«Жол инспекторының жас достары»
үйірмесінің жоспары.
Р/с
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
1.
|
Жол қозғалысы ережелері (қайталау)
|
1
|
|
2.
|
Жол және оның элементері
|
1
|
|
3.
|
Жол жүру әліппесі.
|
1
|
|
4.
|
Көшеде сақ болайық!
|
1
|
|
5.
|
Көлік құралдарының аялдау жолы.
|
1
|
|
6.
|
Оқушылардың жол-көлік оқиғағасы кезінде өзін-өздері ұстаулары.
|
1
|
|
7.
|
Әртүрлі жарақат алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету.
|
1
|
|
8.
|
Жол қозғалысының қауіпсіздігі.
|
1
|
|
9.
|
Қозғалыстың жас инспекторлары – ҚЖИ.
|
1
|
|
10
|
Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі.
|
1
|
|
11.
|
Жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері. Жол «қақпандары».
|
1
|
|
12.
|
Велосипедке қойылатын техникалық талаптар. Велосипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар.
|
1
|
|
13.
|
Жол-көлік оқиғасына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерттеу.
|
1
|
|
14.
|
Тест №1
|
1
|
|
15.
|
Егер бағдаршам жоқ болса ...
|
1
|
|
16.
|
Ереже бәрімізге жол сілтейді.
|
1
|
|
17.
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
|
18.
|
Жол белгілерінің жолда пайдасы
|
1
|
|
19.
|
Үйге қайтар жолда (көрініс)
|
1
|
|
20.
|
Тыйым салатын белгілер
|
1
|
|
21.
|
Ескерту белгілері
|
1
|
|
22.
|
Қосымша тақтайшалар
|
1
|
|
23.
|
Алдын –ала қойылатын белгілер
|
1
|
|
24.
|
Ақпараттық – көрсеткіштік белгілер.
|
1
|
|
25.
|
Көлік туралы не білесің?
|
1
|
|
26.
|
Велосипед – ережесі.
|
1
|
|
27.
|
Қорытынды сабақ.
|
1
|
|
28.
|
Жүргізуші көзімен (сурет көрмесі)
|
1
|
|
29.
|
Келешектің жол ережесі (шығарма)
|
1
|
|
30.
|
Қоғамдық транспортты пайдалану ережесі
|
1
|
|
31.
|
Алғаш жәрдем көрсету
|
1
|
|
32.
|
Алақай, біз жол ережесін толық білеміз!
|
1
|
|
33.
|
Тест №2
|
1
|
|
34.
|
Қорытынды сабағы.
|
1
|
|
Бекітемін: Бекітемін:
«Бейімбет Майлин атындағы «Бейімбет Майлин атындағы
№7 мектеп - гимназиясы» КММ №7 мектеп - гимназиясы» КММ
Директоры директордың тәрбие –ісі жөніндегі
Қ.И.Бірмановаға орынбасары
«___»_____2020 ж. А.Ғ.Сқақ
«___»_____2020 ж
2020-2021 оқу жылындағы
«Жол инспекторының жас достары»
үйірмесінің жылдық жоспары
Үйірме жетекшісі: Ауезхан Ақбидай Мирамқызы
Түсінік хат
«Жол инспекторының жас достары» 4 – 8 сынып оқушыларына арналған факультатив сабағының бағдарламасы. Аптасына 1 сағат 34 сағат берілген.
«Жол инспекторының жас достары» (ЖИЖД) үйірмесінің мақсаты:
Оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажыраты білуге үйрету;Жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен азаматтар санын және осы оқиғалардан болатын материалдық залалды азайту.
Міндеттері: Бағдарламаның мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қаралады:
жол жүрісі саласында құқық бұзушылыққа жол жүрісі қатысушылардың заң сыйлаушылық және келеңсіз қатынастар таптаурындардың жұмыс істеуіне бағытталған халықпен алдын алу кешенді жүйелерін және ақпаратты жұмыстарды құру;
барынша балаларды қамтуына және қазіргі заман әдістері, технологиялары мен жабдықтары негізінде жол жүрісі қатысушыларының қауіпсіздік жүру дағдысын үйрену талаптарын құруына бағытталған балалардың жол-көлік дене жарақатын алдын алу жүйелерін жергілікті жаңғырту;
бақылау қызметін тиімді ұйымдастыру есебінен жол жүрісі саласындағы нормалар мен ережелерді қадағалау деңгейін елеулі көтеру, қазіргі заманның автоматтық жүйелер мен құралдарды кең қолданудың жаңа үлгісі мен бақылау әдісін енгізу;
жолдардағы авариялық-қауіпті учаскелерді жою, көлік құралдары тұрағын ұйымдастыру, жол жүрісін ұйымдастырудың қазіргі заман әдістері мен құралдарын қолдану, жүрумен автоматтандырылған жүйесін басқаруды енгізу, норма, электр жарығы, тосқауыл қоршаулары, тротуар орнату талабына сай автомобиль жолдарының жабдықтары.
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
ескерту белгілері
басымдылық белгілері
тыйым салу белгілері
міндеттеу белгілері
ақпараттық-көрсеткіш белгілері
қызмет көрсету белгілері
қосымша тақтайшалар.
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.
Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.
Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.
Үйірме мазмұнының негізгі принциптері:
Күтілетін нәтижелер:
Балаларға сай іс-шаралар мынадай мүмкіндіктер туғызады:
Оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналарды жұмысқа кірістіру;
Баланаң тұлғалық интеллектуалды және әлеуметтік, эмоцианалды жақтарын дамыту;
Құрбыларының арасында және үлкендермен қарым-қатынас жасаудың коммуникативті тәсілдерін меңгерту;
Шығармашыл қиялын, өз ойын, сезімін түрлі шығармашылық тәсілдермен айта білуді дамыту;
Балалардың өз күшіне сенуін, «үлгірім» сезімін дамыту.
«Жол инспекторының жас достары» отрядының ұраны
Біз қырандар қырағы
Жолдың бойы тұрағы
Қуғандарын құтқармас
Темір тұлпар пырағы
Көпке самғап қыраны
Елім ерлеп тұрағы
Отанымның біз деген
Болашағы жыр әні
«Жол инспекторының жас достары» отрядының әні
Біз - Отанның түлегіміз
Біз уақыттың жүрегіміз.
Гүлдей боп жайнаймыз,
Бұл бұл боп сайраймыз,
Өлкенің бұлағындай ойнаймыз.
Қайырмасы:
Отанның ұланы біз жаңа ел!
Жолымыз тұр әлі нұр қия бел!
Өзіңді жырлаймыз туған ел!
Біз Отанның қыранымыз.
Өмірге еркелеп, көңілді өлкеде,
Қараймыз келер күнге туған ел
Достарыңызбен бөлісу: |