімді  оқу

4.      Талдау

  -Бала қай кезде туды?

-Наурыз ол не?

-Қандай Наурыз өлеңдерді білесіңдер?

- Баланың елі қазақ даласының қандай жағын жайлайтын еді?

-Ол ел қыс айларын қайда өткізеді?

-Ол күні есте  қаларлық қандай оқиға болды?

-Қалжа ол не?

-Қалжа сүйегіне неліктен иттер таласа алмаған

-Баланың аты қалай берілген?

-Баланың есінде нелер қалмаған?

-Баланың шешесі не туралы айтып отыратын еді?

5.       Автобиографиялық әңгіменінің 2  бөлімді  оқу

6.      Талдау

-Әке-шешенің қандай тілегі орындалды?

-Ауыл жазда қай жерді қоныстайды?

-Ауыл қыс айларын қай жерде өткізеді?

-Бес-алты ауыл молданы не үшін жалдады?

-Молданың жылдық еңбегіне не беріледі?

-Ауыл бітір садақасын кім алады?

- «Жұмалық» ол не?

-Молда балаларды әр үйде қанша уақыт оқытады?

-Балалар оқитын мектебі қандай?

       7.   Оқу-білім туралы мақал мәтелдер мен тақпақтарды мәнерлеп оқу

8.Дәптерде жұмыс          5 жол өлең шығару

 Ғабит Мүсірепов

Қайсар,атақты

Туды,өсті,жыламады

Ғабит Мүсірепов  наурызда туды.

Махмұтұлы

IV.  Слайд «Ғабит Мүсірепов» туралы» көру

 V.Үй жұмысы Эссе « Кім болғым келеді?»



VI. Қорытынды. Бағалау

 

 



Тақырыбы:Қадыр Мырза Әли. Ұйқышыл

Мақсаты

Білімділік: Білім алушыларға Қадыр Мырза Әлидің  өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне тоқталып, мағынасын ашып, негізгі идеясын түсіндіру;

Дамытушылық: Білім алушыларды бір - бірімен ауызекі тілде сөйлесуге, қазақ тілінде сауатты жаза білуге, тілдік қорларын дамытуға, негізгі ойды табуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Білім алушыларды Қадыр Мырза Әлидің өлеңдері арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Оза оқыту, СТО технологиясының стратегиясын, АКТ элементтерін пайдалану арқылы түсіндіру

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

«Миға шабуыл»

Қадыр Мырза Әлі

Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетініңфилология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағындапоэзия секциясының кеңесшісі болған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.



Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс



Ұйқышыл
Мысықбайға керегі

Ұйқы ғана дер едік.

Сабақтың да үстінде ол

Қалғып кете береді.

Осылай ол әманда

Қалғып кетер табанда.

Оята алмас келсе де

Өрт сөндіргіш команда!

Қандай ұйқы буды оны,

Ыстық боран, көк долы –

Қай кезде де зауыттың

Оята алмас гудогы.

Ойын да емес – ұраны,

Озу да емес – мұраты.

Оның бүкіл ғұмыры

Түс көруден тұрады.


 

Сергіту сәті

Мақал


Ақымақ күлкіге тоймайды,

Жалқау ұйқыға тоймайды.

Ой сергітеді,шаршағандары

Басылады


Сабақты пысықтау

Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.


1. Кейіпкердің бір күнгі тіршілігін сипаттап айт.
2. Мысықбайды ұйқыдан құтқару үшін қандай айла жасауға болады? Неге?
3. Ақын өлеңде Мысықбайды қандай көңіл күйде жазған? Неге? Дәлелде.

А) Мысқыл мен күлкі;

Ә) Реніш пен уайым.

4. Ұйқышылдық салдарынан адамға келетін зиянды топтастырып жаз.

5. «Ұйқыашар» атты мысал құрастыру үшін болжам жаса:

А) Мысал кейпкерлерін ойлап тап.

Ә) Оқиға орнын ата.

Б)Мысал: күлкілі, аянышты, қорқынышты көңіл күйде жазылады. Астын сызу



Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы: өлеңді мәнерлеп оқып келу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау күлегеш балақайларын кері байланыс парқшаларына жабыстыру

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Әдебиеттік оқу күні -------------

Сабақтың тақырыбы: Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: адам өміріндегі жан-жақты үйлесімділік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.

Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Оқушыларға қойылатын сұрақ:

- Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?

Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтарға бөлініп отырады.



а) Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

2. Мағынаны тану.

Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.

Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.

Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады.

Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтадағы плакат не интерактивті тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы:

- «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?

- «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?

- «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?

- «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?

- «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер).

- «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?

Оқушылармен пікірлесуді өте ұзақ созудың қажеті шамалы.



3. Ойтолғау.

Бұл кезеңнің әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз:



  1. Әр топ өздеріне берілген атпен (сөзбен) байланысты бір-бір сөйлемнен

айтады (6 адам сөйлейді). Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен - еңбек. Спорт - денсаулық кепілі, т.с.с.

  1. Әр топқа өз аттарына байланысты мақал-мәтелдер жазу ұсынылады.

Оқулықтың 11-бетіндегі соңғы сұрақтар бойынша ертегіні ойша жалғастыру немесе жазу. Бұл жерде балаларға зиянды әдеттердің дәлелі көрнекі, анық болу керек.

Түсінбеген сөздермен жұмыс кезінде оқулықтағы сөздікті пайдалануға болады.



Сабақтың тақырыбы: Кітап қадірі М. Әуезов

Сабақтың мақсаты: өлеңнің идеялық мазмұнын өмірмен байланыстыра ашуға жағдай жасау

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: оқушылардың кітап оқу мәдениетімен танысуға жағдай жасау, атақты ғұламалар мен дарынды адамдардың өміріндегі кітаптың рөлі жайылы ақпаратты талдайды;

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: кітапқұмарлыққа, кітаптың пайда болу тарихы мен кітаптың көмегімен өмірлері түбегейлі өзгерген адамдар өмірінен мысал келтіре отырып қызығушылықтарын арттыру, талдау, шығармашылық жұмыстар жасау.

Тұлғалық нәтиже: кітаптың адамның ішкі жан-дүниесін байытатындығын түсінгенін анықтау.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: портрет суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын қорытынды лап өту.

«Өнер-білім бар жұрттар» жаттау



І. Қызығушылықты ояту.

Сандықша,, ойланып тұрған адамның, алтыннан жасалған зергерлік заттар суреттері.

Суретке қарап, не ойлайтындарыңды айтыңдар.

Кітап - алтын сандық:

Іші толған қазына, құт,

Оқы, оқы, ойыңа тұт.


  • Осы айтылған мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Кітаптың адам өмірінде алатын орны ерекше. Бүгін біз адам өмірін кітап қалайша түбегейлі өзгерткенін білеміз. Кітаптың әрқайсымызға не беретіні туралы әңгіме етеміз.

  • Кітап оқып, білім алуға шақырған кімдердің өлеңдерін білесіңдер?

  • Сендерде осы ғұламалардың барлығы ауылдан шығып, алғашқы білімді молдадан алып, кітапқа деген құмарлықтары қалай пайда болды деген ой туды ма?

  • Ендеше , Абай Құнанбаевтың кітапқұмарлық қасиеті қалай пайда болғаны жайлы білгілерің келе ме?

Мағынаны тану.

М. Әуезов пен «Абай жолы » романы туралы қысқаша мәлімет беру.

Сөздік жұмыс.

Зере – әжесі, Ғабитхан – Құнанбай аулының балаларын оқытқан молда, Абай 8 жасынан Ғабитханда оқыған, Ұлжан – анасы, Күнке – Абайдың әкесі Құнанбайдың бәйбішесі

Мәтінді тізбектеп оқу.


  • Абайдың кітапқұмарлығын арттырған не болыпты?

  • Бұл ауылда кітапты қай мезгілде көп оқыған?

  • Мәтіннен ізде, дәлелде: Кітапты көп оқуға не бөгет болды?

  1. Қыстың бітуі. Мал төлдейтін уақыт келді

  2. Кітаптың аздығы

  3. Бар кітаптың өзі қолына тие бермейтін

  • Абай сияқты қаншама ғұламаларымыз өз заманында кітап оқуға құмартқан. Бірақ жоғарыда айтылған себептер бойынша т.б. сол заманғы тәрбие, әдет-ғұрып, тіпті шамның жоқтығынан, майшам, пілте шамның көмегімен көрпенің астына тығылып оқитын болған. Тіпті оқуға рұқсат етілмейтін кітаптар болған.

  • Кітап оқуға қанша уақыт бөлесің?

  • Қай мезгілде оқисың?

  • Оқығаныңды кімге айтасың?

  • Кімнің отбасында кітап оқу үрдіске айналған?

  • Кімнің жеке кітапханасы бар?

Сергіту сәті

Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім,

Кітап көзі жабыққа арзан,

Көзі ашыққа маржан

Кітап оқып, ой бөлісейік достар.

Ойтолғаныс.

Мақалға қайта оралу. – Осы мақалға қосарың бар ма?

«Бес жолды өлең » жаз

Есіңе сақта!

Кітапты қалай оқу керек:



  • Кітапты басынан аяғына дейін оқы.

  • Кітап оқығанда асықпа.

  • Оқыған кітабыңның аты мен авторын ұмытпа.

  • Оқу кезінде жол тастап оқу немесе оқылмаған парақтар болмауы керек.

  • Оқу барысында кездесетін түсініксіз сөздердің мағынасын кейінге қалдырмай, бірден сөздіктен тауып оқы не сұрап біл.

  • Оқығаның туралы ой түйіндеп отыр.

  • Оқыған кітабың ұнаса, оны досыңа ұсын.

Кітапты оқығанда нені естен шығармау керек:

  • Кітапты кір қолмен ұстама.

  • Кітап парақтарын ұқыптылықпен аш.

  • Парақты ашарда саусақтарыңды түкіріктеме. (Төрт саусағыңмен кітап бетінің ортаңғы жағынан басып отырып жоғары қарай бас бармағыңды жүргізсең, ашылу керек беті өзі ерекшеленіп отырады)

  • Кітап парақтарын бүкпе, белгілеуші сал.

  • Кітапқа қаламмен сызба.

Үй тапсырмасы Мәтінді оқу. (6-7) бет шығармашылық тапсырма

Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Білгеннің пайдасы

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Ыбырай - ұлы педагог, жазушы, қазақ
балалар әдебиетінің атасы екенін айта отырып, Ы. Алтынсариннің әңгімелерінің идеясын ашу.
Әңгімелерінің өміршеңдігі, балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызын түсіндіру
ә) Дамытушылығы: Оқушылардың іскерлік - танымдық қабілетін дамыту. Өзіндік ой - пікірін айтып, тұжырым жасауға дағдыландыру
б) Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, мейірімділікке еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Білім, дағды, іскерлікті қолдану
Сабақтың әдісі: Сөздік ( баяндау), көрнекілік, топтық жұмыс
Практикалық( Сын тұрғысынан ойлау, Модульдік оқыту технологиялары. Сатылай кешенді талдау) интерактивті әдіс - тәсілдер
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, слайдтар, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.


Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу. Сабақ екі топтың іскерлік ойындары арқылы өтетінін хабарлау.

1. Білім
1 - топ тапсырмасы: « Жылдар сөйлейді»


1841. 1850. 1857. 1859. 1860. 1864. 1876. 1879. 1887. 1889
Жылдар бойынша Ы. Алтынсариннің өміріне шолу жасайды.

2 - топ тапсырмасы


«Тірек белгілер»
Суреттер бойынша ақынның өлеңдерінің атауын табу.
( Атасы мен немересі, жаз мезгілі, мұғалім, оқушылар, ана мен бала, кеме, ұшақ, поезд)

2. Түсіну.


Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы.
Ой шақыру сұрақтары:
Ы. Алтынсариннің қандай әңгімелерін білеміз?
Ол әңгімелерін кімдерден аударды?

Мұғалім сөзі:


Ыбырай Алтынсарин 1876 жылы Н. Н. Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым», - деп жазады. «Мысалдарды енгізгім кемейді, өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер болады. Мысалдарды қазақ балалары оқығысы келмейтінін, оқыса оған күлетінін, ал олардың ата - аналары: балаларға сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәрсені үйретеді деп, тіпті тәжірибемнен білемін», - деп айта келіп жаңа кітапқа жұмбақтар, баланың ойын кеңітетін әңгімелер, сондай - ақ қазақ өлеңдерінен іріктелген өлеңдер енгізілетінін жазады. Ы. Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер, кіргізді. Көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.
Әңгімелері:
“Бай баласы мен жарлы баласы”. “Байлық”, “Әке мен бала”, “Асыл шөп”, “Қыпшақ Сейітқұл”, “Таза бұлақ”, “Надандық”, “Малды пайдаға жарату” “ Бақша ағаштары”, “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш”
Аудармалары:
Паульсоннан: «Әдеп», «Алтын шеттеуік», «Бір уыс мақта»
Л. Н. Толстойдан: «Мұңсыз адам», «Данышпан қазы» «Үш ұры», «Жаман жолдас»
К. Ушинскийден: «Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға»

3 Қолдану


1 - топ тапсырмасы.
«Ең бастысы»
(Сөз - сөйлем - құпиялы сөз)
Әңгіменің тақырыбы - мазмұны - идеясы
Берілген әңгімелері бойынша мазмұнын, идеясын ашады.
Әңгімелері: «Бір уыс мақта», «Мейірімді бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», « Аурудан аяған күштірек», « Тәкаппаршылық».

2 - топ тапсырмасы: «Екі жақты күнделік»


«Әке мен бала», «Әдептілік», «Сақып», « Асыл шөп», «Жаман жолдас» әңгімелерінен үзінді алу. Үзіндіде өздеріне ұнаған абзацты ала отырып, соған сәйкес пікір жазады: Соған өз пікірлерін жазады.

4. Анализ


Деңгейлік тапсырмалар
III деңгей Ішке - сыртқа стратегиясы бойынша Ыбырай әңгімелерінің тақырыбын анықтайды Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері:
«Асыл шөп», « Білгеннің пайдасы», «Надандық», «Мейірімді бала», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Әке мен бала», « Түлкі мен ешкі», « Сауысқан мен қарға», «Алтын шеттеуік»,
«Қарға мен құрт», «Жаман жолдас», «Бір уыс мақта», «Әдеп», «Ақымақ дос», «Бақша ағаштары»
«Аурудан аяған күштірек», « Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» «Сақып»
«Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» «Таза бұлақ»

Әңгімелерінің тақырыптары: Сабырлылық. Қанағат, еңбек, кәсіп, тәрбие, достық


Ішке Сыртқа
II деңгей
Әңгімелеріне сатылай кешенді талдау
«Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ»
I деңгей
Ы. Алтынсарин әңгімелерінің осы замандағы еңбек, кәсібімізге жақындығын табу ( өз пікірін айту)

5. Синтез


Ыбырай әңгімелері рухани - адамгершілікке тәрбиелейтін басты құрал.
( Балаға әсер беретін қасиеттерді жазып шығады, Күннің суреті ілінеді.
«Топтастыру» стратегиясы арқылы жинақталып жазылады.)

6. Бағалау.


Үйге тапсырма: Жұртына білім сыйлаған...
Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбегі жайында шағын шығарма жазып келу


Сабақтың тақырыбы:Ма-лянның сиқырлы қылқаламы.(қытай ертегісі)

Мақсаты: Мәтін мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашуға жол салу.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік нәтиже: Мәтінмен жұмыс жасай білуге ,мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау. Түсініп оқи білуге, ойын толық жеткізе білуге машықтандыру, ауызекі сөйлеу тәсілдерін дамыту.

Жүйелі  іс-әрекет нәтижесі: оқушыларды қиялдау, армандау арқылы жақсы ойлауға жетелеу. Кейіпкерлер мен оқиғаны өмірдегі жағдайлармен  салыстыра отырып , оқыған .көргендерін еске түсіруге мүмкіндік беру.

Тұлғалық нәтиже : еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақты барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық тренинг:

      Қайырлы таң  достым,

Қайырлы  күн  болсын.

Бүгінгі күн міне

Сәттілікке  толсын .

Біздің  алар  бағамыз,

Кілең  бестік  болсын.

1 топ «Ұр,тоқпақ» ертегісі

2 топ «Қаңбақ шал» ертегісі

2 топқа бөлінеді                                                                                                                                             Топ басшысы сайланады.

Топпен жұмыс ережесі еске түсіріледі.

Үй тапсырмасы: 



« Ыстық орындық » әдісі арқылы сұралады

Қызығушылықты ояту: Балалар , сендердің бір сиқырлы заттарың болса,ол заттың   көмегімен  сендер не істер едіңдер ? Сол заттың атын жазу немесе суретін салу.

  • Не себепті салдың?

  • Балалар , бұл тілек сендердің  кішкене армандарың ғой. Әрқашан оның  орындалуына тілектеспін!

  • Ендеше   Ма-лянның сиқырлы қылқаламы атты ертегі өтеміз .

        Жаңа сабақ:    Ма-лянның сиқырлы қылқаламы.(қытай ертегісі).

Күннің жады.

Сабақ тақырыбы.

«ББҮ»әдісі арқылы кестенің бірінші және екінші бөлімі толтырылады .

Білемін

Білгім келеді



Үйрендім

Топтағылар 1,2 -ке санау арқылы бөлек -бөлек өз алдына «жұмыс » тобын құрады.Осыған байланысты өздеріне тиісті бөлікті таңдап алады. Яғни, мәтін 5 бөлікке бөлінеді.

   Жұмысты бастамас бұрын оқушылар жұмыс тобында мәтіннің тиісті бөлігін жақсылап меңгеріп,отбасы мүшелеріне қайтып оралғанда оны түсіндіріп беретіндігі ескертіледі.

Сергіту сәті:

Енді оқушылар «жұмыс»топтарында өздеріне тиесілі бөлікті оқып , талдап, өздерінің алғашлы топтарына қайтып оралады.



Топтарға тапсырма:

  1. Мәтіннің  мазмұнына сай мақал- мәтел

  2. Ма-лян сияқты сиқырлы қылқалам иесі болсаң,жұртқа қандай жақсылық жасар едің

Рефлексия: «ББҮ» кестесінің үшінші бөлімін толтыру.

«Бағдаршам»

Мен үшін жаңалық

Сабақта маған не ұнады?

Қандай тапсырма мен үшін қиын болды?

 Үйге  тапсырма: ертегі  бойынша  тірек – сызба құрастыру, мазмұнын




Каталог: uploads -> doc -> 00db
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00db -> «Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәнінде пайдаланудың маңызы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет