Сабақтың тақырыбы: «Параллель түзулер»



Дата17.06.2018
өлшемі20,72 Kb.
#42479
түріСабақ
Күні: _________

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Параллель түзулер».

Сабақтың түрі: ___________________________________________________

Сабақтың типі: ___________________________________________________

Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы: сабақ, экскурсия, семинар, лекция, конференция, дискуссия, консультация, емтихан, сынақ, іскерлік ойындар

Сабақтың әдіс – тәсілдері: проблемалық оқыту (мазмұндау, ізденіс), өз еңбегімен жаңа мәлімет алу (бекіту), әнгіме, сұрау, көрнекілік, мазмұндау, оқу, жазбаша сұрақ – жауап, баяндау, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс, бақылау жұмысы, оқушының баяндамасы, ойлану, іздену, үйрену, модельдік (іскерлік, ойындар, баспасөз, сот, телемост), (_________________).

Жұмыс формасы: жұппен тест жұмыс, мұғалім мен оқушы (фронтальная), дербес жұмыс, дербес топпен жұмыс, (_________________).
Сабақтың мақсаттары:


  1. Білімділік: Бір жазықтықта жататын, бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу параллель болатынын; түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болатынын білу.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, іскерліктерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту, есептеу дағыдысын арттыру, өзара достық қарым-қатынас орнату.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, өз ойларына сенімділікке, әдемілікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, мәдениеттікке, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.


Керекті кұралдар:__________________________________________________
Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу; оқушыларды түгендеу; зейінін сабаққа аудару, сабақ жоспарымен таныстыру.

  2. Үй жұмысын тексеру кезеңі: ________________________________________________

  3. Мотивация урока: В Древней Греции всех ораторов учили геометрии. На дверях школы было написано: «Не знающий геометрии да не войдет сюда». Геометрия учит доказывать, а речь человека убедительна только тогда, когда он доказывает свои выводы. И этому мы будем с вами сегодня учиться на уроке.

  4. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрақ-жауап (ауызша):

  • Түзу дегеніміз не?

  • Белгіленуі.

  • Қиылысатын екі түзудің ортақ неше нүктесі болады?

  • Қиылысатын екі түзудің ортақ екі нүктесі болуы мүмкін бе? Қорытынды.

  • Ортақ нүктелері болмайтын түзулер болуы мүмкін бе?

  1. Жаңа білім беру: Сабақтың тақырыбың және сабақтың мақсатың айтып беру.


Жаңа мәліметті баяндау:

Ортақ нүктелері болмайтын түзулерді сызайық. Ондай түзулерді қалай атаймыз?



Қорытынды: Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу параллель түзулер деп аталады.

а түзуі мен b түзуі – параллель түзулер. Белгіленуі: а||b. Оқылуы: а түзуі b түзуіне параллель.

Қоршаған ортадан параллель түзулерге мысалдар келтіріңдер. № 1103 (ауызша).

Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге параллель түзу жүргізуді үйренеміз.

Параллель түзулерді салу үшін үшбұрышты сызғыш пен сызғыш пайдаланылады.
Алған білімдерін тексеру:

Оқушылардың өздері берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге параллель түзу жүргізіп көреді. № 1104.

Сол нүкте арқылы түзуге тағы да бір параллель түзу жүргізуге болады ма?

Қорытынды: Жоқ, бір ғана параллель түзу жүргізуге болады.

«Параллель» сөзі гректің «parallelos gramme» - қазақша «қатар жүруші» сөзінен алынған.

№ 1105 (Егер жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда ол екі түзу параллель болады).


  1. Жаңа тақырыпты бекіту:

Жаттығуларға шолу: № 110, № 1111

  1. Физкультминутка.

  2. Өздік жүмысы: № 1118.

  3. Үй жұмысын беру (кейбір түсіндірмелермен): п. 6.3 оқу. Ережелерді жаттау. № 1113, 1114, 1116.

  4. Сабақтың қорытыңдысы: Сұрақ-жауап, баяндау.

Оқушыларды бағалау:

«5»_____________________________________________________________

«4»_____________________________________________________________

«3»_____________________________________________________________



«2»_____________________________________________________________
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет