Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Диктант «Алтын адам»


Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу



бет2/14
Дата01.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#2935
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Диктант жазу.

Біздің отбасымыз.

Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Көпшілігіміз жұмыс істейміз. Кішкентайымыз биыл мектепке барады. Бұрын біраз уақыт әжесінде болған, әжесінен көп ертегі үйреніпті. Үйде әрқайсымыздың атқаратын жұмыстары бар. Еңбек туралы әкемнің: Оқыңдар, адам боласыңдар. Еңбек етіп, үлкенді сыйлау керек. Біреуге жамандық ойламаңдар,»-деген сөздерін өз балаларыма айтатын болдым. Әрқашан бір-бірімізге көмектесіп отырамыз. Демалыс күндері отбасымызбен тауда шаңғы тебеміз. Бұл бізідң денсаулығымызды күшейтеді, көңілімізді көтереді, отбасымыздағы татулықты нығайтады. (66 сөз)

Тапсырма. Жұмыс сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Ү. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Өткенді қайталау.

ҮІІ. Бағалау бөлімі.

Оқушылардың дәптерлерін жинап, бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже.

Сауатты, таза жазу.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Жол кесуге болмайды. Дыбыс үндестігі. Қатемен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту, дыбыс үндестігін ажырата алу.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу, сөйлем құрастыра алу.

В) Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден өткен тақырыпты қайталау.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Қатемен жұмыс жүргізу.

2.Грамматикалық тақырып.

Дыбыс үндестігі туралы түсінік беру.

Дыбыс үндестігі (звуковой сингармонизм)

А) Қатаң; б, в, г, д +қатаң +бас+тық

Ә) Ұяң (б, в, г, әріптерінен басқа) – ұяң, үнді, +ауыл+ға

Б) ...к г шелек+і шелегі

...п дауысты б кітап+ы кітабы

...қ ғ тарақ +ы тарағы

3.Сөздік жұмысы.

Ұлттық-национальный

Рухани мұра-духовное наследие

Тамыр-корень

Жалғайтын-соединяющий

Үмітті-надежный

Болашақ-будущее

4.Жол кесуге болмайды мәтінімен таныстыру.

5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, жолды неге кесуге болмайтынын айту.

Ү. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. 5-тапсырма 19 бет мәтіннің мазмұнын айту.

ҮІІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже.

Дыбыс үндестігін меңгеру, мәтіннің мазмұнын айта алу, тапсырмалар орынд

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Менің отбасым. Фонетика бойынша қайталау.

Сабақтың мақсаты: А) өткен материалдарды қайталау, оқушылардың алған білімдерін тексеру, тиянақтау, жүйеге келтіру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу, сөйлем құрастыра алу.

В) Сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

5-тапсырманы тексеру.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Нәтиже сабақ

І. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Сызбаны толтыру.

Езулік дауысты дыбыстар:

Еріндік дауысты дыбыстар:

2. Сөздердің аудармасын табу.

1. ауысым А) пешком

2. шөбере Ә) смена

3. жаяу Б) предлагать

4. ұсыну В) правнук

3. Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.

1 2 3 4 5 6

Кірдік, есіктен, екеуміз, алдыңғы, ішке, анам.

4. Мына талдау дұрыс па?

Нем-ере - 2 буын, 1,2 - ашық буын.

А) иә

Ә) жоқ

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

1. Дауысты дыбыстардың жіктелуі туралы айтып беріңдер.

2. Үндестік заңының ерекшелігі не?

3. Өз отбасыларың туралы айтып беріңдер.

Ү. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Өткенді қайталау.

ҮІІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже.

Фонетиканы меңгеру, өз отбасы туралы айту.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым. Сөз мағынасы.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту, сөз мағыналары туралы түсінік беру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу.

В) Достықты бағалай білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Күтілетін нәтиже: сөз мағыналарын меңгеру, өз досы туралы әңгімелей білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Өтілген модульді қайталап, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Сөз өзінің тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданыла береді.

Мысалы: Ашық күн, күн нұры.

Сөздік жұмысы.

Іс - дело Мінезі жұмсақ - мягкий характер

Жолдастық - дружба Оқу озаты - отличник учебы

Қадір - қасиет қатты сөзге келмеу - не грубить

1-тапсырма. Сандардың орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді дұрыс құраңдар. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтар құрастырыңдар, әңгімелеңдер.

2 - тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

3 - тапсырма. Берілген көп мағыналы сөздерден сөз тіркестерін құраңдар.

4 - тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін табыңдар.

5 - тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін табыңдар.

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар арқылы бекіту.

Ү. Үйге тапсырма.

6 - 7 тапсырма.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Екі дос. Тура және ауыспалы мағына.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту, тура және ауыспалы мағына туралы түсінік беру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу.

В) Достықты бағалай білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Күтілетін нәтиже: достық туралы әңгімелей білу, тура және ауыспалы мағынаны меңгеру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

6-7 - тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Сөз өзінің тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданыла береді.

Мысалы: Ашық күн, күн нұры.

Сөздік жұмысы.

Түйедей құрдас - ровесники Қадір тұту - ценить

Жұбын жазбау - не расставаться Мойындау - сознаться

Қабақ шытыспау - не обижаться

1-тапсырма. «Екі дос» мәтінімен топтық жұмыс.

1. мәтінді оқиды

2. мәтін бойынша сұрақтар құрайды

3. мәтінді мазмұндайды

4. мәтіндегі тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді табады

2 - тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

3 - тапсырма. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңдар.

5 - тапсырма. Диалогті пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

6 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар арқылы бекіту.

Ү. Үйге тапсырма.

4 - тапсырма.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Адал дос. Тура және ауыспалы мағына.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту, тура және ауыспалы мағына туралы түсінік беру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу.

В) Достықты бағалай білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Сөз өзінің тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданыла береді.

Мысалы: Ашық күн, күн нұры.

2. Сөздік жұмысы.

Жайбарақат-не спеша

Сырқат-больной, болезнь

Төбет-пес

Қашу-убегать

Қорқу-бояться

Айқайлау-кричать

Шыбық-прут

Ұмтылу-ринуться

3. 1-ттапсырма. Мәтінді оқып, аудару. Мазмұнын айтып беру. Сұрақтарға жауап беру.

4. Жаттығу орындау.

2-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

Көше бойымен, оның біреуі, бір үйдің жанында, жерден алу, итке қарсы ұмтылу, Абланның шалбарынан жұлқылау, Абланды құрқару, иттен қорғау.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрысын анықтау.

  1. Бұрыс.

  2. Бұрыс.

  3. Дұрыс.

  4. Дұрыс.

  5. Бұрыс.

  6. Бұрыс.

  7. Дұрыс.

Ү. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айту.

ҮІІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже. Тура және ауыспалы мағынаны меңгеру, ажырата алу.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Досымның отбасы. Көп мағыналы сөздер.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды досымның отбасы тақырыбымен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту, көп мағыналы сөздер туралы түсінік беру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу.

В) Достықты бағалай білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндау.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

  1. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Әр түрлі мағыналарды білдіретін сөз көп мағыналы сөз деп аталады.

Мысалы: (көп мағыналы сөз): Адамның басы. Таудың баыс. Істің басы. Бас дәрігер.

4-тапсырма. Суретке қарап, досыңның отбасы туралы әңгімелеу.

Керекті сөздер: орман (тоғай), саңырауқұлақ, гүлдер, жинау, алау, тұтату, (жандыру), дастарқан жаю, демалу.

5-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аудару.

Достар.

Жанар мен Әлия-достар. Олар бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Олар-оқу озаты. Олар мектеп өміріне белсене қатысады, үлкендерді сыйлайды, кішілерге көмектеседі. Ата-аналары оларды мақтан тұтады.

6-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар. Олардан сөйлемдер құрастыру.

Үлгі: сабырлы: сабыр-түбір, -лы-сөз тудырушы жұрнақ.

Сабырлы, ұқыпты, шыдамды, ақкөңіл, сенімді, әдепті, ашулы.

Ү. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. Өз досыңның отбасы туралы әңгіме құрастырып кел.

ҮІІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже. Көп мағыналы сөздерді меңгеру, ажырата алу. Досымның отбасы туралы өз сөзімен өз ойларын жеткізе алу.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Ізетті бала. Антоним.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға антоним туралы түсінік беру, дағдыларын қалыптастыру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын жеткізе алу.

В) Ұқыпты, мейірімді, ізетті болуғңа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден әңгіме жазып келу.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Антоним қарама-қарсы сөздер.

Үлкен-кіші, биік-аласа, ашық-жабық.

2.Сөздік жұмысы.

Ізетті-вежливый

Елгезек-чуткий

Ізет-почет, уважение

Оқасы жоқ-ничего страшного

Нұрлану-светиться

Ренжу-обидеться

1-тапсырма. Мәтінді етістіктермен толықтырып оқып, көшіріп жазу.

2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып, жаттап алу.

  1. Жаман жолдастан таяғым артық,

Крепкая палка лучше плохого попутчика.

  1. Күлме досыңа-келер басыңа.

Над бедой друга не смейся, то же может случиться с тобой.

  1. Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

Дружи с тем, у кого приятелей много,

откровенничай с тем, у кого друзей мало.

  1. Заттың жанасы жақсы,

Достың ескісі жақсы.

Одежда хороша новая, а друг старый.

  1. Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа.

С добрым человеком сдружишься-цели своей достигнешь,

С дурным сдружишься-в дураках останешься.

Ү. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. 4-тапсырма. Өлеңді жаттап келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже. Антонимді ажырата алу, тапсырмалар орындау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Адал дос»

Сабақтың мақсаты: А) Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту, сауатты жазуға дағдыландыру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын жеткізе алу.

В) Достарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сауатты, таза жазу, өз ойын жүйелі жеткізу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Достық туралы пікірлерін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мазмұндама

Адал дос

Айдос пен Арман - кішкентай күндерінен бері айырылмастай дос. Олар мектеп табалдырығын бірге аттаған. Содан бері екеуі бір партада отырып келеді. Айдос пен Арманның шын достығын мына бір оқиғадан көруге болады.

Күн өте ыстық. Бір топ бала суға түспекші болады. Олардың арасында Айдос пен Арман да бар еді. Айдос суға жүзе білмейтін. Балалардың шомылғанына қызыққан ол да суға түседі. Айдостың батып бара жатқанын Арман сезеді. Ол айқайлап балаларды көмекке шақырды. (69 сөз)

ІҮ. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Достастыру. Антоним.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға антоним туралы түсінік беру, дағдыларын қалыптастыру. Достастыру тақырыбымен таныстыру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын жеткізе алу.

В) Ұқыпты, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма. Өлеңді жаттап келу.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. «Достастыру» мәтіні бойынша жұмыс. 5-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айту.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

2. Жаттығу орындау.

3-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын анықтау.

Топшамамен жұмыс. (Оқушыларға жеке тапсырмалар беру)

Ү. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. 2-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже. Антонимді ажырата алу, тапсырмалар орындау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Менің досым. Синоним.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды аталған тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту, синоним туралы түсінік беру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу.

В) Достықты бағалай білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Күтілетін нәтиже: өз достары туралы әңгімелей білу, синонимді меңгеру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

2-тапсырма (Мақал – мәтелдерді жаттап келу).

ІІІ. Жаңа сабақ.

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Синоним – жазылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер. Мысалы: думан – той, сабырлы – ұстамды, қажырлы-қайратты, т.б.

1 – тапсырма. Сызба бойынша сөйлем құрастырыңдар.

2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Берілген сызбалар бойынша 3-4 сөз тіркестерін құраңдар.

2. Сұрақтарға жауап беріңдер.

3. «Достық» тақырыбында мақал – мәтелдер айтып беріңдер.

ІІ деңгей

1. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлем құраңдар.

2. Өтілген сөздерді пайдалана отырып, өз достарың туралы әңгімелеңдер.

3. «Телефон арқылы досыңмен сөйлесу» тақырыбына диалог құраңдар.

І деңгей

1. Достық деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Осы тақырыпқа шығарма жазыңдар.

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар арқылы бекіту.

Ү. Үйге тапсырма.

2 – тапсырма (деңгейлік тапсырмаларды аяқтау).

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет