Сабақтың тақырыбы Сабақтың мазмұны



Дата04.01.2022
өлшемі154,39 Kb.
#109430
түріСабақ
Байланысты:
Күнделік1
Жәнібек Н.Н

Күнделік



Күні


Пәннің атауы

Сабақтың тақырыбы


Сабақтың мазмұны

20.01.2020



1. Ағылшын

2.Математика


3.Орыс тілі


4.Технология
5.Қазақ тілі

6.Информатика фак





A good place to spend your holiday
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Глагол совершенного вида
Қуыршақтар тігу
Есімдіктер және олардың түрлері
Paint прогаммасымен сурет салу

Бүгін практиканың алғашқы күні біз мектепке келіп мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен кездесіп, тәлімгерімізбен бірге өзімізге жүктелген сыныпқа бардық. Маған 6 «е» сыныбы берілген болатын. Менің сыныбым түстен кейінгі ауысымда оқиды екен. Мен сағат 14:00 де сыныбыма бардым. Сынып оқушыларымен амандасып , сынып кураторымен таныстым.

Бүгінгі алғашқы сабақ ағылшын сабағы, оқушылар екі группаға бөлініп оқиды екен.Екінші сабақ математика сабағы болды. Оқушылар сабаққа түгел дайындықпен келген , есеп шығаруға

Қызығушылықтары артып тұрғанын байқадым.Мен олармен бірге алты сабаққа қатыстым. Олардың тілгеде , математикағада шебер, білімге деген құшарлығы мол екенін байқадым. Сынып өте ұйымшыл, қандай істі болмасын бірігіп, бірлесіп орындайды. Сабаққа келгенде де, алдарына жан салмайды.


21.01.2020

1.Орыс тілі


2.Қазақ әдебиеті

3.Математика

4.Дене шынықтыру


5.Жаратылыстану

6.Ағылшын

7.Жаратылыстану фак

Глагол прошедшего вида


С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығы
Сызықтық теңдеу құруға және оның түбірін табуға арналған өзіндік жұмыстар

Волейбол ойыны


Адамның қан қысымы,жүрек қағысы
Describing places

Деңгейлік тапсырмалар


Менің практикадағы екінші күнім басталды.Бұл күні мен сыныпқа ертерек келіп, оқушылармен жеке сөйлестім сабақ басталғанша. Олардың не нәрсеге қызығушылығы бар екенін сұрадым.Бүгін бізде бірінші сабақ орыс тілі болды . Оқушылар орыс тілі сабағын өлең айтумен бастайды екен.Ол бір жағынан оқушыларды сергітіп алуға септігі мол.Екінші сабақ бізде Қазақ әдебиеті мен пән мұғалімімді мұқият тыңдап өзіме керекті дүниелерді түртіп алып отырдым Ол кісінің сабақ жүргізу әдіс-тәсілдері ерекше екен. Мен сынып оқушыларымен бірге 7 сабаққа қатыстым олапды сырттай бақылау арқылы оқушылардың деңгейін сабаққа қатысу ерекшелігін олардың ішінен сабаққа деген құлшынысы күшті оқушылар Мираида , Анара, Нұрлыбек, Әділет,Айгүл сияқты оқушылар менің көзіме бірден ілікті.


22.01.2020


1.Қазақ тілі

2.Математика

3.Информатика


4.Дене шынықтыру
5.Тарих
6.Технология

Есімдік түрлеріне байланысты жаттығу жұмыстары.


Санды теңсіздіктердің қасиеттері
Программалау тілі
Волейбол ойыны
Ноғай Ордасы
Қолдан қуыршақтар тоқу

Бүгін бізде практиканың үшінші күні мен сыныпқа келіп, оқушыларды тексеріп, олардың жоқтарын белгілеп алдым.Бірінші сабақ қазақ тілі сабағы оқушылар сабаққа түгел дайындықпен келген олар есімдік терді өтіп жатыр екен. Апайлары оларға қызықты тапсырмалар әкеліп оларды үш топқа бөліп тапсырмалар-ды таратты. Оқушыларды топқа бөліп оқытқан өте тиімді екен.Бүгін де мен оқушылармен бірге алты сабаққа қатыстым. Оларды бақылау маған өте қызықты енді олармен сабақ өтуге асығып жүрмін. Олар технология сабағында қыздарға қатыстым олар қолдан қуыршақтар тігіп қуыршақтар театрын ұйымдастырады екен. Олардың қолдан тіккен қуыршақтары дүкендегі қуыршақтардан мың есе әдемі.


23.01.2020


1.Математика


2.Дене шынықтыру


3.Тарих

4.Қазақ әдебиеті


5.Жаратылыстану

6.Ағылшын


7.Математика фак

Санды теңсіздіктерді көбейту, бөлу


Волейбол ойыны
Ноғай Ордасының құрылуы
С.Торайғыров «Шәкірт ойы»
БЖБ тапсырмалары
Houses and Flats
Теңсіздіктер мен жұмыс

Сыныпқа келіп оқушылармен амандасып, оларды түгелдедім. Бүгін бізде бірінші сабақ Математика сабағы екен.Математика апайлары оқушыларға теңдеуді шешудің жаңа тәсілдерін көрсетті. Келесі сабақ дене шынықтыру сабағы қыздар мен ұлдар екі группаға бөлініп өтеді екен. Ағай-лары қыздармен бірге Волейбол ойнады.Мен бүгін де оқушылармен бірге жеті сабаққа қатыстым Оларды бақылап, олар туралы мәліметтер жинадым. Олардың мінезін, сабаққа қызығушылығын көрдім.


24.01.2020




1.Орыс тілі


2.Тарих
3.Математика


4.Қазақ тілі


5.Өзін-өзі тану

6.Музыка

Глаголы в неопределённой форме
Қайта өрлеу дәуірі
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Су-тіршілік көзі
Таиғат бейнесін салу, шағын шығарма жазу
Өнер және мәдениет

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Бүгін бізде бірінші сабақ орыс тілі сабағы.Одан кейін тарих сабағы тарихтан оқушылар картамен жұмыс жасады.Мен олардың тағы бір жаңа қырынан көрдім. Бүгінде алты сабақ бойы оқушылармен жұмыс жасадым. Олардың музыкаға, суретке деген жаңа қырларынан көре бастадым. Олардың бойындағы жаңа қырын ашуға тырыстым. Олармен жұмыс жасаған, олармен уақыт өткізген маған ұнайды.


27.01.2020


Қазақ тілі


Жер- судың аты- тарихтың хаты


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үйге берілген тапсырма су туралы мәтін алып, ішінен есімдіктерді табу болатын. Оқушылардан қағаздар арқылы сабақ сұралады. Қағаз қиынды-ларында оқушылардың есімдері жазылған сол арқылы кім түседі содан сабақ сұралады. Сабақ айтып болған оқушы қағаз таңдап келесі оқушыны анақтайды.Үй жұмысын сынып түгелдей орындап, сабаққа тыңғылықты дайындалып келген. Үй жұмысы сұралып болған соң бүгінгі сабақ «Жер- судың аты тарихтың хаты» Есімдіктің мағыналық түрлері. Оқушыларға есімдіктің мағыналық түрлері туралы мәлімет беріп, сол бойынша әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындаттым. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгей бойынша бірінші кітаппен жұмыс жасайды, екінші жазбаша тапсырмалар орындайды, үшінші сол тапсырмаларға сәйкес ауызша сұрақтар беріген соларға парталасымен алмасып оқу арқылы жауап беріледі. Сабақ соңында оқушылар бір-бірін түрлі смайликтер көрсету арқылы бағалайды. Үйге «...Сонау бір өткен заманда» деген ертегі ойдан құратырып келуге бердім.




28.01.2020



Қазақ әдебиеті

С. Мұратбеков «Жусан иісі»

Ең алдымен сыныппен амандасып, түгелдедім. Оқушылардың сабаққа қаншалықты дайын екенін білу үшін «Бір қадам» әдісін пайдаландым. Бұл әдіс арқылы мен өткен сабақты яғни үй жұмысын тексерем оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап берсе бір қадам алға басам, жауап бермесе орнымда қалам. Сол арқылы орныма жеткенше оқушыларға түрлі өткен сабаққа қатысты сұрақтар қоямын.Осы арқылы оқушыларды бір сергітіп аламын жәнеде үй жұмысында тексеріп үлгеремін. Үй жұмыс жақсы деп бағаланды. Себебі оқушылар сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Бүгінгі сабақ С.Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасы. Ең алдымен С.Мұратбековтың өмір жолымен танысамыз ол үшін Бейне сюжет әдісін пайдаланамынСайын Мұратбековтың түрлі фотоларымен шығармаларынан үзінді келтірелген қысқы 5 минуттық видео көрсетілді. Сол арқылы оқушылар бүгінгі тақырыпты аша білді.Ендігі кезекте оларға рольге бөліп оқу яғни оқушылар автор, Аян, ауыл балалары болып оқу арқылы көрініс іспеттес бәріне түсінікті түрде мәтімен жұмыс жасайды. Сабақ соңында қалған көрермен оқушылар авторға,Аян, ауыл балаларына баға береді.Үй жұмысына шығарманы толық оқып, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп келуге беріледі.

29.01.2020


Қазақ тілі


Сулы жер - нулы жер


Сынып оқушылары-мен амандасып, оларды түгелдеп. Үйге берілген тапсырма «...Сонау бір өткен заманда» деген ертегі ойдан құратырып келу оқушылардан өз ертегілерін сұрау арқылы кімде қызықты ертегі болса оған жұлдызша беріледі. Сол бойынша сабақ соңында жұлдызшалар саналып көп жұлдызша жинаған оқушы сыйлық алатын болады. Үй жұмысын Анара, Айнара, Мираида, Нұрлыбек, Ранида толық орындап өз ертегілерін оқушыларға оқып берді. Бүгінгі жаңа сабақ «Сулы жер- нулы жер» бойынша оқушылардан сөздік диктант аламын. Сөздік диктант дегеніміз әртүрлі сабаққа қатысты сөздер оқылады, оқушылар олардың ішінен есімдіктерді табады. Және олардың мағыналық түрлерін ажыратып жазады. Келесі тапсырма жаңа тақырыпқа сәйкес мәтін берілді. Оның ішінен есімдіктің астын сызу.Сабақ соңында шағын тест тапсырмасы орындалады. 10 сұрақтан тұрады. Оқушылар парталасымен алмастыру арқылы экранда берілген жауаптарды тексереді.Әр тапсырмаға жұлдызша беріліп отырды. Сол бойынша Мираида да төрт жұлдызша жиналған ол бүгін жеңімпаз.Ол сабақта белсенді болды өте жақсы деп бағалаймын.

Үйге су туралы мақал-мәтелдер кітапшасын жасап келуге бердім.

30.01.2020


Қазақ әдебиеті


Ертегішіл Аян


Оқушылармен амандастым, сыныпты түгелдедім. Үйге берілген С.Мұратбековтың Жусан иісі шығармасын түгел оқып, кейіпкерлерге мінездеме жазып келу оқушылар балығы тапсырманы түгел орындаған. Кейіпкерлерге мінездеме берілген. Бүгінгі жаңа сабақ Ертегішіл Аян. Шығармамен жұмыс жасаймыз. Композициялық талдау жасап шығармадағы троп пен фигура түрлерін табамыз. Сол арқылы біз шығарманы толық талдаймыз. Оқушылар бұл кезде жеке-жеке жұмыс жасайды. Олар тапсырманы орындап болғаннан кейін бір-бірін тексереді. Яғни дәптерге жазған жазбаша тапсырманы дұрыс немесе дұрыс еместігін шығармадағы эпитет, метафора, тұрақты тіркестерді анақтайды. Оқушылар бір-бірін тексеріп болғанан соң тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі. Бұл арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділіктері де анықталады. Сабақ соңында оқушылар Табыс сатысы арқылы өздерін бағалайды.Сабақты жақсы түсінгендер жоғары сатыға – Мен түсіндім деп стикерін жапсырады, түсіндім бірақ тағыда оқуым керек білмейтін-дерім көп дейтіндер ортаңғы сатыға , дым түсінбедім, қайта түсіндіруді талап етем дейтіндер төменгі сатыға орналастыра-ды. Бүгінгі сабақ сыныпқа түсінікті болды. Себебі соңғы сатыда ешкімнің стикері болмады. Сынып әрқашан сабаққа дайын, сабақ олармен қызықты тартысты өтті.Үй жұмысына кітапта берілген кестелерді толтырып келуге бердім.


31.01.2020


Қазақ тілі


Сулы жер – нулы жер БЖБ


Оқушылармен амандастым, сыныпты түгелдеп сабаққа дайындадым. Ең бірінші БЖБ жазу керек болатын 20 минут. Соны орыендап болған соң, үй тапсырмасын сұрауды шаттық шеңберіне тұру арқылы бастадым. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, ең алдымен бүгінгі күнге бір-бірне тілек айтудан бастадым. Тілектер айтылып болған соң кезек-кезек үй жұмысына берілген мақал-мәтелдер оқылды. Негізгі шарты мақал –мәтелді жалғастырып кету болды. Бірінші оқушы басын оқиды жанындағы жалғасын тауып, ішінен есімдікті табады.Үй жұмысын әдеттегігедей сынып түгел орындап келген.Жаңа сабақ бастамас бұрын топқа бөлініп алдық. Мен әр түрлі қарандаштар тарату арқылы топқа бөлдім. Үш түрлі қызыл , көк, жасыл қарандаштар арқылы үш топқа бөлінді. Әр топқа әртүрлі мәтіндер үлестіріліп берілді. Сол арқылы постер қорғау керек . Негігі мәтіннің тақырыбы су болатын сол суға қатысты судың зияны , пайдасы, жәнеде қазіргі таңда суды қорғау үшін не істеуге болады тақырыптары берілді. Оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасады.Алдымен мәтінді түгел оқып , сол арқылы ойларын суретпен жеткізді. Негізгі тапсырма олар мүлде жазу жазбау керек яғни сурет салып соны қорғау керек еді,оқушылар сол мәтін арқылы өз топтарына берілген тапсырманы постер арқылы қорғады. Үш топ бір-бірлерін бірінші топ екінші топты, екінші топ үшінші топты бағалады. Екі мадақ, бір сын әдісі арқылы бағаланды. Үй жұмысына «Су- тіршілік көз» деген тақырыпта эссе жазуға берілді.



3.02.2020

Қазақ тілі

Спорт.Белгілі спорт жұлдыздары.

Олимпиада ойындары



Ең алдымен күндегідей сабақты оқушылармен амандасып, түгелдеуден бастадым. Үйге берілген тапсырма «Су-тіршілік көз» деген тақырыпқа эссе жазу болатын. Оқушылардан эссені «Есім әдісі» арқылы сұрадым . Ол бойынша бірінші мен өз есімімді атаймында соңғы әріпі мысалы «қ» болсын мен келесі оқушыны көрсету үшін оның мінезін немесе тегі қ дан басталса соған келтіріп оны көрсетуім керек. Мен Қазыбек Әділетті таңдадым. Ол өз эссесін оқушыларға оқып, ішінен есімдікті таба білді. Осылай мен сабағымды әрі қарай жалғастыр-дым.Үй жұмысы түгел сұралып біткен соң мен жаңа сабақты бастадым.Жаңға сабақ Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары тарауы, Олимпиада ойындары. Мен оқушыларға сабақты түсіндіріп кету үшін слайдтарды пайдаландым. Олар арқылы олимпиада ойындарын, олимпиада жеңімпаз-дарын көрсеттім. Сонан соң сыныпты 4 топқа бөліп, әртүрлі тапсырмалар орындаттым. Топқа бөлуді «Санамақ әдісі» арқылы іске асырдым. Бірден төртке дейін кезек-кезек санау арқылы төрт топ шықты.Осы топ бойынша әртүрлі тапсырмалар орындап бір-бірлерін Бас бармақ әдісі, смайликтер арқылы бағалап отырды. Сабақ соңында оқушылар білім ағашына өздерінің бүгін не үйренгендерін қандай олимпиада жеңімпаздарывн білетінін жазып сабақты қортындыладық. Үйге Олимпиада ойындарын жазып келуге яғни мәліметтер қарап келуге тапсырдым.

4.02.2020


Қазақ әдебиеті


Сағыныш

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды сергітіп алуды қарастырдым. Ол үшін оқушыларды сергіту жаттығуларын жасауға шақырдым. Әртүрлі жаттығулар жасау арқылы олар сәлде болса ойларын бөліп, денелерін сергітіп алды. Сонан соң оқушардан үй жұмысы тексерілді. Оқушылар үйге берпілген тапсырмаларды түгел орындан келген.Сынып сабаққа түгел дайындықпен келгендері көрініп тұр. Бүгінгі сабақ ол Жусан иісінің Сағыныш бөлімі болатын.Оқушылар-ды жаңа сабақ бастамас бұрын түрлі кәмпиттер арқылы үш топқа бөліп алдым. Үш топпен жұмыс жасау оқушыларға да маған да өте тиімді болды. Себебі уақытты үнемдеугеде сабақты толық түсінугеде үлкен мүмкіндік берері сөзсіз.Мен үш топқа шығарма желісі бойынша өз ойларын дебат түрде қорқауды тапсырдым . Бірінші топ екінші топпен, екінші топ үшінші топпен дебат арқылы бір-бірінің пікірінің қате немесе дұрыстығын анықтайды. Сабақ соңында оқушылар бір-брімен қол алысып достық жеңгенін айтып қол алысты. Үй жұмысына «Мен автордың орнында болсам шығарманы қалай аяқтар едім...»тақырыбына шығын шығарма жазып келуге бердім.

5.02.2020


Қазақ тілі


Күш атасы - Қажымұқан


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үй жұмысына берілген Олимпиада ойындары туралы мәліметтер әкелу болатын. Оқушылар өздерінің сүйікті олимпиада ойындары туралы мәліметтер фото суреттер әкелген. Сол арқылы олар өздерінің жұмыстарын өзгеде білмейтін оқушылармен бөлісе білді. Бірінің білмейтін дүниелерін екіншілеріне көрсету арқылы оқушыларды білімдері толыға түсті деп ойлаймын.Бүгінгі жаңа сабақ Күш атасы- Қажымұқан болатын. Оқушылар жаңа сабақты түсіну үшін әрі бұрыннан білетін білімдерін ортаға салу үшін мен арнайы Қажымұқан бейнесін фото суретін әкеліп тақта жапсырып талдау жасаттым. Бірақ көбі есімін естігенмен ол туралы білмейді екен сол үшін кітаппен жұмыс жасадық . Кітапта берілген мәтін арқылы талдай білдік.Сонмен қатар етістік туралы білімімізді толықтыру үшін бір қайталап өттік. Етістік түрлеріне байланысты сыныпқа жеке- жеке деңгейлік тапсырмалар таратып бердім.Тапсырмалар түгел орындалып болған соң парталастарымен алмастырып тексердік. Үйге сөзжұмбақ етістіктерге байланысты құрастырып келуге бердім.


6.02.2020


Қазақ әдебиеті


Бала жанарындағы мұң


Әдеттегідей оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Оқушылардың сабаққа дайын, дайын еместігін «Сыйқырлы орындық» әдісімен тексердім. Ол үшін мен оқушылардың отырған орындығының артына әртүрлі сандар жасырдым.Сонан соң оқушыларға артына бұрылып қарап кімнің сыйқырлы орындықта отырғанын анықтадық. Сыйқырлы орындықта Әділет, Айгүл, Арыстан және де Мадина отыр екен.Олар сол арқылы үйге берілген тапсырмаға жауап берді. Үй жұмысы осылай сұралды. Жаңа сабақ Шариктер әдісімен жалғасты оқушылар кітап дәптерлерін түгел жауып, осы шығармаға байланысты сұрақтар дайындады әрине оның жауабын өздері білу керек болатын. Қағазға сұрақтарды жазып, оларды араластырып шариктерге салу керек. Оқушылар шариктерді үрлеп тақтаға жапсырады.Сосын өздеріне ұнаған шариктерді алып жарады ішіндегі сұрақтарды оқып жауап береді. Осылайша шығарманы қаншалықты меңгергендіктері анықталды. Сыныптың көпшілігі сұраққа жауап беріп өте жақсы деп бағаланды.Сабақ соңында оқушылар бір-бірін бағалап, үйге тапсырма алды. Үй жұмысына Аян мен автордың достығы қандай дәреже де болды деп ойлайсыңдар немесе достық деген тақырыпта сынып газетін жасауға берілді.


7.02.2020


Қазақ тілі



Күш атасы -Қажымұқан


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үй жұмысына берілген тапсырма етістіктерге байланысты сөзжұмбақ құрастырып келу болатын. Сынып түлгел үй жұмысын орындап келген. Олар әртүрлі сөзжұмбақтарын тақтаға сызып оқушыларға жасыру арқылы үй жұмысын талдадық.Жаңа сабақты біз екі топқа бөлу арқылы яғни сай түрінде өткіздік. Топқа бөліну үшін жаз және көктем мезгілдерінде туылғанда бір жаққа қыс күз мезгілдерінде туылғандар екінші топқа бөлінді. Сабақ 21 ғасыр көшбасшысы деп аталатын сайыс түрінде болды.Тақтада әртүрлі ұяшықтар орналасқан онда әртүрлі өткен сабақтар бойынша да сұрақтар бар. Оқушылар өздері қалаған сұрақты таңдап тобымен бірлесе отыра жауап берді.Осылайша оқушылар білімдерін шыңдай түсті.Сабақ соңында жеңімпаз деп екінші топ марапатталды.Олар-ға ынталандыру мақсатында әртүрлі қаламдар сыйға тартылды. Үй жұмысына «Менің сүйікті спортшым» туралы эссе жазуға берілді.


10.02.2020


Қазақ тілі


Жиырма жыл күткен жеңіс


Оқушылармен амандасып , сыныпты түгелдедім. Үйге берілген «Менің сүйікті спортшым» тақырыбына эссе жазу болатын. Оқушылардан үй жұмысы сұралды.Олар үй жұмысын толық орындап келген. Сабаққа тыңғылықты дайын.Бүгінгі жаңа сабақ ол «Жиырма жыл күткен жеңіс» деп аталады. Оқушыларға тақырыпты ашып түсіндіру үшін экранға әртүрлі видео роликтер көрсеттім. Сол арқылы жаңа сабақты талдадық.Сонан соң оқушыларға әртүрлі тапсырмалар таратып беріп яғни парталасымен жұптық тапсырмалар орындаттым. Сабақ соңында оқушылар жұбымен бірге өзге жұптарды бағалады.Олар бағалауда әртүрлі смайликтерді, әдістерді қолданды . Үй жұмысына оқушылардың дарынына қарай тапсырмалар берілді. Мысалы өлең шығаратын оқушыларға спорт тақырыбын өлең шығаруға, суретке қабілеті жақсылар сурет салуға болады.


11.02.2020


Қазақ әдебиеті


Шығарманың құрылымдық ерекшелігі БЖБ



Әдеттегідей сыныппен амандасып, оқушыларды түгелдедім. Сонан соң бөлім бойынша БЖБ тапсырмаларын алдым.Оған 20 минут берілген болатын. 20 минуттан соң БЖБ ларды жинап алып , үй тапсырмаларын сұрадым. Үй жұмысына берілген достыққа байланысты сынып газетін жасау болатын. Оқушылар үй жұмысын бірлесіп жасап, ұйымшылдықпен сынып газетін жасап сыныпқа іліп қойды. Бүгінгі сабақ Жусан иісі шығармасын талдау болғандықтан біз шығармада кездесетін тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді таптық ауызша жұмыс жасадық. Сабақ соңында үйге Жусан иісінен өзге тақырыпта қысқа ғана осы тақырыпқа ұқсас әңгіме оқып келуге берілді.


12.02.2020


Қазақ тілі


Жиырма жыл күткен жеңіс


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үйге берілген өлең немесе сурет салу дарындарына қарай оқушыларға тапсырма берілген болатын. Оқушыларды көбісі өлең шығаруға бейім екен. Сыныпта ақындыққа жақын оқушылар бар. Оқушылар үнемі сабаққа дайын, әрдайым сабақ барысында белсенділік танытады.Бүгінгі сабақты бастамас бұрын сыныпты топқа бөліп алдым.Топқа бөлуді самақ әдісі арқылы жүзеге асырдым.Үш топқа бөліп оқушыларға «Алқа әдісі» бойынша тапсырмалар бердім. Тапсырма қағаздарға етістіктер жазылған олар сол етістіктердің арасына өздеріне берілген етістіктерді табу керек.Сол бойынша лентаға қағаздағы сөздерді тізіп шығады. Сөйтіп өз алқаларын жасайды. Сабақ соңында олар үш топ бір-бірлерін бағалап, екі мадақ бір сын айтады. Үй жұмысына етістіктерге байланысты ребус құрап келуге беріледі.


13.02.2020


Қазақ әдебиеті


О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім .Үйге берілген тапсырма Жусан иісі шығармасына ұқсас әңгімелер оқып келу болатын оқушылар әртүрлі әңгімелер оқып келіп сыныппен бөлісті. Бүгінгі жаңа сабақ ол О.Бөкейдің Тортай мінер ақбоз ат шығармасы болатын.Жаңа сабақты бастамас бұрын экранда яғни тақтада О.Бөкейдің өмір жолына шығармашылығына шолу жасап өттік. Сонан соң кітаппен жұмыс жасап берілген мәтінді Ролге бөліп оқу әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасадық, мәтінді талдадық. Сабақ соңында оқушылар бір-бірін бағалап үй жұмысына шығарманы толық оқып келуге берілді.


14.02.2020


Қазақ тілі


Тұңғыш қазақ конькишісі


Ең алдымен сыныппен амандасып, оқушыларды түгелдедім. Үйге берілген тапсырманы тексеруден бастадым. Үйге етістіктерге байланысты ребустар құрастырып келуге берген болатынмын. Оқушылар өз ребустары жазылған парақтарды тақтаға іліп, алмасып бірінікін бір шешті. Солайша оқушылардың бәрі өте жақсы деп бағаланды. Сыныпта сабаққа дайын емес оқушы болмады. Бүгінгі сабақ Тұғыш қазақ конькишісі деген тақырып еді. Мен оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында түрлі фото сурет қиындыларын әкеліп құрастырып бір сурет шығару керек сол бойынша топқа бөлінді.Әр топқа плакаттар таратылып олар өздерінің фото сурет қиындылары бойынша постер қорғады. Сабақ соңында топтар бір-бірін бағалап, үй жұмысына «Спорт – денсаулық кепілі» деген тақырыпта эссе жазуға берілді.


17.02.2020


Қазақ тілі


Тұңғыш қазақ конькишісі


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үйге берілген тапсырманы тексеріп, оқушыларды бағаладым. Бүгінгі сабақ бойынша етіс түрлеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар орындаттым. Мен сабақ барысында Ыстық орындық әдісін,Шариктер әдісін пайдаландым. Сабақ соңында оқушылар бір-бірлерін бас бармақ әдісімен бағалады. Үй жұмысына Спорт ойындары қазақтың ұлттық ойындары туралы мәліметтер іздеуге тапсырдым.


18.02.2020


Қазақ әдебиеті


Шығарманың композициялық құрылымы


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Өткен сабақта өткен Тортай мінер ақбоз ат шығармасы болатын үйге оқушыларға түгел оқуға бердім дегенмен шығарма ұзақ болғандықтан мен оқушыларға аудио кітап әкеліп тыңдаттым. Мен сабақ барысында Бейне сюжет, Ой қорғу әдістерін пайдаландым. Сабақ соңында бағдаршам әдісі арқылы оқушыларды бағаладым.Үй жұмысына Оралхан Бөкейдің өмір жолына реферат әкеліп, қорғауды тапсырдым.


19.02.2020


Қазақ тілі


Қазақстандық кәсіби велошабандоз


Әдеттегідей оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үй жұмысына берілген қазақтың ұлттық ойындары туралы мәліметтер әкелу болатын. Оқушылар үй жұмысын түгел орындаған. Мен жаңа сабақ барысында оқушыларды топқа бөліп алдымен жеке одан соң жұптық , топтық тапсырмалар орындаттым . Жаңа сабақ барысында әртүрлі әдістерді қолдандым. Мысалы Миға шабуыл, Ойлан тап сияқты әдістерді пайдаландым.Сабақ соңында оқушыларды бағалап, үйге Александр Винокуров туралы мәлімет әкелуге берім.



20.02.2020

Қазақ әдебиеті


Тортай мен Ораш



Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім.Сонан соң үйге берілген тапсырманы тексердім. Оқушылар үй жұмысын түгел орындаған. Бүгінгі сабақ ол Тортай мен Ораш бейнесі болатын.Мен бүгінгі сабақта оқушылармен жұмыс жасауды Ақсерек көксерек ойыны түрінде өткіздім оқушылар топқа бөлініп сұрақтар алмасады.Сұраққа жауап бере алмаған оқушы келесі топқа өтеді. Осылайша қай топ оқушыларының саны көп болады сол топ жеңіске жетеді. Сабақ соңында оқушылар бағаланып, үй жұмысына Тортай мен Орашқа мінездеме беруге беріледі.


21.02.2020



Қазақ тілі


Қазақстандық кәсіби велошабандоз


Сыныппен амандасып, оқушыларды түгендедім. Үй жұмысын тексеріп, өткен сабақтарға бір шолу жасадым. Бүгінгі жаңа сабақта мен өзгеше әдіс –тәсілдерді пайдаландым . Сабақтың оқушыларға қызықты және тартысты өтуі үшін шағын дебат ұйымдастырдым. Сабақ соңында поезд вагондарына оқушыларды отыруға шақырдым. Ол бойынша оқушылар бірінші вагонда сабақты өте жақсы түсінгендер,ортаңғы вагондарға сабақтан алатын дүниелері әлі барлар және соңғы вагондарға сабақты мүлде түсінбегендер отырады. Үй жұмысына етісімдік түрлері кездесетін жұмбақтар жазып келуге берілді.


24.02.2020


Қазақ тілі


Қазақ халқының әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.

Қонақжайлық –ата дәстүр

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үй жұмысын тексерп оқушылардың сабаққа қаншалық дайындығын тексердім . Бүгінгі сабаққа Әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлер туралы оқушылар арасында пікір сайыс ұйымдастырып, бүгінгі сабьақтың қызықты өтуі үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым «Бейне ролик» әдісін «20 сауал» әдісін , «Білгенге маржан» әдістерін қолдандым. Сабақ соңында оқушыларға қызықты «Бес саусақ» ойынын ойнаттым. Үй жұмысына «Біздің үй ұстанатын салт-дәстүр» деген тақырыпта ой толғау жазуға бердлім.


25.02.2020



Қазақ әдебиеті


«Арман болған Ақбоз ат»


Оқушылармен амандастым, сыныпты түгелдедім. Сабақты бастамас бұрын оқушыларға ақ парақ А4 тарату арқылы оқушыларға Тортайдың бейнесін Ақ парақ әдісі арқылы бейнелеуді тапсырдым. Бірақ ешқандайда қалам , қайшы қолданбауы керек. Осы арқылы оқушылар Тортайды бейнесін бейнеледі.Бүгінгі сабақ бойынша мен жаңа әдістерді пайдалана білдім оқушыларға шығарма мазмұнын терең түсіне білуі үшін ойындар ұйымдастырдым. Сабақ соңында оқушылар бағаланып, үйге «Автордың өкініші не себепті?» деген тақырыпта эссе жазуға берілді.


26.02.2020


Қазақ тілі


Қонақжайлық –ата дәстүр


Оқушылармен амандастым, сыныпты түгелдеп, сабаққа дайындадым. Үй жұмыс тексеріп оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп өткенен соң жаңа сабақты бастадым. Жаңа сабақ Қонақжайлық- ата дәстүр .Сабақ барысында мен Тартыс әдісін Ойлан тап әдістерін пайдаландым. Үстеу түрлеріне қатысты тапсырмалар орындады.Сабақ қызықты өтті. Сабақ соңында оқушылар Білім ағашына өз тілектерін ілді. Үй жұмысына үстеу түрлерін жаттау, үстеуге қатысты яғни ішінде үстеуі бар мәтіндер жазып келу.


27.02.2020


Қазақ әдебиеті


Кейіпкерлер бейнесі


Әдеттегідей оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үй жұмысын тексеріп, оқушыларды әртүрлі кәмпиттер арқылы үш топқа бөлдім. Бүгінгі сабақ барысында Бейне сюжет әдісін , Миға шабуыл және Сыйқырлы орындық әдістерін пайдаландым. Сабақ соңында оқушыларды бағалап, үйге тапсырмалар бердім. Үй жұмысына оқушылардың деңгейіне байланысты әр түрлі тапсырмалар дайындап келіп , жеке-жеке тапсырмалар жазылған қағаздар таратып бердім.


28.02.2020


Қазақ тілі


Адамның бір қызығы бала деген


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үй жұмысын сұрамастан бұрын үстеуге қатысты мақал –мәтелдер жазылған қағаздар таратылады оқушыларға. Оқушылар мақал-мәтелдерді оқып, ішінен үстеулерді табады. Бұл оқушыларды сергітіп алу үшін жасалған болатын.Сонымен қатар сабақты қайталап өтуге де тиімді. Ендігі кезекте оқушылар үй жұмысына берілген жұмбақтарды жасырады. Сынып үй жұмысын түгел орындап, өте жақсы деп бағанды.Жаңа сабақ бойынша оқушылар алдымен топқа бөлініп,сонан соң әртүрлі әдістер арқылы сабақты қызықтыра түстім.Сабақ соңында оқушыларды бағалап, үй жұмысына бала туралы мақал –мәтелдер жинастырып келуге бердім.


02.03.2020



Қазақ тілі


Адамның бір қызығы бала деген


Ең алдымен сыныппен амандасып, оқушыларды түгелдедім. Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексердім. Жаңа сабақты өту барысында «Жеті әдіс» әдісін , «Толық ой» әдістерін пайдаландым.Сабақ соңында оқушыларды бағалап,үйге тапсырмалар бердім.


03.03.2020


Қазақ әдебиеті


Қалқаман Әбдіқадыров

«Қажымұқан»


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Өткен сабақты қайталау мақсатында Шариктер әдісін пайдаланып сұрақтар арқылы өткен сабақты қортындыладық. Жаңа сабақ Қалмақан Әбдіқадыровтың Қажымұқан әңгімесі болатын. Жаңа сабақты түсіндіру басында мен Бейне сюжет әдісін, Ойлан тап әдістерін пайдаландым. Сабақ соңында оқушыларды бағалап, үйге шығарманы толық оқып келуге және автор өмірі мен шығармаларына хронологиялық кесте жазап келуге бердім.

04.03.2020



Қазақ тілі


Салт –дәстүр және тәрбие


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үйге берілген тапсырмаларды тексеріп, сыныпты сабаққа дайындадым. Бүгінгі сабақта салт-дәстүрлерге қатысты әдістерді пайдаландым мысалы Тоғыз құмалақ әдісі, Көкпар әдістерін қолдандым. Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп, сайыс түрінде өтті. Сабақ соңында оқушылар бағаланып, үй жұмысына тапсырмалар беріледі. Қазаққа тән салт-дәстүрлер мен өзге елің салт –дәстүрлерін салыстырып жазу, мәліметтер іздеуге бердім.


05.03.2020


Қазақ әдебиеті


Қар күреген бала



БЖБ

Ең алдымен оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Бүгінгі жоспар бойынша бізде БЖБ болғандықтан сабақтың 20 минутын БЖБ ға жұмсадым. Қалған 20 митнутты үнемдеп , үй жұмысын да ,жаңа сабаққа да арнадым. Сабақтың соңында оқушыларға үй жұмысына Тортайдың бойынан табылатын қасиеттерді жазып келуге бердім.


06.03.2020



Қазақ тілі


Салт –дәстүр және тәрбие БЖБ


Алдымен оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Бүгін бізде БЖБ болатын. Сондықтан сабақтың 20 минутын БЖБ ға арнадым.Ал қалған уақытта үй жұмысы мен қатар жаңа сабаққа да үлгердім.Сабақ соңында үйге тапсырмалар берілді.Өткен тақырыптарды қайталау міндеттелді.


10.03.2020


Қазақ тілі


Наурыз – жыл басы


Ең алдымен оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Бүгінгі жаңа тақырып ол Наурыз- жыл басы деген болатын. Мен оқушыларды қазақтың жаңа жылын есте қаларлықтай болуы үшін әр түрлі ойындар алып келдім. Түрлі бейне роликтерде көрсеттім. Сабақ соңында оқушыларға үйден Жарапазан мен бата жаттап келуге тапсырдым.


11.03.2020



Қазақ әдебиеті


Жаяу сүйреген шана


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үй жұмысын тексеріп, оқушылардың дайындығын қарадым. Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларды топқа бөліп, Миға шабуыл әдісі арқылы 21 ғасыр көшбасшысы әдістерін пайдалану арқылы топтармен жұмыс жасадым. Сабақ соңында топтар бір-бірін бағалап, үй жұмысына тапсырмалар алды.


12.03.2020



Қазақ тілі


ТЖБ


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Бүгін ТЖБ оқушылардың ТЖБ ға дайындығын сұрап, ТЖБ сұрақтарын тараттым.



13.03.2020

Қазақ әдебиеті



Күш атасын танымас



Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдедім. Үй жұмысын тексеріп оқушылардың сабаққа дайындығын қарадым. Бүгінгі тақырып бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты түсіндірдім. Сабақ соңында оқушыларды бағалап, үйге тапсырма бердім.


16.03.2020


Қазақ тілі






Бұл апта басталысымен бізде коронавирусқа байланысты онлайн оқулар басталды. Оқушыларға зумм, ватсап программалары арқылы сабақ өту басталды.

17.03.2020



Қазақ тілі





Оқушылармен жұмыс жасау бізде онлайн форматқа көшті. Оқушыларға тапсырманы пән мұғалімімен бірлесе отырып, уатсап желісі арқылы жіберіп отырдық.


18.03.2020


Қазақ әдебиеті




Бізде осы аптада ТЖБ алу керек болатын коронавирусқа байланысты ол ертерек алынып, оқушыларға онлайн түрде тапсырмалар жіберіп, оның жауабын уатсап желісі арқылы тексердік.


19.03.2020


Қазақ тілі



Қазақтың ұлттық ойындары



Оқушыларға онлайн тапсырмалар үстеулерді қолдана отырып, ұлттық ойын туралы шағын мәтін жазуға бердім.



20.03.2020


Қазақ тілі



Қайталау тапсырмалары



Оқушыларға өткен сабақтар бойынша қайталау тапсырмаларын жібердім.


26.03.2020


Қазақ тілі






Бұл апта оқушылар демалыста болғандықтан біз сынып жетекшілермен пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, онлайн сабақтар дайындадық.


27.03.2020


Қазақ тілі






Оқушыларға онлайн сабақтарды дайындадық. Төртінші тоқсанда өтетін тақырыптарды қазақ тілден электронды түрде жасадық.


30.03.2020


Қазақ әдебиеті






Қазақ әдебиетінен онлайн сабақтарды енгізіп ,оқушыларға төртінші тоқсанға дайындадық. Пән мұғалімімен бірге жұмыс жасадық .


31.03.2020


Қазақ тілі





Онлайн сабақтар жасаумен қатар күнделікке үшінші тоқсан қортындыларында салдық.Сонымен қатар онлайн сабақ жөнінде оқушыларға түсіндірдік.


1.04.2020



Қазақ әдебиеті





Оқушыларға арнайы онлайн сабақтар арқылы жүргізу арқылы оқушылардың үйде отырып оқуына жол аштық. Пән мұғалімінің бағытымен онлайн сабақ әзірледік.


2.04.2020


Қазақ тілі





Оқушылар онлайн сабақтарға дайын.Қашықтықтан оқуға сабақтарды дайындап қойдық. Онлайн оқу оқушылар үшін уатсап желісі арқылы өте тиімді.


3.04.2020



Қазақ тілі





Онлайн оқу үшін оқушыларға дайындаған сабағымыз қызықты болады деген үміттемін.Өйткені онлайн сабақты құру барысында әтүрліәдіс тәсілдер кеңінен қолданылды.


06.04.2020



Қазақ әдебиеті





Бүгін міне онлайн оқыту басталды.Оқушылар онлайн оқуға дайын. Оқушыларды түгелдеп оларға арналған тапсырмаларды онлайн түрде жүктедік.


07.04.2020


Қазақ тілі





Оқушыларға дайындаған онлайн сабақтарымыз қызықты өтуде.Оқушылар онлайн түрде сабаққа түгел дерлік қатысып жүр.


08.04.2020



Қазақ әдебиеті





Оқушылар үшін онлайн сабақ қазіргі таңда тиімді өтуде. Олар интернет желісіне үйреніп келе жатыр .Бастапқы күнге қарағанда қарқындары басым.


09.04.2020



Қазақ тілі






Оқушылар онлайн сабақтарға біртіндеп үйреніп келе жатыр.Оларға қашықтықтан үйде отырып оқу тиімді бола түсті.


10.04.2020



Қазақ тілі





Оқушыларға арнап жасаған онлайн оқу жүйеміз оқушылардың көңілінен шықты.Оларға қашықтықтан оқу, үйде отырып жауап беру көңілдерінен шығып жатыр. Бір жағынан интернет желісін толыққанды меңгеруге де жол ашты.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет