Сабақтың тақырыбы «Paint графикалық редакторы, құралдары, ашу, сақтау»



Дата08.09.2017
өлшемі0,99 Mb.
#31686
түріСабақ
5 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні

05.12.2014 ж.

Сынып

5 «А»

Пән

Информатика

Сабақтың тақырыбы

«Paint графикалық редакторы, құралдары, ашу, сақтау»

Жалпы мақсаты

Тақырыпты Блум таксономиясы арқылы сыни тұрғыдан игере отырып, Paint графикалық редакторын ашуға, құралдарын пайдалана отырып сурет салуға, оны өзгертуге, суретті ашуға, сақтауға үйрету, практика жүзінде қолдана білуге бағыттау.

Сілтеме

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2. Информатика 5-сынып

3. Электрондық оқулық.


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Paint графикалық редакторының құралдарын пайдалана отырып сурет салуды, оны өзгертуді, суретті ашуды, сақтауды үйреніп, мүмкіндіктерін практика жүзінде қолдана біледі, бір-біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жұппен, топпен, жеке жұмыс істей отырып, идея бөліседі,пікір алмасады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. Үлестірмелі материалдар

  2. Флипчарттар, стикерлер

  3. Интербелсенді тақта

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

  1. Блум таксономиясы

  2. Жеке жұмыс

  3. Жұптық жұмыс

4. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

Флипчарт, оқулықпен, дәптермен жұмыс.

Тапсырмалар:

  • Ұйымдастыру.

  • Тапсырма №1.«Миға шабуыл»ВЕНН диаграммасы арқылы Топ көшбасшысын анықтау

  • Тапсырма №2. Постер қорғау

  • Тапсырма №3. Практикалық жұмыстар

  • Тапсырма №4. Сәйкестендіру тесті

  • Тапсырма №5. Минитест.



Ойлау деңгейлері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

Бағалау критерийі

Білу:

Компьютерде салынған суреттің «Миға шабуыл» арқылы ВЕНН диаграммасынан таба отырып,тақырыпты ашу, еске түсіру.



Оқушыларды топқа бөлу.

1-топ.Қарындаш

2-топ.Қылқалам

3-топ.Өшіргіш
•Қағазда салынған сурет пен компьютерде салынған суреттің айырмашылықтары неде?

•Қағазда салынған сурет пен компьютерде салынған суреттің ұқсастықтары қандай?




Сұрақтарға жауап беріп, ұқсастықтары мен айырмашылық

тарын интербелсенді тақтаға жазады.



Компьютерде салынған суреттің айырмашылығын анықтайды, еске түсіреді, атайды.

Айырмашылықтары мен ұқсастықтарын таба алды - 2

Жартылай таба алды - 1

Мүлдем таба алмады- 0


Түсіну

Paint графикалық редакторын іске қосуды, терезе элементтерімен таныстыру, құралдарын пайдалана отырып сурет салу, сақтау, ашу,жолдарын түсіндіру.





Әр топқа үлестірмелі қағаздар таратылады.

1-топ. PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

2-топ. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу, редактордың командалары

3-топ. PAINT графикалық редакторының құралдары


Сұрақтар бойынша кітаптан ізденіп, жұмыс жасайды, постер қорғайды.

«Paint графикалық редакторымен толық танысады, тақырыпты түсінеді.

Постерде қорғай алды-2

Жартылай қорғады -1

Мүлдем қорғамады- 0


Қолдану

Компьютерде Paint графикалық редакторында сурет салу, редактордың командаларымен таныстыру, практикалық жұмыстар орындау.



«Менің шыңым».

1-шың.Әр топ Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйшіктің суретін салады.

2-шың. Әр топқа жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың жауабын тапқан топ Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып нысан суретін салады.

3-шың.Еңбек құралдары мен ыдыстарды Түзету – Көшіру, Түзету – Қиып алу командалары арқылы екі топқа бөліп жинақтау.

Қима қағаздары.

Таратпа материалдары.

1.Жаңбыр жауса нөсерлеп,

Әрі-сәрі болмаймын.

Алып жүрсең қолыңа,

Су болудан қорғаймын (Қолшатыр)



2.Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста. (Шырша)






3.Күндіз кірер «інге»,

Жұрт қалады білмей.

Шығады тек түнде,

Болам дейді күндей. (Ай)






Жұмбақтардың жауабын топпен шешіп, суретін жеке-жеке салады. Тапсырмаларды Paint графикалық редакторында орындап, қорғайды, дәлелдейді.



Компьютерде Paint графикалық редакторымен өз бетінше жұмыс жасай алады.

Компьютерде толық жұмыс жасай алды -2

Жартылай жұмыс жасады -1

Мүлдем жұмыс жасай алмады - 0


Талдау

Paint графикалық редакторының құралдарын атын, оларды атқаратын қызметін жіктеу.



Сәйкестендіру тесті.



Құралдардың атауын табады, сәйкестендіреді

Оқушылардың өзіндік пікірі қалыптасады.

Толық таба алды -2

Жартылай таба алды -1

Мүлдем таба алмады - 0


Жинақтау

Оқушылардың алған білімдерін, ойын жинақтау.



Минитест.

Тестті таратып, оқушыларды қадағалау.



Жеке жұмыс.

Шығармашы-

лық ойлау бейімі артты.



Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

Бағалау

Тапсырмаларға қойылған критерийлер бойынша әр топтағы мүшелерін көшбасшының бағалауын ескере отырып, мұғалімнің бағалауын қолдану.

Топ бағалау парағы арқылы бірін-бірі бағалайды.







Рефлексия

Нені өзгерттің?

Қандай қиындық болды?

Топтық жұмыс

Өз жұмысына қорытынды жасай біледі.




Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет