Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару Сабақтың мақсаттары: Білімділік



Дата15.09.2017
өлшемі71,28 Kb.
#33102
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді  көбейтуге есептер шығару

Сабақтың  мақсаттары: 

Білімділік: Ондық  бөлшектерді  көбейту  ережесін  әртүрлі  есептеулерді  шығару  кезінде тиімді   пайдалана  білу  және  өтілген  сабақты  оқушы  санасына  ұғындыру.

 Дамытушылық: Өз  бетімен  еңбектенуге  үйрету, ой-өрістерін кеңейтіп пәнге деген қызығушылығын  арттыру, оқушы шығармашылығын дамыту.

 Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге   тәрбиелеу.

 Сабақтың типі: жаңа сабақты бекіту



Сабақтың  түрі: жарыс сабақ

 Сабақтың  әдісі: репродуктивті,сұрақ -жауап

 Сабақтың  барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығын қарау

Сабағымызды  жарыс  сабақ  түрінде  өткізетін  болғандықтан  мақсатымен  таныстыру.

Осы ай көктем айларының алғашқы айы - наурыз.

-Наурызда қандай мерекелер бар?

- 8 наурыз.Халықаралық әйелдер күні.22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні –наурыз мейрамы.

- Қазақ халқы күн мен түннің теңелер күнін 22 наурыз ұлттық жыл басы мерекесі ретінде атап өтеді.

-Қазақстанда 1988 жылдан бастап жалпыхалықтық көлемде өткізіліп келеді.

-Наурыз –қазақ халқының Ұлыстың ұлы күні.Наурыз сөзін парсы тілінен аударғанда – «нау»-жаңа, «рыз»-күн деген мағынаны білдіреді.

-Наурыз мерекесінде адамдар құшақтасып,көрісіп,бір-бірлерін құттықтайды.

-Наурызда қазақтың ұлттық ойындары :қазақша күрес,арқан тартыс,алтыбақан,көкпар секілді ойындар ойнатылады.

- Наурызда адамдар «наурыз көже» дайындайды.

Сонымен оқушылар   «Наурыз» және «Көқтем» ауылдарына  бөлінеді.Әр  ауылдың  билері, палуандары, мергендері болады. Аулымызда  Наурыз  тойы болып жатыр. Осы  тойға  әр  ауылдың  әкелген  шашулары  бар  шығар.



ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру.

1088 есеп



  1. 0,5∙(18,3-5,81)=6.245 4) 5.1∙(10.27+8.3)=94.707

  2. 2.07∙(0.7+7.2)= 16.353 5) 2.3∙ (9.5-7.2)=5.29

  3. 1.8∙(38.6+2.7)= 74.34 6) 0.4∙(5.1+6.9)=4.8

1089 есеп

  1. 32,6∙5,25+1,2∙8,5=171.15+10.2=181.35 3)147-13.6∙4.8+3.5∙6.8=147-65.28+23.8=105.52

  2. 1.75∙32.8-1.12∙3.5=57.4-3.92=53.48 4) 0.2∙(5.25+6.1)+0.01∙3=0.2∙11.35+0.03=2.27+0.03=2.3

  Қайталау  сұрақтары.

 1) Ондық  бөлшекті  натурал  санға  қалай  көбейтеміз?

 2) Ондық  бөлшектерді  10,100,1000  сандарына  қалай  көбейтеміз?

 3) Ондық  бөлшектерді  қалай  көбейтеміз?

 4) Ондық  бөлшектерді  0,1 , 0,001 , 0,001 санадарына қалай көбейтеміз?

ІІІ. Тақырып бойынша есептер шығару. Оқулықпен жұмыс.

Той басталды. Той – думанның  шарттарымен  танысу.

 1) Палуандар  күресі (палуандар күресі дегеніміз –палуандар кілем үстінде ,арнаулы жазық жерде,тегістегі қар үстінде белдесіп күресу)

 2) Теңге  ату (Бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны.Жас келін өзінің шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп,бір қарыстай терең қазылған ,қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды.Сәйгүлік мінген жігіттер жүз,жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп,сол ағынымен орамалды іліп әкетуі тиіс.Кімде-кім орамалды іліп әкетсе,оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі)

 3) Аламан  бәйге (ат жарысы)

 4) Билер  төрелігі (Би ,шешендер халықтың ынтымағын,бірлігін сақтауда,елін,жерін қорғап,халықтық намысымызды,ұлттық салт –дәстүрімізді сақтап,парасаттылыққа ,адамгершілікке тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген.Қазақтың билері:Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би)

 1 – ші  шарт  бойынша  тақтаға  екі  «палуан»  шығады.

1094 есеп

Бұршақ массасының 0,54-і көміртегі,0,22-сі белок,қалғаны май.267 кг бұршақта қанша май бар?

Берілгені:

Бұршақ массасы -267 кг

Көміртегі -0,54-і

Белок -0,22-сі


Қалғаны -май-?

Шешуі: 267∙0,54=144.18 (көміртегі)

267∙0.22=58.74 (белок)

267-(144.18+58.74)=267-202.92=64.08 (май) 64,08кг=64кг 80г

Жауабы: 267 кг бұршақта 64кг 80г май бар.

1095 есеп

Үшбұрыштың периметрі17,5см.Оның бірінші қабырғасының ұзындығы периметрінің 0,4-іне тең.Екінші қабырғасының ұзындығы бірінші қабырғасының 0,8-іне тең.Үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын табыңдар.

Берілгені:

Үшбұрыш


Р=17.5см

І қабырға -0,4-і

ІІ қабырға -0,8-і

ІІІ қабырға -?



Шешуі:

  1. 17,5∙0,4=7 (см)

  2. 7∙0.8=5.6(см)

  3. 17.5-(7+5.6)=4.9(см)

Жауабы:үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығы 4,9 см

2 – ші  шарт  бойынша  теңге  ату.

Екі  ауылдан  бір – бірден мергендер  шығады. Тақтадағы  теңгелерді  таңдап  алып, жауаптарын  стол  үстінен  тауып, алып  іледі.

 №1097 есеп

Банкке 540мың теңге салынды .Оның бір жылдық өсімі алғашқы ақшаның 0,05 –індей.Банкке салынған ақша бір жылдан соң неше теңге болады?



Берілгені:

Салынған ақша -540000 теңге

Өсім-0,05-і

 Бір жылдан соң -? Тг



Шешуі:

540000∙0,05=27000

540000+27000=567000

Жауабы: Банкке салынған ақша бір жылдан соң 567 мың теңге болады.

1098 есеп.

Катер А айлағынан 20,4 км/сағ меншікті жылдамдықпен ағысының жылдамдығы 3,2 км/сағ өзенде ағыспен 2,5 сағ жүзді.Сонда келесі айлаққа дейін 16,3 км қалды.Екі айлақтың арасы неше километр?

Берілгені:

Катер


Меншікті жылдамдығы-20,4 км/сағ

Ағыс жылдамдығы – 3,2км/сағ

Уақыты-2,5сағ

Қалғаны -16,3км

Ара қашықтығы-?

Шешуі:

(20,4+3,2)∙2,5+16,3=75.3



Жауабы:екі айлақтың арасы 75,3км.

3 –ші  шарт  бойынша   «Аламан  бәйге» Ережені бекіту мақсатында 

 Ондық  бөлшектерді  көбейтуге  арналған  өлеңді  оқимыз.

 Үтірлерін  ескермей,

 Көбейте  бер  сескенбей

 Бүтін  сан  деп  есепте,

 Бұрын  оқып  кеткендей.

                           Үтірден  соң  қанша  сан

                           Бөлшек  орнын  санаңыз

                           Оңнан  солға  сонша  сан,

                           Аттап  үтір  қоямыз.

 

№1099 есеп



Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып,әріптердің мәндерін табыңдар.

  1. а∙(2,3+1,6)=4.2∙2.3+b Шешуі: a= 4.2, b=4.2∙1.6=6.72

  2. c∙(7.2-3.9)=0.5∙7.2-d Шешуі:c=0.5,d=0.5∙3.9=1.95

4 – ші  шарт. Билер  төрелігі.

 Әр  ауылдың  билері  кезек – кезек  шығып, есепті  түсіндіріп  шығады.

1102 есеп

Ұн тартатын зауыт бірінші күні 50т,екінші күні оның 0,9-ындай,үшінші күні екінші күнгіден 1,2 есе көп ұн тартты.Ұн тартатын зауыт үш күнде барлығы неше тонна ұн тартты?



Берілгені:

Бірінші күні-50т

Екінші күні-0,9-ы

Үшінші күні-1,2 есе көп

Барлығы-? Т

Шешуі:

1)50 ∙0,9=50.5∙0.9=45.45

2) 45.45∙1.2=54.54

3) 50.5+45.45+54.54=150.49



Жауабы:ұн тартатын зауыт үш күнде барлығы 150,49 тонна ұн тартты

Қорытындылау.

Үйге  тапсырма  беру.  № 1100,№1101 есептер

Оқушыларды  бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет