Сабақтың тақырыбы: Планеталардың қозғалысы. Копирниктің гелиоцентрлік жүйесі. Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі26,46 Kb.
#33676
түріСабақ
Сынып 7. Физика Мұғалім: Жумаханова М.С. Сабақтың тақырыбы:  Планеталардың қозғалысы. Копирниктің гелиоцентрлік жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

1. Планеталардың қозғалысы, күннің жылдық қозғалысы, күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдарды көзқарастары туралы түсінік беру.

2. Оқу материалынан ең бастысын, маңызын таңдап ажырату арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге, ойлауға дағдыландыру.

3. Оқушыларды жауапкершілікке, салауаттылыққа, ұжыммен, топпен жұмыс істеуге ықпал жасау.



Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологиялары, «Құмырсқа» стратегиясы, «Пирамида» әдісі, постер қорғау.

Көрнекілігі: слайд, плакат, түрлі түсті қарындаштар, ғалымдардың портреттері, электронды оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Амандасып, түгендеу. Фигуралар құрастыру арқылы 2 топқа бөлу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Кубизм» әдісі.

1. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

2. Санақ жүйесі дегеніміз не?

3. Заттың тығыздығының өлшем бірлігі?

4. Жылдамдықты өлшейтін құрал?

5. Мензуркамен нені өлшейміз?

6. Массаның белгіленуі?

7. 1 тоннада неше килограмм бар?

8. Өзара әрекеттесу қандай құбылыс?
ІІІ. Жаңа білімді қалыптастыру.

1) «Құмырсқа» стратегиясы.

    Жарға 2 түрлі тақырып ілінеді. 2 топтың оқушылары қарамен жазылған сөздерді жинайды.



2) «Постер» қорғау.

1-топ «Планеталардың қозғалысы»

2-топ «Күннің жылдық қозғалысы»

3) «Пирамида» әдісі. Сұрақтарға жауап беріп пирамида құрастыру.

1. Күн жүйесінде неше планета бар? (8)

2. Күнге ең жақын планета? (Меркурий)

3. Сатурн планетасының қазақша аты? (Қоңырқай)

4. Грекше зодиакос куклос қандай мағынаны білдіреді? (Жан-жануарлардың дөңгелігі)

5. «Планета» деген сөз нені білдіреді? (Қыдырма)

6. Алып планеталар: (Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун)

7. Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш дұрыс түсінген ғалым: (Н.Коперник)

8. Зодиак шоқ жұлдыздары нешеу? (12)

9. Жер нешінші планета? (үшінші)

10. Плутонның ресми астероидтың нөмірі неше? (134340)

11. Грекше гемос қандай мағынаны білдіреді? (Күн)

12. Коперниктің ілімін жақтаушылар кімдер? (Кеплер, Галилий, Ньютон)

IV. Үйге тапсырма.

                                   І топқа «Тест» құрау.



                                   ІІ топқа «Сөзжұмбақ»                                  

V. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0402
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0402 -> Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріп таңбасы, шырша мен ойыншықтары, доп, плакат, әліпби, ойыншық
0402 -> Сабақтың тақырыбы Жүр, «Думанға»барамыз Мақсаты
0402 -> Сабақ: №13 Sсhool (школа) Мектеп: Қостанай қ. №17 орта мектебі Date (Дата) Мерзімі: 25/04/17


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет