Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»



Дата25.01.2017
өлшемі476,97 Kb.
#7849
түріСабақ
Қызылорда қаласы

197 қазақ орта мектебінің



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жүнісбаева Жадыра

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» шығармасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жазушы туралы мағлұмат беру,шығарманың мазмұнын игеріп,

идеясын ашу.



Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге,жанашырлыққа,уәдеге

беріктікке үйрету.



Дамытушылық: Өнерге деген қызығушылығын арттыру,таным

қабілеттерін,шығармашылығын дамыту.



Түрі: Дәстүрлі емес.

Әдіс: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, сұрақ-жауап, ойтолғаныс.

Көрнекілігі: Сапағали Бегалин, Шоқан Уәлиханов портреттері, слайд

пайдалану.



Пән аралық байланысы: қазақ тілі,математика,тарих.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.

Сәлеметсіңдер ме,балалар? Бүгін түгел келдік пе? Ал,енді оқу-құралдарымызды алып, сабаққа дайындалайық.



Үй тапсырмасын тексеру

1. «Бала Шоқан» әңгімесін оқып,мазмұнын біліп келу

2. .«Бала Шоқан» шығармасы бойынша сурет салып келу.
«Ой жинақта жоспарлап» Әңгіме бойынша жоспар құрылып,реттік сандары ауыстырылып,оқушыларға ұсынылады.Оқушылар әңгіменің мазмұны бойынша жоспар тақырыптарын дұрыс орналастыру керек.

Мына жоспарды дұрыс орналастыр:

1.Жасқаншақ Мысық.

2.Өнерді сүйген Шоқан.

3.Қайырымдылық.

4.Мүсінші Мысық.

5.Уәде еттің,орында.

Дұрыс құрылған жоспар слайд бойынша көрсетіліп,оқушылар өздерін тексереді.

Жоспар:

1.Мүсінші Мысық.

2.Жасқаншақ Мысық.

3.Өнерді сүйген Шоқан.

4.Уәде еттің,орында.

5.Қайырымдылық.



«Топтастыру» стратегиясы

«Бала Шоқан» әңгімесінің мазмұнын үш топ үш бөлім бойынша айту. (Оқушылар түсінгенін мазмұндап айтады).

Салған суреттерінен өз ойын жеткізу.




Негізгі тақырыбы

Идеясы

Достық,мейірімділік,қайырымдылық.

Досты байлығына әдемілігіне қарамай, адалдығына,өзіңнің жаныңа жақын болуына қарау.


«Сөздің мәнін талдап ұқ» Сөздікпен жұмыс.

Күзек - малдың күзгі жайылымдағы қонысы.

Әбдіре – киім салынатын сандық.

Ықтияр - өз еркі. (Шоқан зорлық емес, ықтиярымен алмақ болды.)



«Зерделі сұрақ ұтымды жауап». Сұрақтарға жауап беру.


Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?

Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды?

Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады?


Шоқанның қайырымдылы-ғы,уәдеге беріктігі қай ісінен байқалды?

Шоқанның бала күнгі көргендері-нің болашақта пайдасы болды ма?

Шығармадан теңеулерді тап

Шығармадағы тұрақты сөз тіркесті тап

Шығармадан көнерген сөздерді тап

Шығармадан төрт түліетің қандай түрін кездестірдік?

1. Шоқан күзекке келгенде Мысықпен танысты.

-Ей,Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді?-деп Шоқан сары балаға жылы амандасып,күлімсірей қарады.

2. Шоқанмен Мысық жаздай бірге ойнап, дос болған.

3.Шоқан Мысық жасаған мүсіндерге қатты қызығады,оның өнерін бағалайды.

4. Шоқан Мысықты үйіне әкеліп,қант,бауырсақ,киімдерін де береді.

5. Шоқан бала күні Мысықтың өнеріне қызығып, өскенде суреші болды.

6. Сары баланың сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын елеңдете, аяңдатып жетіп келді.

Күміс қарғылы тайдай тазы тұрып алып,алдыңғы екі аяғын көсіліп жіберіп, төсін жерге тигізе керілді.

7 Кесек денелі-ірі (Кесек денелі Жақып келе Шоқанға:)

Бата алмайды- жасай алмайды,көңілі дауламады. (Мысық аяғын ілгері басуға бата алмайды.)

Зәресі ұшып –қорқып. (Мысық мұрны шуылдап, зәресі ұшып, Шоқанның артына қарай ығыстай берді.)

именіп қалған-сескену. ( Шоқаннан именіп қалған тентек Жақып апасының арғы жағынан Мысыққа мысқылдай қарап, сықылықтай жұдырығын көрсетіп,кіжініп қояды.)

Имене жұтып- қысылу,қиналу. (Бауырсақты бір-бірлеп жеп,қымызды имене жұтып, отырған Мысыққа Шоқан)

8. Пәуеске арба- адам отыруға арналған атқа жегілген арба. (Және пәуеске арбаның бейнесін жасапты.)

Күйме- әшекейленген арба түрі. (Жалғыз-ақ күймесінің жабдығын таба алмаған.)

Әбдіре- киім салатын сандық. (-Кәмила,мына балаға ана әбдіредегі кездемеден көйлектік шыт жыртып берші, шешесі бар шығар, тіктіріп кисін,-деді.)

9 Жылқы төлі-құлын

Түйе төлі - бота

Сиыр төлі- бұзау

Қой төлі-қозы


88888 «Ой түю» стратегиясы

Семантикалық кесте


р/с

тұлға
өмірі







1

Шығыс Қазақстанда 1895 жылы дүниеге келді.

+




2

Шын аты-Мұхаммед-Қанафия




+

3

Әкесі - Ысқақ

+




4

1835 жылы Қостанайда дүниеге келді




+

5

1865 жылы қайтыс болды




+

6

Әкесі –Шыңғыс,Абылай ханның ұрпағы




+

7

1982 жылы қайтыс болды

+




8

Балалар әдебиетінің негізін салушы

+




9

Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғалым




+

10

Саяхатшы,ағартушы,тарихшы




+



«Ой қорыту» стратегиясы

Ассосация әдісі

жасқаншақ мұсінші



ақкөңіл Мысық қорқақ
жылауық

Балалар әдебиетінің негізін салушы зерттеуші



жазушы фольклорист


Шоқанның портреті

Шоқан -сұңғақ бойлы,жазық маңдай,қасты,өткір көзді, қыр мұрынды,ерні үлкендеу,мұртты келген аққұба,сымбатты жігіт.

Шоқанға мінездеме

Шоқан өте сыпайы,әдепті,қайырымды,сабырлы,ақылды,уәдені берік ұстайтын,адамгершілігі мол, ары таза жан.




«Ойтолғаныс» стратегиясы.

Шоқанға әр топ бес жолды өлең жазу.

Берілген сөздерден әр топ келесі топқа өз тілектерін білдіреді. (Бата,сөз,денсаулық)

Үйге тапсырма беру.

1) «Бала Шоқан» әңгімесін оқу.

2) “Екі жақты күнделік” кестесін толтыру.


Шығармадағы маған әсер еткен жағдай

Менің өз ой-пікірім




 

Бағалау.

Сау болыңыздар



197 қазақ орта мектебі

Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»


Сыныбы: 5 «ә»
Пәні: Әдебиет
Пән мұғалімі: Жүнісбаева Жадыра

Қызылорда қаласы
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет