Сабақтың тақырыбы: Сармат тайпаларының орналасуы Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі52,16 Kb.
#29417
түріСабақ
6-сынып Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Сармат тайпаларының орналасуы

Сабақтың мақсаты:

  • Батыс Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі өмір сүрген Сармат тайпаларының тарихы мен орналасуы және қоғамдық құрылысы туралы түсінік беру;

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушылардың іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өздігінен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау жасау;

  • Қосымша деректермен таныстыра отырып, олардың дүниетанымын, тарихи ойын дамыту.;

  • Елжанды, ұлжанды азамат болып өсуге тәрбиелеу. Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - баяндау, сатылай кешенді талдау, сәйкестендіру тесті, сұрақ - жауап, сандар сөйлейді. 

Көрнекілік: Карта, плакат, тірек - сызбалар, слайдтар. Техникалық құралы:

Күтілетін нәтиже: Батыс Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі өмір сүрген Сармат тайпаларының тарихы мен орналасуы жайлы түсінік береді.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасып, түгелдеу

- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасы: Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
1.Ғұндардың негізін қалаған кім және билеушісін қалай атады?
2.Ғұн қанша руға бөлінді және оларды кім басқарды?
3.Ғұндардың екінші көші қай жылы басталды және тарихта бұл көш қалай аталды?

4.Еуропаны Рим үстемдігінен азат еткен кім?
5.Атилланы қазақтар неліктен Еділ деп атаған?

6.Солтүстік ғұндардың әміршісі кім болды?
7. Тұтқынға түскен адамды қалай атады?
8. Қаңлылар байланыс жасаған елдердің бірі.
9. Олар жинаған сырты қатты жеміс түрін ата
10. Қаңлылар табынған аспан денелерінің бірі
11. Ыдыстары неден жасалған?
Ой қозғау:
Картамен жұмыс: Оқушылардан өткен тақырыптар бойынша Сақтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндардың мекендеген жерлерін картадан көрсетеді.
Ендеше жаңа сабағымыз Сармат тайпаларының мекендеген жерлері, шектесетін аймақтары, жорық жасаған аймақтары туралы көрсетейік.
Мұғалім сөзі:
Қазақстан аумағында б. з. б. 3 ғасыр мен б. з. дың 5 ғасыр аралығында үйсін, қаңлы, ғұн, сармат мемлекеттік бірлестіктері қалыптасты.
Біз олардың үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларымен таныстық. Ендігі танысатын тайпамыз Сарматтар екен.(жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарларын дәптерге жазғызу)


ІІІ. Жаңа сабақты оқытудағы жоспары:
1. Сарматтардың орналасқан жері.
2. Савроматтар.
3. Арал - Каспий теңіздері аралығын мекендеген тайпалар.
4. Қоғамдық құрылысы.

Cарматтар

«Сармат» деген жұрттың аты көне дәуір авторларының еңбектерінде б. з. б. III ғасырдан бастап кездеседі.
Тарихи деректерде алғашқы кезеңде б. з. б. VIII ғ. «савроматтар» деп аталған.
Арал - Каспий аралығында оңтүстікке қарай дах (дай, даг) тайпалары тіршілік еткен.
Каспий теңізін Гиркан теңізі деп атаған, соған байланысты каспийліктерді кейде гирканилер дейтін.
Еліміздің батыс аумағын б. з. б. VIII ғ. мен б. з.- дың V ғ. мекендеген.

Cарматтар жөнінде жазған тарихшылар

Дидор
Үлкен Плиний
Полибий
Герадот

Грек тарихшысы ГЕРАДОТ Б. з. б 490/480 - 425 ж. ш.
Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген, қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған. Савроматтар дах - массагеттер - мен, исседондармен туыстас келген.

 

Тапсырмалармен жұмыс. БАСҚАТЫРҒЫШ.

              Арсақ, Геродот,Ксеркс, Гиркан, Парфия, сармат.

д р о д г и ф

и е г о и я р

о а қ т р к а

д с к с с а п

о р с к а н т

р а е р р м а

 
Көп нүктенiң орнына тиiстi сөздердi қойыңдар. 

Ежелгi грек тарихшысы Геродоттың хабарлауынша, савроматтар 

______________ өте жақын тiлде  сөйлеген, қауымдағы ________________тең саналған. Савроматтар________________ туыстас келген. Дай мен адай арасын кемінде ________ жыл бөліп жатыр. 

Жауабы? скиф тіліне, ерлер мен әйелдер, дах-массагеттермен, исседондармен, 1 мың.


IV.Сабақты бекіту сұрақтары:


Балама тест (иә немесе жоқ).

1. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ Оңтүстік Қазақстан. (жоқ)

2. Тарихшы Дидордың айтуынша савроматтар «биік турлардың бауырында» тұрған агипейлермен көрші. (жоқ) 

3. Гиркан сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы. (иә)

4. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы иседондар. (жоқ)

5. "Сармат" атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. ІV ғасырдан бастап  кездеседі. (жоқ)

6. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы әскери демократия. (иә)

7. Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы сақ-массагеттер. (жоқ)

8. Апарндар Б.з.б.248-247 жылдары Парфияны басып алған сармат тайпасы. (иә)

9. б.з.б. VІІІ ғ.-б.з. V ғ. сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі. (иә)



10. Сарматтар скиф тіліне жақын тілде сөйлеген. (иә)

V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма: Сармат тайпаларының орналасуы

  • Өзін-өзі тесеру сұрақтарына жауап беру

Каталог: uploads -> doc -> 0273
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0273 -> Жасуша мембранасы Жасуша қабырғасының астында болады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет