Сабақтың тақырыбы: Рухани астана



Дата10.06.2017
өлшемі49,96 Kb.
түріСабақ
«Свободный орта мектебі» ММ





Өткізген қазақ тілі мен

әдебиет мұғалімі:

Жүсіпова Т.Х.


2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Рухани астана

Сабақтың мақсаты: Түркістан туралы оқушылардың білімдерін кеңейту. Оқушылардың ойлау тілін, танымдық ой-өрісін, қабілетін дамыту. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу, эстетикалық дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, сөздікпен жұмыс, өздік, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, оқулық.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал Слайд «Күн»

Сәлем, Күн – анамыз!

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

II Кіріспе сөз

Сабақтың мақсатын қою.


Бүгінгі сабағымыздың түрі – саяхат.

Біз еліміздің оңтүстігіне Түркістан деген қалаға саяхат жасаймыз.

Түркістан – екі дүние есігі ғой.

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

М.Жұмабаев
Миға шабуыл

Біздің мекен-жайымыздың аты қалай?

Ауылдан шыққан кейін қайда барамыз?

Ол ненің орталығы?

Есілде вокзалда билет аламыз, сосын поезға мінеміз.

Қандай станциялар жолда бар?

(оқушылар үш топқа бөлінеді) 1 Свободный

2 Есіл


3 Атбасар

Әр топтан бір оқушы шығып, топтың атын түсіндіреді.


  • Семантикалық картаны толтыр

сөздерге жалғалған жалғау түрлерін анықта

септік

жіктік

көптік

тәуелдік

қосымша

қалалар
















дүкенімде
















Астанаға
















қаламың
















аударды
















таулар
















күнім
















кетті
















қағаздар
















болдым

















III Жаңа сабақ



  • Баяндама

Қожа Ахмет Йасауи кім?

Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі туралы

Ақсақ Темір туралы.



  • Мәтін бойынша жұмыс

Сөздікпен жұмыс:

Рухани, тарихи, әулие, жыраулар, атақты, көсемі, әлем, кесене, сауда орталығы. (осы сөздермен сөйлем құрастыру)



Рухани астана

Түркістан – Қазақстанның рухани астанасы. Түркістан – тарихи қала. Түркістанның бұрыңғы атауы – Йасы. Түркістан – әулие кісілердің мекені.

Түркістан біршама жылдар бойы қазақ елінің астанасы болды. Тәуке хан, Абылай хан сияқты хандар осы қалада Қазақ хандығын басқарған. Бұл хандардың ордасында атақты билер, жыраулар болған.

Түркестан аумағында көптеген әулие кісілер өмір сүрген. Солардың бірі – түркі әлемінің рухани көсемі Ахмет Йасауи. Оның кәбірінің басында үлкен кесене бар. Оны Ақсақ Темір салғызған. Мұнда күн сайын көптеген туристер келеді.

Түркістан Ұлы Жібек жолындағы үлкен сауда орталығы болған. 1997 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық тойы болды.
Топтық жұмыс:

I топ - мәтін бойынша жоспар құрады.

II топ - мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.

III топ - диалог құрастырады.



Тест сұрақтары

1.Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?

Түркістан – Қазақстанның .............. астанасы.

А) тарихи В) рухани С) мәдени

2.Қай сөйлем дұрыс?

А) Түркістан – Қазақстанның рухани астанасы.

В) Түркістан Қазақстанның астанасы болды.

С) Түркістан – Қазақстанның орталығы.

3.Ахмет Йасауи кім?

А) атақты қолбасшы В) әулие кісі С) қазақ ханы

4. Қазақ ханын табыңыз

А)А.Йасауи В) Әз Тәуке С) Ақсақ Темір

5. Түркістанның көне атауын табыңыз.

А) Яссы В) Сайран С) Отырар


Қорытынды

Бағалау
Үйге тапсырма: Түркістан туралы әңгімелеу,

реферат дайындау
Каталог: FF5538CCA0084C83
FF5538CCA0084C83 -> Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге
FF5538CCA0084C83 -> Күні: 19. 02. 2016жыл Сыныбы
FF5538CCA0084C83 -> Сынып: 8 «А» Сынып жетекшісі: Шерғозы Фариза Мәлікқызы Мақсаты: "Адам құқығы" деген не екенін түсіну
FF5538CCA0084C83 -> «Бекітемін» мектеп директоры: Н. Меркер тақырып: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
FF5538CCA0084C83 -> Сайыстың мақсаты Сайыстың жоспары
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ №: 171 Пәні: Математика Мұғалім: Шерғозы Фариза Мәлікқызы
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі : өткен сабақтардан алған күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ жоспары Күні: 09. 02. 2017 жыл Өткізілетін орны
FF5538CCA0084C83 -> «Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы бүгінгі мұғалімнің қолында»
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет