Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин. «Бала Шоқан»



Дата05.06.2017
өлшемі46,24 Kb.
#17785
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин. «Бала Шоқан»

Сабақтың мақсаты: білімділік. Оқытудың жаңа технологияларына сай Шоқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география, мүсін өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан –жақты білім алуға тарту.

Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін дамыту.

Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: сұрақ –жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.

Типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: сурет, мүсін галереясы, плакат, карта, графопроетор, кітаптар.

Интеграциялық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, сурет, мүсін өнері.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (психологиялық дайындық)

- Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге көп қонақтар келді. Мен сендер сабаққа жақсы жауап береді деп сенім артамын. Сендердің сабақтағы білімдерінді менің көмекші сарапшыларым бағалайды. Сынып үш топ болып жұмыс істейді.

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Шоқан тұлғасы.



Мақсаты: «бала Шоқан»әңгімесін талдай отырып, Шоқанға тұлғалық мінездеме беріп, ұлы Шоқан Уәлиханов туралы қосымша түсінік аламыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- Әңгімені оқып, мазмұнын біліп келу.

1. Қызығушылықтарын оятып, ой шақыру. Қолдан жасалған мүсіндер көрсетемін.

- Балалар, не көріп тұрмыз?

-Мүсіндер.

- Мүсінді неден жасайды?

- Саз балшықықтан, ағаштан, қоладан.

- Ол кімнің мүсіндеріне ұқсайды?

- Мысықтың

- Мысықтың өнерін кім тани білді?

- Олар қай әңгіме кейіпкерлер? т.с.с

-Үй тапсырмасын тексеру үшін топтық жұмыс жүргіземіз.

2. Топтық жұмыс (Қолдану).

1 –топ. Әңгіме бойынша семантикалық карта толтыр. Әңгіме қалай жазылады.

2 –топ. Диалог деген не? Кімдердің арасында диалогтар бар? Сахналап көр.

3 –топ. Әңгіменің әр бөліміне лайықты ат қойындар. Портреттерді жатқа айт.

Қима қағаздағы жоспарды рет –ретімен орналастыру.

Жақып пен Мысыққа салыстырмалы сипаттау «Венн диаграммасы».

4.Барлық жұмыстарды тексеру. Жоспарға көңіл аударту.

ІІІ. Жаңа сабақ (Анализ)

-Ал, қазір графопроектор көмегімен, жоспар бойынша салынған слайдтағы суреттерді көре отырып, Шоқан мен Жақыптың қарым –қатынасы арқылы Бала Шоқанның мінездемелік тұлғасын қалыптастырамыз. Проблемалық сұрақтар қоямын.




Суреттер

Оқиғалар

Мінездеме

1 –сурет

2 –сурет

3 –сурет

4 –сурет


5 -сурет


Мысық Шоқанды неге асыға күтті?

Осы оқиға үстінде Шоқанға қандай мінез сай келеді.

Мысық Шоқан ауылына баруға неге қорқады?

Жақып Мысықты неге соға алмады?

Шоқан тағы қай қырынан көрінді?

187 –беттегі диалогты рөлге бөліп оқу.

Мына суретте кімдер бейнеленген? Олар әкесінен неге бөлініп кетті?
Әңгіме қалай аяқталып еді? Шоқан күзектен көшерде Мысықты үйіне неге әкелді? (кітаптан тауып оқу)


Өнертанығыш, аңғарғыш.

Әлсізді қорғаушы.

Мейірімді, бауырмал.

Уәдеге берік

Қайырымды.



ΙV. Сергіту сәті. Сэнкуэн әдісі (қазақ тілімен байланыс). «Шоқан» (Синтез).

Зат есім Шоқан.

Екі сын есім. Мейрімді, өнертанығыш.

Синоним. Шоқан, Мұхаммед –Қанафия.

Төрт етістік. Кездесті, қорғады, уәде берді, киім берді.

Сөйлем құрау. Шоқан –қазақтың жарық жұлдызы.



V. Интеграциялық байланыс.

- Балалар, Шоқанның осындай тұлға болып қалыптасуына не және кімдер әсер еткенін біліглерің келе ме?

- Иә.

Тарих пәнінің мұғалімі: Шоқанның ата –тегі туралы, соның ішінде Абылай ханның, атасы Уәлидің, әжесі Айғанымның Шоқан тәрбиесіне қосқан үлестері туралы сөз алады.Оның балалығың 12 жасында аяқталғанынан, Омбы Кадет корпусына оқуға кеткеніне тоқталады.

Географ: -Шоқан Кадет корпусына оқуға 1847 жылы келеді... 1865 жылды қайтыс болды. Карта пайдалана отырып туған жерін, Кадет корпусының орынын көрсетіп, Шоқанның ғалым, саяхатшы, суретші болғанына саяхат жасайды.

Әдебиетші: Аягөзге саяхатында Шоқан Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырын жазып алды.

- Сонымен, Шоқан бар –жоғы 30 –ақ жас жасап, «Құйрықты жұлдызай» жарқ етіп, сөнді. Мына өлең жолдарын тындап көрелікші.

Бұл күнде ата мәшһүр дана Шоқан,

Өр тұлға, кесек ойлы дара Шоқан.

Қазақтың аспанында жұлдыздай боп,

Жарқырап ағап өткен баба Шоқан.

(Маман Ементаев)

Осы өлеңде Шоқан атамызды бейнелеуде ақын қандай әпитеттер қолданған?

Дана, дара, баба, кесек ойлы, өр тұлға.

Таға қандай көркем сөз бар?

Теңеу –жұлдыздай.

Қара өлең ұйқасы..



VΙ. Бекіту. Блиц –турнир (әдебиеттен, тарихтан, географиядан сұрақтар).

Сонымен, бала Шоқанның өнерге қызығушылығы болашақ өміріне қалай әсер етті?

Ол қазақтың тұңғыш ғалымы болды.

ОШоқан бабамыздың өмірінен үлгі алуға бола ма?



Иә.

VΙΙ. Бағалау. Сарапшылармен бірге баға қоямыз.

VΙΙΙ. Үйге тапсырма: «Шоқандай болғым келеді». Шығарма жазу.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Л.Ж.Асылбекова
Каталог: 7B318F42BBB9D37C
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2014– 2015 оқу жылындағы гуманитарлық әдістеме бірлестігінің жылдық жұмысының қорытынды есебі
7B318F42BBB9D37C -> 7-сынып Ғалымбек Әбілқайырұлының өмірі мен шығармашылығы Бағыты
7B318F42BBB9D37C -> Секциясы: Физика Жетекшісі: Акабаева Мухое Коргановна физика және информатика пәнінің мұғалімі Жарқайың, 2016 жыл
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2015– 2016 оқу жылындағы гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің жарты жылдық жұмысының қорытынды есебі
7B318F42BBB9D37C -> Ақмола облысы Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» мм «Нахимов негізгі мектебі» мм
7B318F42BBB9D37C -> Шығармашылық есебі
7B318F42BBB9D37C -> 1 – бөлім. “Мұғалім жөнінде жалпы мәліметтер”
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2016-2017 жылының І жарты жылдығындағы
7B318F42BBB9D37C -> Үйірме "Келіңіз, қазақша үйренейік!" Үйірменің мақсаты
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет