Сабақтың тақырыбы: Отбасым тірегім. Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша білімдерін жинақтап жүйеге келтіру



Дата03.02.2017
өлшемі59,09 Kb.
#8583
түріСабақ
Дидар Төлемісқызы Опанова

Петропавл қаласы

Бірінші қалалық жалпы білім лицеі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Отбасым - тірегім.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша білімдерін жинақтап жүйеге келтіру.

Сабақтың міндеттері: Біліктіліктері мен дағдыларын дамыту. Ата – анаға, үлкендерге құрмет сезімін, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Презентация сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұхбат, жобалау технологиясының элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, карточка, тест.

Сабақтың ұраны: Отан отбасынын басталады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың ұраны: Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт береке – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

І - Біздің бүгінгі өткізгелі отырған сабағымыз отбасы тақырыбына арналған презентация сабақ.



  • Отбасы деген сөзді естігенде есімізге не түседі?

Отбасы



  • Бұл кімдер?

  • Отбасы мүшелері.

Отбасы тақырыбы бойынша өткен сөдерді еске түсірейік.

Немере ,дәстүр, шөбере, заңгер, зейнеткер, кенже, әр жексенбіде, жыл сайын, былтыр, биыл, демалыс орындары.

Сөздермен сөз тіркестерін құру. Менің отбасым, зейнеткерлер көп, Олардың немересі, шөберелері көп, біз отбасымызбен, әр жексенбіде саяжайға барамыз, жыл сайын саяхатқа, Бурабайға бардық, былтыр бардық.

ІІ Домино ойыны.

-Алдарыңдағы доминомен сөйлемдерді дұрыс құрыңыздар.

Ең бірінші орындаған оқушы бірінші оқиды, екінші оқушы аударады, қалғандарымыз сұрақтар қойып жауап береміз.

-Отбасына байланысты сурете мынау кім?

-Әже туралы өлеңді кім айтады?

Менің әжем.

Менің әжем, ақ әжем,

Ұлмен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

- Осы өлеңде «әже» деген қандай сөз?
Фонетиканы еске түсірейік.

-Үндестік заңының неше түрі бар?

-Буынның неше түрі бар?

-Атаңыздар.

-Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

-Дыбыстар қалай бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай қалай бөлінеді?

-Жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді?

-Тілдің қатысына қарай бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?



Фонетика
- Әр отбасының дәстүрлері бар. Сіздердің отбасыларыңызда қандай дәстүрлер сақталады?

  • Қазақ отбасының қандай ерекше дәстүрлерін білесіздер?

  • Қазақ отбасында әке орны ерекше, оны бәрі тыңдайды. Анасын сыйлайды.

  • Қыздарды құрметтейді.

  • Шаңыраққа кенже бала ие болып қалады.

Отбасында жеті атасын үйретеді.

  • Дәстүр деген сөзге фонетикалық талдау жасайық.

ІІІ

Отбасы дегеніміз біздің ең жақын адамдарымыз.

Келесі сөзді Светаға берейік. Ол бізді өз отбасымен таныстырады.

Слайд.1 Ең жақын адамдарым. Менің ең жақын адамдарым – менің отбасым. Менің атым Света мен Бірінші лицейдің алтыншы сыныбында оқимын.

Менің отбасым онша үлкен емес. Отбасымда бес адам бар. Олар менің Әжем, әкем, шешем, әпкем Даша және мен. Әжем зейнеткер, ол 65 жаста. Менің әкем отыз тоғыз жаста. Ол «Логика» фирмасында механик болып істейді. Шешем балаларға математиканы үйретеді. Әпкем Даша тоғызыншы сыныпта оқып жүр. Ол Университетке оқуға түскісі келеді. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін.

-Рахмет, Света отбасың жақсы екен.

Өз отбасы жайында кім сұхбат арқылы айта алады?

(оқушылар диалогы)

ІV-Менің қолымда кубик бар. Қай әріп түссе сол әріпті талдап, отбасына байланысты сөз айту керек.

Қ; Ә; А; І; Н; Ш.



  • Балалар менің бір кубигім шашылып қалды.

  • Экранда шашылған әріптерден бір сөз құраңдар.

- Балалар, сендер әр жексенбіде қалай демаласыңдар?

  • Мереке күндері қайда барасыңдар?

- Жаз уақытында қайда демалдыңдар?
-Полина, сен қай жерлерде демалдың?

Слайд. 2 Тату тәтті отбасым!

Менің отбасым шағын. Әкем, шешем, және мен. Біз өте татумыз. Әр жексенбіде отбасымызбен саяжайға бармыз. Мереке күндерін де бірге өткіземіз. Жыл сайын жазғы демалыста біз отбасымызбен Бурабайға барамыз. Біз онда серуенге шықтық, суға шомылдық, әкем балық аулады, Өткен жылы Бурабайға күзде бардық. Бурабайдың табиғаты тамаша. Біз еліміздің көп әдемі жерлерінде болдық олар Алматы, Астана, Бурабай.

- Демалысы туралы тағы кім әңгімелейді?

(оқушылар диалогы)


-Сендер отбасыларыңда қай тілде сөйлейсіңдер?

-Біздің елімізде мемлекеттік тіл қандай?

V -Біз де кішкене демалайық, жаңылтпаш айтайық.

-Кім айтады?

Аталар Апалар

Әжелер Балалар

Ағалар Әр үйде

Әпкелер Бар олар.

Басқатырғышты шешейік. (Басқатырғышты шешу)

Слайд 3. Өнегелі отаудың өрісі кең.

Янаның отбасы туралы тыңдайық.

Менің отбасым онша үлкен емес. Олар әкем, шешем, мен және сіңлім. Әкемнің жеке фирмасы бар. Шешем экономист. Сіңлім бірінші гимназияда төртінші сыныпта оқиды. Біздің отбасымыз өте өнерлі. Анам тамақ дайындағанды жақсы көреді. Әкем-балық аулауды жақсы көреді. Сіңлім - ән айтып, би билейді. Біздің қалада менің сүйікті атам мен әжем тұрады. Біздің туыстарымыз өте көп олар Германияда, Америкада, Ресейде тұрады, Бірақ Қазақстанда менің ағаларым, тәтелерім өте көп. Отан- отбасынан басталады. Мен өз отбасымды сүйемін. Отанымды қадірлеймін.

VI Модуль бойынша тест жұмысын орындау.

VII Отан- отбасынан басталады.


  • Бұл мақалды қалай түсінесіздер?

  • Отбасымыз – шағын отанымыз. Үлкен Отанымыз Қазақстан.

  • Біздің еліміз Қазақстанда бір шаңырақ аясында көп ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде.

VIII Тәуелсіз Қазақстан біздің Ұлы Отанымыз!

– Кім отбасым тату десе, алақан соғайық,



  • Кім отбасын сүйем десе, оң қолын көтерсін,

  • Елім тату дегенің, сол қолын көтерсін,

  • Елімізде көп ұлт дос десек, қол ұстасайық,

  • Қолымызды үзбей ұранымызды оқиық.

ІХ Бағалау

Х Үй жұмысы




Солтүстік Қазақстан Облысы

Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей

Тақырыбы: Отбасым –тірегім!

Презентация сабақ

6 «В» сынып


Әзірлеген: Опанова Д. Т.


Петропавл 2009



Каталог: document -> metod -> mac
document -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
mac -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері. Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығарма
document -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
document -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
mac -> Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет (10 сынып) Сабақтың мақсаты
mac -> Байкенова Нұрсұлу Қазбекқызы Петропавл қаласы Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет