Пән мұғалімі: Ақбергенова Саулеш Темирханқызы
Сыныбы: 6 «В»
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің гүлденуі және тозаңдануы. Тозаңдану түрлері, құстар арқылы айқас тозаңдану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Өсімдіктердің жынысты көбеюі,тозаңдану оның түрлерімен таныстыру,ұрықтану туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға,қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасы сұрау.
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Жаңа сабақты бекіту
5. Қорытынды
6.Бағалау
7.Үйге тапсырма беру
Үй тапсырмасын сұрау .
І топ
1.Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар
2.Гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақшалары қандай қызмет атқарады?
ІІ топ
1.Аналықтың құрлысы, атқаратын қызметі
2.Гүл серігі деп қандай бөліктерін айтады?
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ(постер қорғау)
Жынысты көбею дегенім - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.Тозаңдану – аталық тозаңның аналық аузына түсуі. Өздігінен тозаңдану дегеніміз бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің өз аналығының аузына түсуі.Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жармай тұрып және гүл жарған кезде тозаңданады.Мыс; жер жаңғағы, шегіргүл, саумалдық,бетеге, тары
Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.Бунақденелер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді,хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл көп болады. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерге қант қызылшасы,құлмақ, қарасора, жүгері,қарабидай,қайың,емен.
Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Жатында жұмыртқа жасушасы және тұқымбүршігінің ең ірі жасушасы болады.Тозаң түтікшесінің ұшында 2 жасуша болады.Оның біреуі жұмыртқа жасушамен екіншісі ең ірі жасушамен қосылады.Мұны қосарлы ұрыұтану дейді.Бұл құбылысты ашқан ғалым С.Г. Навашин.Ұрықтанғаннан кейін тұқымбүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау
Сергіту сәті
4.Жаңа сабақты бекіту.
Аш қара жап айт
І топ
Айқас тозаңдану-– бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.
ІІ топ
Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Жатында жұмыртқа жасушасы және тұқымбүршігінің ең ірі жасушасы болады.
Биологиялық диктант
Ұрықтану — ... және ... ... қосылуынан зиготаның пайда болуы. Ал бұл жаңа организмнің бастамасы болып табылады. Ұрықтану негізіне ... және ата-анасынан ұрпағына тұқым қуалайтын белгілердің берілуі жатады. Ұрықтану көптеген өсімдіктерге де тән. Оның іске асуына ең алдымен гаметалар дамитын жыныс органдарының түзілуі (гаметангий) әсер етеді. Кейде бұл процесті жыныс процесі деп біріктіріп қарайды. Ұрықтану ..., көк жасыл балдырларда және ... болмайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныс процесі әр алуан. Кейбір жасыл балдырларда ұрықтану гамета түзбей-ақ екі бір клеткалы организмдердің қосылуы нәтижесінде жүзеге асады (гологамия). Пішіні мен көлемі бірдей талшығы бар гаметалардың қосылуы ... деп аталады. Бұл көптеген балдырларға тән. Бір клеткалы балдырлар (мысалы, хламидомонадалар) өздері ... түзе отырып гаметангийге айналады. Көп клеткалы балдырларда бір-біріне ұқсас бірнеше клеткалар тобы гаметангий түзеді (мысалы, улотрикс). Конъюгат балдырларға (мысалы, спирогира) конъюгация тән. Көлемі әр түрлі талшығы бар гаметалардың қосылуын ..., талшығы бар, талшығы жоқ гаметалардың қосылуын оогамия деп атайды.
Ұрықтану — аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуынан зиготаның пайда болуы. Ал бұл жаңа организмнің бастамасы болып табылады. Ұрықтану негізіне жынысты көбею және ата-анасынан ұрпағына тұқым қуалайтын белгілердің берілуі жатады. Ұрықтану көптеген өсімдіктерге де тән. Оның іске асуына ең алдымен гаметалар дамитын жыныс органдарының түзілуі (гаметангий) әсер етеді. Кейде бұл процесті жыныс процесі деп біріктіріп қарайды. Ұрықтану бактерияларда, көк жасыл балдырларда және саңырауқұлақтарда болмайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныс процесі әр алуан. Кейбір жасыл балдырларда ұрықтану гамета түзбей-ақ екі бір клеткалы организмдердің қосылуы нәтижесінде жүзеге асады (гологамия). Пішіні мен көлемі бірдей талшығы бар гаметалардың қосылуы изогамия деп аталады. Бұл көптеген балдырларға тән. Бір клеткалы балдырлар (мысалы, хламидомонадалар) өздері гамета түзе отырып гаметангийге айналады. Көп клеткалы балдырларда бір-біріне ұқсас бірнеше клеткалар тобы гаметангий түзеді (мысалы, улотрикс). Конъюгат балдырларға (мысалы, спирогира) конъюгация тән. Көлемі әр түрлі талшығы бар гаметалардың қосылуын гетерогамия, талшығы бар, талшығы жоқ гаметалардың қосылуын оогамия деп атайды.
Қорытынды
Бір айналым әдісі бойынша бүгінгі сабақтан үйренгендерін өрмекшінің торын құру арқылы айтады.
Бас бармақ арқылы бүгінгі сабақты бағалайды.
Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау
Үйге тапсырма: Өсімдіктердің гүлденуі және тозаңдануы. Тозаңдану түрлері, құстар арқылы айқас тозаңдану
6.Үй тапсырмасы.
& 25 Өсімдіктердің жынысты көбеюі.Тозаңдану мен ұрықтану.81-83 б.б
Біліміңді сына орындау. 83-84 б.б
Гүлдер туралы,бунақденелермен,желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері туралы қысқаша мазмұндама жазу.
7.Бағалау.
4-5 жетон алғандарға «5»
2-3 жетон алғандарға «4»
1 жетон алғандарға «3» Жетонды көп жинаған топ таудың басындағы жемісті алады. Бұл жеміспен келесі сабақтарымызда танысатын боламыз.
Маңғыстау облысыЖаңаөзен қаласы№2 орта мектепБиология пәнінің мұғаліміӘбілхасова Дәмен
Жүктеу үшін астындағы жарнаманы басыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |