Сабақ жоспары
Пән: математика
Сынып: 6
Күні: ___________
Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр түзулер. Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық
ұғымымен таныстыру.
Дамытушылық: Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Жаңа сабақ:
Бір бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзу перпендикуляр түзулер деп аталады.
Перпендикуляр түзулер жазықтықты төрт бұрышқа бөледі
Берілген нүктеден түзуге дейінгі қашықтық сол нүктеден түзуге тұрғызылған перпендикулярдың ұзындығына тең
Тік төртбұрыштың, квадраттың бір төбесінен шығатын қабырғалар өзара перпендикуляр кесінділер
А
С Д
О
В
Перпендикуляр сөзі латынның perpendiculanis- қазақша «тік бағыт» сөзінен шыққан
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Ауызша орындалатын тапсырмалар: №1121
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1122, №1123, №1124,
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1129, №1130
Сабақты бекіту кезеңі:
Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?
Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық қалай табылады?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы: . №1131, №1132
Достарыңызбен бөлісу: |