Сабақтың тақырыбы Сағат саны Күні Мақсаты мен міндеттері Мазмұны Ұсынылатын материалдар



Дата01.06.2017
өлшемі133,5 Kb.
#17474
түріСабақ
Қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру сабағының күнтізбелік жоспары

(аптасына 1,5 сағат, барлығы 48 сағат)

А.Б.Акпаева,Л.А.Лебедева

Бөлімнің тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Күні

Мақсаты мен міндеттері

Мазмұны

Ұсынылатын материалдар

Қарапайым математикалық түсініктер

1,2-сабақ

Биік-аласа,кең- тар, үлкен-кіші, ұзын-қысқа



2 сағ.

2.09

4.09


Балаларды биік-аласа, кең-тар, үлкен-кіші, ұзын-қысқа ұғымдары-мен таныстыру. Шамаларды, заттарды салыстыра білуге үйрету. Ұғымдарды қалыптастыруға жаттықтыру, тілін-ойын дамыту.

Заттарды биіктігіне, үлкендігіне, кеңдігіне, ұзындығына қарай салыстыру.Олардың қарсы мағынасын айта білу, шамалардың бірдей емес. Әр түрлі жағдайларын ажырату. Аласа-биік, үлкен-кіші, кең-тар, ұзын-қысқа ұғымд-арын қалыптастыру жолда­рын қарастыру. үлгіге қарап сызықты бастыра жүргізу арқылы баланың моторикасын дамыту.

Оқулық дәптер Дидак.мат. Әдістемелік нұсқау




3,4-сабақ

Жуан-жіңішке,

қалың-жұқа,

жалпақ-жіңішке



2 сағ.

9.09

16.09


Балаларды жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдары-мен таныстыру. Заттарды, шама-ларды жуандығына, қалыңдығына, жал-пақтығына қарай салыстыра білуге үйрету. Ұғымдарды қалыптастыруға жаттықтыру, танымдық әрекетін ұйымдастыру, ойын-тілін дамыту.

Заттарды, шамаларды жуан-жіңішкелігіне, қалың-жұқалығына, жалпақтығына, яғни геометриялық фигураларына қарай салыстыру, ажырату. Осы ұғымдарды қалыптастыру жолдарын қарастыру. Ұжымдық, топтық балалар мен жеке орындалатын жұмыстар ұйымдастыру.

Оқулық-дәптер Дидак.мат. Әдіст. нұсқау




5,6-сабақ

Жоғары-төмен, оң жақта, сол жақта, алдында, артында, жанында, астын-да, үстінде, бетін-де, соңында, ара-сында, бірінші, екінші... жылдам, баяу, алыс, жақын т.б.



2 сағ.

18.09 23.09

Заттардың кеңістікке орналасуын, орнын ажырата білуге үйрету. Анықтау арқылы салыстыра білу, ұғымдарды саналы меңгерту. Танымдық әрекетін жетілдіру. Ойын-тілін дамыту.

Заттардың кеңістікте езара орналасу орнын анықтау. Заттардың орнын салыстырып оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Ұжымдық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ұғымдарды иге рту.

Оқулық-дәптер Дидак.мат. Әдіст. нұсқау




7,8-сабақ

Kөп, аз, артық, кем, сонша. Теңестіру.



2 сағ.

30.09

2.10


Заттарды санына қарай салысты-руға үйрету. Көп-аз,артық-кем, сонша ұғымдарымен таныстырып, салыстырып сан ұғымына келуге үйрету. Теңестіру жолдарын меңгерту.

Заттарды санына қарай салыстыру. Сан ұғымы. Көп-аз, артық-кем, сонша. Қаншасы артық (кем) сұрақтары. Саны бір-бірінен артық-кем заттарды теңестіру. Теңестірудің екі жолын меңгерту. (алып немесе қосып).

Оқулық-дәптер Дидак.мат. Әдіст. нұсқау

Алғашқы

ондық


(1-10

дейінгі


сандар)

9,10-сабақ

1 саны мен цифры



2сағ.

7.10

14.10


Көп ұғымынан бірді бөліп алуға үйрету. 1 санымен цифрымен та­ныстыру



Көп — бір ұғымы. Бір санын көптен бөліп алу. Бір цифры. Бір цифрының жазылуы.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау




11, 12, 13 -сабақ.

2 саны мен цифры

+, -, = таңбалары


3 сағ.

16.1021.1028.10

2 санының пайда болуымен таны­стыру. 2 цифрымен таныстыру. Қосу, азайту амалдары және тең ұғым. Олардың таңбасымен таны­стыру.

2 санының пайда болуы. Қосу, азайту амалдары, тең ұғымы. Олардың таңбалары.

2 цифрының жа­зылуы.



Оқулык, дәптер Дидак. мат. Әдістемелік нұсқау




14-сабақ

0 саны мен цифры



1 сағ.

30.10

0 саны цифрымен таныстыру. 0-дің пайда болу негізін (принципі) ұғындыру. 0 цифрын жазуға үйрету-

0 саны, оның пайда болуы, 0 цифры 0 санының азайту амалы арқылы пайда болатындығы; кез келген санды өзінен-өзін шегергенде 0 пайда бо-латыны; нөл санының мағынасы, маңызы, сан есіндегі орны жайлы түсіндіру.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау




15,16-сабақ

3 саны мен цифры



2 сағ.

18.1020.11

3 саны. Цифрымен таныстыру. 3-тің пайда болуы, алдындағы санды шығарып алу жолын анықтау. 3 цифрын жазып, есеп шығаруға үйрету. Санының құрамын анықтау.

3 саны оның пайда болуы, 3 цифры. 3 санын шығарып алып, алдындағы санды анықтау. Сан ката­ры: 1,2,3. Kepi санау. 3 санының құрамын ажырату. Практикалық жұмыстар арқылы ұғымдарды бекіту.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау




17-сабақ

4 саны мен цифры



1 сағ.

25.11

4 саны цифрымен таныстыру, цифрдың жазылуы. 4 санының құрамын анықтау.

4 саны, оның пайда болуы, 4 цифры. 4 саны мен оның алдындағы санды шығарып алу. Сан қата­ры: 1,2,3,4. Kepi санау. Әртүрлі деңгейдегі тап-сырмаларды орындату.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау




18-сабақ

5 саны мен цифры



1 сағ.

2.11


5 саны цифрымен таныстыру. 5 санының пайда болуы. Құрамын анықтау.

5-ке дейінгі сандар мен олардың құрамын қайта-лау. Сан қатары, тура, кері санау.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. Н.




19,20-сабақ

Салыстыру



2 сағ.

4.12

9.12


Сандарды салыстыруға үйрету. Артық, кем таңбалармен таныс­тыру.

Сандарды, заттарды санына қарай салыстыру. >,< таңбалары. Сан мен санды, сан мен өрнекті салыстыру жолдары.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау




21-сабақ

Қайталау


1 сағ.

23.12

5-ке дейінгі сандар, олардың құрамы, амалдар қолдануды қайталау.

5-ке дейінгі сандар мен олардың құрамын қайта-лау, білімдерін бекіту, бақылау.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нусқау




22-сабақ

6 саны мен цифры



1 сағ.

25.12

6 саны цифрымен таныстыру. 6 санының қурамын анықтау.

6 саны мен цифры. 6 санының пайда болуы. 6 санының құрамы. Сан катары: 1,2,3,4,5,6.

Оқулық-дәптер Дидак.мат. Әдіст. нұсқау




23, 24-сабақ

7 саны мен цифры



2 сағ.

13.0120.01


7 саны цифрымен таныстыру. 7 санының қурамын анықтау.

7 саны мен цифры. 1 санының пайда болуы. 7 са-нының құрамы.

Сан қатары: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.



Оқулық дәптер Дидак.мат. Әдіст. нұсқау




25-сабақ

8 саны мен цифры



1 сағ.

22.01

8 саны цифрымен таныстыру. 8-дің пайда болу, оның алдындағы санды шығарып алу негізін, сан қурамын анықтау.

8 саны мен цифры. 8 санының пайда болуы, 8 санының құрамы. 8 санының құрамына жаттықтыру жұмыстары. Сан қатары: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.

Оқулық-дәптер Дидак.мат. Әдіст. нұсқау




26, 27-сабақ

9 саны мен цифры



2 сағ.

27.01

10.02


9 саны цифрымен таныстыру. 9-дың пайда болуы мен 9 санының құрамын анықтау.

9 саны мен цифры. 9 санының пайда болуы, 9 санының құрамы. 9 санының құрамына жаттықты-ру.Сан қатары: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8,9

Оқулық-дәптер Дидак.мат. Әдіст. нұсқау




28, 29-сабақ

10 саны


2 сағ.

12.0217.02

10 саны, оның таңбалануымен та­ныстыру

10 саны, оныңтаңбасы. 10 санының пайда болуы. 10 санының құрамы Сан қатары: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Тура, кері санау.

Оқулық-дәптер Дидак.мат. Әдіст. нусқау




30-сабақ

Салыстыру



1 сағ.

24.02

10 көлеміндегі сандарды салыс­тыру, сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстыруды меңгерту.

10 көлеміндегі сандар сан мен өрнекті, өрнек пен өрнекті салыстыру. Вен үлгісімен жұмыс.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау




31, 32-сабақ

Сан құрамы



2 сағ.

26.02 3.03


10 көлеміндегі сандардың қүра-мын пысықтау. Есептеу дағдыла-рын жетілдіру.

10 көлеміндегі сандар, олардың реті. Сан қура-мын ажыратудың әр түрлі тәсілдері

Оқулық-дәпт. Дидак.мат. Әдіст. нұсқау




33-сабақ

Есептер шығару



1 сағ.

10.03

Есеп құрастырып шығаруға үйре-ту. Есептеу дағдыларын дамыту.

Берілген суреттердегі әрекеттерге талдау жасау. Соған сәйкес есеп құрастырып шығару. Есептің жауабы.

Оқулық-дәптер Дидак.мат. Әдіст. нұсқау




34, 35-сабақ

Ауыр-жеңіл, сұйық және сусымалы заттар.



2 сағ.

12.03

17.03


Ауыр-жеңіл, масса ұғымдарымен, сүйық, сусымалы заттармен таныстыру. Оларды шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеуге үйрету.

Ауыр, жеңіл заттың массасы, заттың физикалық күйі, сүйық, сусымалы заттардың қасиеті. Шарт­ты өлшеуіштермен өлшеу.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау.

Геомет­рия элемент-тері

36, 37-сабақ

Нүкте. Сызық. Түзу. Кесінді.



2 сағ.

2.04

7.04



Нүкте, сызық. Түзу, кесінді ұғымдарымен таныстыру.

Нүкте, сызық, түзу, кесінді ұғымдары. Және пай­да болуы. Оларды тану, ажырату. Сызықтың түрлері. Практикалық тапсырмалар мен жұмыс жүргізу.

Оқулық-дәптер Дидак.мат. Әдіст. нұсқау




38, 39-сабақ

Бұрыш, Тік бүрыш. Тік төртбүрыш.



2

сағ.


14.04

16.04


Бүрыш, тік бүрыш, тік төрт-бұрыш ұғымдарымен таныстыру

Бүрыш, тік бұрын, тік төртбүрыш ұғымдары. Олардың пайда болуы. Бүрыш түрлері. Тік бүрышты, тік төртбүрышты тану, бір-бірінен ажырату.

Оқулық дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау




40, 41-сабақ

Үшбүрыш.


Шаршы.Текше.

Дөңгелек.

Цилиндр.


2

сағ.


21.04

28.04


Үшбұрыш, шаршы, текше, дөңгелек, цилиндр, паралелопипедпен таныстыру. Ұзындығын, енін, биіктігін табуға, ажыратуға үйрету.

Үшбүрыш, шаршы, текше, дөңгелек, цилиндр, параллелопипед. Олардың бір-бірінен айырмашы-лығы, үқсастығы. Ұзындығы, биіктігі, ені

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау




42, 43-сабақ

Теңге


2

сағ.


30.04

5.05


Теңгелермен, теңге ұғымымен таныстыру. 11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрамын теңгелермен есептеуге үйрету.

Теңге ұғымы. Теңге түрлері. Теңгелермен 11 -ден 20-ға дейінгі сандардың құрамын анықтау. Есеп­теу тәсілдері

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау




44-сабақ

Уақыт.Ай. Апта. Тәулік. Таңер-тең. Сәске, Түс. Бесін, Кеш. Түн.



1

сағ.


12.05

Уақыт өлшеуіштері. Жыл, ай. Апта, тәулік, таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, түн ұғымдарымен таныстыру. Уақытты бағдарлай білуге үйрету.

Уақыт елшеуіштері. Жыл, ай, апта, тәулік, таңер-тең, сәске, түс, бесін, кеш, түн ұғымдары. Күн режимі. Уақытты бағдарлап, ажыратуды қалыптастыру.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау




45, 46-сабақ

Бүтін затты тең екі. 4 бөлікке бөлу



2

сағ.


14.05

14.05


Бүтін затты теңдей 2,4 бөлікке бөлуге үйрету. Жарты, ширек ұғымдарымен таныстыру.

Бүтінді қақ белу. Теңдей 2,4 белікке белу. Жар­ты, ширек ұғымдары, оларды бір-бірінен ажы­рата білу. Жартыны бүтіндеу.

Оқулық-дәпт. Дидак. мат. Әдіст.нұсқау




47, 48-сабақ

Қортынды. Қайталау.



2

сағ.


19.05

19.05


Қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін тиянақтап бекіту.

Қарапайым математикалык, түсініктерді сауат ашу, тіл дамыту, бейнелеу енері, керкем әдеби-етт.б. сабақтармен интеграциялы-кешенді қара-стырып жүргізу.

Оқулық-дәптер Дидак. мат. Әдіст. нұсқау


2-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Биік. Аласа. Кең. Тар. Үлкен. Кіші. Ұзын. Қысқа.

Сабақтың мақсаты:

Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік-аласа, кең-тар, үлкен-кіші, ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажыратуға баулу. Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а) Балаларды қарапайым математикалық түсінік беру пәнімен таныстыру;

ә) Пәнді оқытудың мақсаты — міндеттерін ұғындыру.

II. Жаңа сабақ мазмұны:

III. а) Жаңа материалды түсіндірмес бұрын сынып бөлмесінен, он дағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең).

Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай? (Кең, ұзын). Мектеп үйі ше? (Биік, үлкен), т.с.с.

ә) Оқулықпен жұмыс.

1. Бала оқулықтағы екі үйді салыстырады. Мұғалім не тәрбиешінің сұрақтары арқылы екі үйдің айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері кең, кіші үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екендігі анықталады. Үйдің төңірегіндегі ағаштардың көлемі, биіктігі салыстырылады. Шыршалардың биіктігі бірдей немесе олардың біреуі екіншісінен биігірек, болмаса аласа т.б.

2. Оқулық дәптердегі суретте көлік жүретін үлкен көше мен тротуардың ені, ұзындығы қарастырылды. Көше кең. Тротуар тар.

3. Екі оқушы баланың бойы мен жасы салыстырылады. Олардың бірі — үлкен, екіншісі — кіші. Үлкенінің бойы — кішісінен (немесе інісінен) биік, інісінің бойы — аласа. Ағасының киімі інісіне кең, інісінікі ағасына тар болатынын сұрақ-жауап арқылы анықтау қажет. Ағасы — үлкен доппен, інісі кіші доппен ойнайды. Үлкен доп — футбол, волейбол, баскет­бол ойнау үшін қажеттігі айтылады.

Доптар бір-бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Сондай-ақ, киімдердің ұзын-қыскалығы, кең-тарлығы, үлкен-кішілігі айтылады. Қылқалам қарындаш-тардың ұзындықтары салыстырып ажыратылады.

б) Ойындар.

Бұл сабақта "Өз үйіңді тап", "Үй тұрғызайық", "Сипаттамасы бойынша тап" деген дидактикалық ойындар ойнау ұсынылады.

в) Дәптермен жұмыс.

Өтілген ұғымдарға сәйкес оқулық дәптерде берілген тапсырмалар орындалады. Онда торкөзді санап отырып, шыршаларды салып, биіктіктерін салыстыру қажет. Үйлердің қабырғасының еніне қарап кең-тарлығын анықтап, үзік сызықты бастыра жүргізді. Сол сияқты басқа берілген тапсырмалар осы үлгіні басшылыққа алады. Жаңа ұғымдарды меңгертуде дидактикалық материалды, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді пайдаланып, балалардың танымдық қабілеттерін дамытады.

Қорытынды

Сонымен, бұл сабақта бала өзін қоршаған ортадан, күнделікті тіршілік — тынысынан биік-аласа, үлкен-кіші, кең-тар, ұзын-қысқа ұғымдарын танып-біліп, заттарды салыстырып, ажыратуды меңгереді.
4-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жуан. Жіңішке. Қалың. Жұқа. Жалпақ. Жіңішке.

Сабақтың мақсаты:

Балаларды жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету:

Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

а) Математикалык, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, санамақтар мен балалардың зейінін пәнге аудару.

ә) Сабаққа қажет құрал-жабдықтарды дайындау.



II. Жаңа сабақ мазмұны:
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет