Сабақтың тақырыбы: «Ормандағы аю»



Дата11.01.2017
өлшемі103,57 Kb.
#7067
түріСабақ


Атырау облысы Исатай ауданы

Аққыстау селосы №15 «Балдырған »

балабақшасының жоғарғы санатты

тәрбиешісі Өтеғалиева Гүлнар Мүтиқызы

Сабақтың тақырыбы:

«Ормандағы аю»



Сабақтың мақсаты:

Балалардың сөзді байланыстырып, еркін сөйлей білу мүмкіндігін дамыту. Өздеріне сұрақ бере отырып, ой-өрісін дамытуға , сол арқылы олардың танымын молайтуға көмектесу, айналадағы өздерін қоршаған ортадан алған әсерін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін кеңейту, жан-жануарларға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты дамыту.



Сабақтың көрнекі құралы:

Орманның суреті, онда мекен ететін аңның түрлері.



Сабақтың әдіс-тәсілі:

Сұрақ-жауап, сөз құрау, жұмбақ, мақал-мәтел, өтірік өлең, ВЕНН диаграммасы, СТО технологиясы



Ұйымдастыру бөлімі:

Армысың шапағатты Күн-Ана!

Армысың қайырымды Аспан-Ана!

Армысың мейірімді Жер-Ана!

Құт дарып, бар әлемді жарылқа!

Сабақтың жүрісі:

Балалардың есіне өткен сабақтарды түсіру.Балалар біздер көркем сабағынан түрлі ертегі, әңгіме, өлең, жұмбақтарды оқып жүрміз.Олай болса, сендер мұқият тыңдаңдар.Енді бүгінгі сабағымыздың атын сендерге айтпаймын. Түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.Алдымен балалар тақтаға көңіл аударайық.

Тәрбиеші:

-Балалар ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Балалар:

-Ормандағы ағаштарды.

Тәрбиеші:

-Олай болса, орманда қандай аң, құстар мекен етеді?

Балалар: -Қасқыр, қоян,,түлкі, жолбарыс, арыстан, тоқылдақ т,б аң-құстар орманда тіршілік етеді.Енді балалар, сендерге түрлі сұрақ бере отырып, орманда тағы қандай аң мекендейтінін анықтаймыз.Олай болса, мына стол үстінде жатқан түрлі пішііндегі сұрақтарды шешейік.

Тәрбиеші:

1-сұрақ:

-Мақал-мәтел білесіңдер ме?

Балалар:

-Білеміз


1.Ойна да күл,

Оқы да біл.

2.Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

3.Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

Тәрбиеші:

-Балалар, өте жақсы мақал-мәтел айттыңдар.Бұл алған пішіннің толық жауабын алдық.Олай болса орман ағашына қондырамын.Енді келесі сұраққа жауап берейік.

2-сұрақ:

-Өтірік өлең айтып беріңдер?

Балалар:

1.Алысқанын көрдім де,

Шегіртке мен аюдың.

Сол алысы он күнде

Бітпеген соң айырдым.

2.Кірпі кілем тоқыды,

Қоян кітап оқыды.

Арыстанның қолынан,

Нанын шіркей шоқыды.

Тәрбиеші:

Бұл сұраққа да жауап бердіңдер. Өте жақсы. Бұл пішінді де жапсырамыз.

3-сұрақ:


Қандай ертегі білесіңдер?
Балалар :

-«Мақта қызбен мысық», «Бауырсақ», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен түлкі»т,б.Бұл пішінді де жапсырамыз.

4-сұрақ: Жұмбақ шешу

1.Орманда жүр жануар.

Қолында тәтті балы бар. (Аю)

2.Сөзі дана,

Үні жоқ,

Сөйлемейді

Тілі жоқ

Қолыңа алсаң шешен,

Ақылы асқан көсем. (Кітап)

3.Сылдырдан қорқады,

Шошып ап жортады. (Қоян). Бұл пішінді де жапсырайық.

Тәрбиеші:

-Сонда қандай пішін пайда болды?

Балалар:


-Аю

Орманда қандай аң мекен дейді екен. Аю. Онда аю мен қасқырды салыстырайық





Аю

Қыста ұйықтайды,



Аң Қасқыр

Жыртқыш,


екі құлақты шапшаң

,4 аяқты,

орманда мекендейді

Міне, балалар сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын аша білдік.


Әкімханов ағамыздың «Аю» өлеңін оқып берейен

Аю деген бір аң бар,

Орманды кезеп жүреді.

Аңшылардан сұраңдар,

Көрікті емес түрі-өңі,

Ашу қысса ақырып,

Шабуылды бастайды ол,

Адам түгел жапырып,

Ағашты да тастайды ол,

Түсірем десең торға,

Көзінде от маздайды,

Жүгіреді қорбаңдап,

Құлап қала жаздайды.
«Орман» «ағаш» «ауа» ойынын ойнайық.

Ойын шарты: «Орман» дегенде балалар орманда тіршілік ететін аңдарды айтады. Ал «ағаш» дегенде өсетін( алма, өрік, алмұрт) жемістері айтылады. «Ауа» дегенде өздері білетін құстардың атын айтып, допты маған кері лақтырыңдар.

Қорытындылау. Мадақтау.

Сертификат тапсырыс үшін, анкета №1

Облыс, аудан, ауыл

Атырау облысы

Исатай ауданы

Аққыстау селосы

15 «Балдырған» балабақшасы



Ересектер тобы тәрбиешісі:

Аты-жөні : Өтеғалиева Гүлнар Мүтиқызы


Сайтқа шыққан жұмысы:

Білім саласы: Қатынас

ҰОІӘ: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ормандағы аю»

Мекен Жайы:

Облыс, аудан, ауыл Атырау облысы

Исатай ауданы Аққыстау селосы
Көше аты . Есжанов
Үй номері, пәтер номері№13-2
Индексі 060300
Байланыс телефоны: 8(71231)-2-09-74. 87024802263
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет