Сабақтың тақырыбы Прак тикалық жұмыс №6 Механикадағы күштер. Мақсаты



Дата19.12.2019
өлшемі69 Kb.
#53804
түріСабақ
Байланысты:
1rged6jk
Информатика әдістемелік нұсқау, sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9

МЕХАНИКАЛЫҚ КҮШТЕР ТАҚЫРЫБЫНА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Жұмабаева Жайнагүл Мұратжанқызы

Батыс Қазақстан обылысы

Қаратөбе ауданы

Қаратөбе мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі


Сыныбы: 7

Күні

Сабақтың тақырыбы

Практикалық жұмыс№6 Механикадағы күштер.

Мақсаты

теориялық білімін практикада қолдана алу дағдысын қалыптастыру

Күтілетін нәтижелер



А. қажетті өлшеулерді жүргізе алады

В. Теориялық білімін практикада қолдана алады

С. Практикалық жұмыс қорытындысын дәлелдей алады.

Керекті жабдықтар

қораптағы сұрақтар, интерактивті тақта, деңгейлі тапсырма

Әдіс – тәсілдер

сұрақ-жауап, сәйкесін табу

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

1. Тұлға аралық байланысты орнату.

2. Сыныппен амандасу.

3. Оқушыларды шеңберге шақыру


-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;



- шербер құрып орналасады

Тұсаукесер

  • Қораптағы сұрақтар

    1. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?

    2. Масса бірлігі ретінде не қабылданған?

    3. Заттың тығызыдығы деп нені айтамыз?

    4. Күш немен сипатталады?

    5. Деформация деп нені айтады?

    6. Дененің деформациясы қалай пайда болады?

    7. Қандай деформация серпімді деп аталады?

    8. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

    9. Қандай күшті тең әркетті күш деп атаймыз?

    10. Қандай күш ауырлық күші деп аталады?

    11. Дененің салмағы дегеніміз не?

    12. Салмақсыздықтың себебі неде?

    13. Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды?

    14. Үйкеліс не себептен пайда болады?

    15. Үйкелісті қалай азайтуға болады?




сұрақтарға жауап береді

Негізгі бөлім

  • Таңбасын тап




Масса

ρ

Заттың тығыздығы

g

Күш

m

Үйкеліс күші

μ

Еркін түсу

F

Үйкеліс коэффициенті

Fүйк

  • Сәйкесін тап.












  • Кім шапшаң?

1-топ

  1. Коньки тебуші екі бала бір-бірінен кері итеріліп, қарама-қарсы бағытта 8м/с және 4м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Қай баланың массасы артық неше есе?

  2. Алмастың тығыздығы 3,5 г/см3; граниттің тығызыдығы 2600 кг/м3; ауаның тығыздығы 1,29 кг/м3 дегенді түсіндір, ХБЖ жаз.

  3. 8 кг керосин сыятын құтының көлемі неге тең?

  4. Төменде келтірілген құбылыстардың қайсысына ауырлық, тартылу, серпімділік күштері әркет етеді?

  1. Қабырғаға соғылған доп кейін қарай ұшады;

  2. Жоғары лақтырылған тас қайта жерге түседі;

  3. Үстел бетінде кітап жатыр

  1. 1 Н күшті 0,5 см етіп алып, бір нүктеге бір бағытта әсер ететін 4Н –ға және 8Н-ға тең күштерді график түрінде кескінде .

  2. Массасы 1 кг дененің салмағы неге тең?

  3. Т
    F2

    F1
    ең әрекетті күштердің мәнін анықта. Масштабы: 1Н-1см




2-топ

  1. Массалары 10 кг және 20 кг болатын екі дене өзара соқтығысты. Сонда денелердің қайсысының жылдамдығы көп өзгереді және неше есе өзгереді?

    1. Тығызыдықтың сан мәндерін кг/м3-пен өрнекте: 2,5г/см3; 0,07кг/дм3; 0,8кг/л

    2. Көлемі 10см3 болаттың массасы 78г. Көлемі 20см3 болаттың массасы неге тең?

    3. Төменде келтірілген құбылыстардың қайсысына ауырлық, тартылу, серпімділік күштері әркет етеді?

  1. Қабырғаға соғылған доп кейін қарай ұшады;

  2. Жоғары лақтырылған тас қайта жерге түседі;

  3. Үстел бетінде кітап жатыр

  1. Автомобильдің тарту күші -3000Н, ал қозғалысқа қарсы әркетті күш -100Н. Осы күштердің тең әрекетті күші қаншаға тең?

    1. Салмағы 9,8 Н дененің массасы қандай?

7. Тең әрекетті күштердің мәнін анықта. Масштабы: 1Н-1см


теориялық білімі мен дағдысын пайлана отырып, жауап береді.

Қортынды

бөлім

Кім епті?

№1. Сүттің тығыздығын анықтау

№2. Тастың көлемін анықтау.

№3. Серіппенің қатаңдығын анықтау.

№4. Динамометрдің көмегімен жүктің массасын анықтау.


қажетті құралдарды пайдаланып эксперимент жасайды, талдап, қорытындысын айтады

Үйге тапсырма

Міндетті: тарауды толық қайталау түрлі тапсырма дайындау

Мүмкіндік деңгейлі: тараудағы заңдылықтарды өмірмен байланыстыра отырып «ЭССЕ» жазу






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет