Сабақтың тақырыбы: сандық ақпаратты кодтау мәтіндік ақпаратты кодтау Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі43,47 Kb.
#24132
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:_____________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: §2.Сандық ақпаратты кодтау

§3. Мәтіндік ақпаратты кодтау



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларда ақпаратты кодтау не екені туралы түсінік қалыптастыру, сандық ақпаратты кодтау, мәтіндік ақпаратты кодтау ұстанымдарын көрсету

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету

Дамытушылық:Оқушылардыңойлауқабілетін, логикасын, мәдениеттілігін

дамыту.


Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма



Үй тапсырмасын тексеру:

* Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді сақтау керек?

* Пернетақтаға су немесе тамақ төгіліп кетсе не болады?

* Өз беттеріңше компьютерге құрылғы қосуларыңа бола ма?

Жаңа түсініктер:

Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады,оның кері кодталуы декодтау процесімен тікелей байланысты. Екілік алфавиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйдіайыра білуі керек, мысалы; 1-құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын , немесе 1-жоғары кернеу ,0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар , 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды . Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.



ASCІІкоды.

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код-ASCLL коды - американдық



апарат алмасудың стандарттық коды.

Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар . Кесте екі бөліктен тұрады ; стандарты, баламалы .

Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар , 0- ден 127-ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.

Кеңейтілген бөліктегі-128-ден 255-ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

Сигнал дегеніміз- оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз- сигналадар жіберу.

Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері,музыкалық нота нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады.Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.

Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті,жаңа,пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.



1 байт =8бит;

1 кбайт(килобайт)=1024 байт;

1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;

1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;

Сабақты бекіту сұрақтары:

Тапсырмаларды орындау. Тапсырмаларды тез аяқтаған оқушыларға ребусты шешу ұсынылады («Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөлімінің 4-тапсырмасы).

4. Ребус жауаптары:

Ондық код, екілік жүйе, санақ жүйе.

Тапсрымалар:

1-тапсырма

Сәйкестендір.

Дабылдың бір түрден екінші түрге айналу үдерісі Код

Кодтауға кері үдеріс Кодтау

Әрбір нақты хабарламаға қатаң белгіленген Декодтау

Таңбалар үйлесімін салыстыру ережесі
2-тапсрыма

Сандардың екілік кодын жаз.

Ондық сан

Екілік код

5

101

10

1010

15

1111


Қортындылау:

Тәжірибелік жұмысты бағалау.


Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. §2.Сандық ақпаратты кодтау

§3. Мәтіндік ақпаратты кодтау
Каталог: uploads -> doc -> 1151
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1151 -> Сабақ тақырыбы: «Математикалық индукция әдісіне есептер шығару»
1151 -> Сабақтың тақырыбы : «Менің сүйікті тағамым- палау»
1151 -> Тақырыбы: «Мен және менің достарым» Мақсаты
1151 -> Сабақтың міндеттері
1151 -> 3 Смирнов орта мектебі баяндама оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы
1151 -> Сабақтың тақырыбы: Cанның модулі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет