Сабақтың тақырыбы: Өзендер



Дата11.03.2017
өлшемі28,9 Kb.
#11466
түріСабақ
Сыныбы: 6-«М4» Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Өзендер

Сабақтың мақсаты: Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу. Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта, А3 формат, стикер, суреттер, үлестірме қағаз, бағалау парағы.

Сабақ барысында кездесетін жаңа сөздер: өзеннің бастауы, жайылма, саға, сала, аңғар, атырау, өзен жүйесі, суайрық, сарқырама, шоңғал, шатқал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Топтар:

І топ. Ертіс

ІІ топ. Жайық

ІІІ топ. Сырдария

ІV топ. Есіл

Жаңа сабақты меңгертуге дайындық:

Аудиожазба арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Бүгінгі сабаққа мақсат қою.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Видеоролик: «Өзендер туралы жалпы түсінік»

Өзен элементтері (тау өзені, жазықтағы өзендер, өзеннің бастауы, өзен аңғары атырау, аңғар, өзеннің салалары (Ертіс өзені мысалында), жайылма өзеннің жоғарғы, ортаңғы, төменгі ағысы, өзен жүйесі)

1 Тапсырма.

І топ. Сәйкестендіріңіз.

Бастау

Өзеннің су басатын бөлігі

Аңғар

Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі ұзынша келген ойыс

Жайылма

Табиғи жолмен пайда болған, ойпаңмен ағатын су.

Өзен

Өзеннің басталатын бөлігі

Атырау

Өзен сағасының тармақтарға бөлінуі




Өзеннің жағасы

Өзеннің көлге, теңізге, мұхитқа барып құятын бөлігі

Суайрық

Өзеннің барлық салаларының жиынтығы

Өзеннің сағасы

Үнемі су ағып жатқан ойыс

Өзен жүйесі

Өзен алаптарының шекарасы

Арна

Өзен суының құрлықты шайып жатқан бөлігі

ІІ топ. «Өзен элементтері» тақырыбында пазл құрастыру.

ІІІ топ. Жер бетінің өзендер әсерінен өзгеріске түсуі.

ІV топ. Үлбі өзені

Сарқырама дегеніміз тік беткейден құлап ағатын су бөлігі. Өзендер түбінде кездесетін

Видео: Көккөл сарқырамасы.

2 тапсырма.

Топтық жұмыс. Жоспар бойынша өзенге сипаттама.

1.Өзеннің географиялық орыны

2. Өзеннің ұзындығы

3. Өзен жағалауында орналасқан қалалар

4. Өзенді картадан көрсету

5. Атауының шығу тарихы

Қорытындылау:

Сұрақтар тізбегі.

Бағалау:

Бағалау парағы арқылы оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бақылаушы топ бағалау жүргізеді.



Рефлекция:

Үйге тапсырма: Ақындар шығармасына арқау болған өзендер.
Каталог: uploads -> doc -> 0156
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0156 -> Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. Топтастыру
0156 -> БҰЛ Өзгерістерді мен қалай енгіземін?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет