Сабақтың тақырыбы: сақтар. Қайталау. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата04.07.2018
өлшемі53,5 Kb.
#46815
түріСабақ
Күні: Сыныбы: 6 «а»
Сабақтың тақырыбы: САҚТАР. Қайталау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың 2-тарау бойынша ,яғни сақтар туралы алған білімдерін қорытындылау, еске түсіру.қайталап пысықтау. Қосымша дерек көздері арқылы білімдерін толықтыра түсу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сақтар мен қазақ ұлтын салыстыру арқылы оқушыларды өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметтеп, ,үлгі тұта білуге,бірлікке, адамгершілікке, ерлікке,күрескерлікке,қасиетті мұраларымызды бағалай білуге ,өз ұлтымен мақтана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қортындылау,бекіту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Ссабақтың әдісі: Саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілік: Алтын адам және өзге де сақ ескерткіштерінің суреттері, слайд, тәуелсіздік монументі, әнұран т.б
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2. «Сәт сапар!» ( билет сұрақтары)

3.Мұражайға саяхат

1,2,3,4-зал тапсырмалары (әр залдан кейін қорытындылау)

4.Қорытынды

5.Бағалау

6.Үйге тапсырма беру.
1.Оқушылармен амандасу,түгендеу, сабақтың мақсатымен және барысымен таныстыру.

Оқушылар мұражайға кіру үшін кассадан билет алады.Билетке сұрақ жазылған.Балалар осы сұрақтарға «иә» немесе «жоқ » деп жауап берулері керек. Жауап толық берілгеннен кейін оқушылар мұражайға өте алады.


Сұрақтар өткен тақырыптар бойынша құрастырылады.
1. Археология -- халықтың шығу тегін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттейді.

2. Ең ұзаққа созылған тарихи кезең – қола дәуірі.

3. Қола дәуірінен кейін темір дәуірі басталады.

4. Тастан жасалған еңбек құралдарды тұрмыстан біржола ығыстырған – темір дәуірі.

5. Қазақстан аумағынан алғашқы адамның қаңқасы табылды.

6. Неандертальдық адам Франциядан табылды.

7. Синантроп- Қытай адамы.

8. Кромоньондық – саналы адам.

9. Темір дәуірі үш кезеңнен тұрады.

10. Ерте полеолитте Садақ пен жебе пайда болды.

11. Тығыз қабаттағы кенді өндіру үшін отпен уату әдісі қолданылды.

12. Энеолит- орта тас ғасыры.

13.Темір дәуірінің белді тайпалары – сақтар мен сарматтар.

14. Сақтар б.з.д.1мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген ежелгі тайпалар.


МҰРАЖАЙҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР:
1-зал : Сақтар туралы алғашқы деректер (слайд)

1-тапсырма : Сақтардың мекені. (картадан көрсету)

Қашан және қай жерлерді мекендеді?


Сактар туралы



2-тапсырмасы: Сақ тайпаларының атаулары:


1

Гректер




2

Парсылар




3

Ирандықтар





Парсы дерегіндегі Сақтардың аталуы:




Сақ тайпаларының аты

мекендері

1

Парадарайа

(теңіздің арғы жағындағы сақтар)



Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы

2

Тиграхауда

(шошақ бөрік киіп жүретін сақтар)

Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда

3

Хаумаварга

(хаома сусынын дайындайтын сақтар)

Мургаб аңғарында

(Түркіменстан)


2-зал:Сақтардың қоғамдық құрылысы мен шарушылығы. (слайд)
Ру-тайпа- тайпа көсемі- патша – халық жиналысы - әскери демократия.

Тапсырмалар:


Сақ қоғамындағы үш топ


топ

белгілері мен түсі.





















3-зал: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі (слайд)
1-тапсырма:
Есімдерге қатысты оқиғаларды баяндау.

Кир Томирис I Дарий

Шырақ А.Македонский

4-зал : Сақ мұраларының этномәдениеті (слайд)
«Алтын адам» туралы мәлімет мәлімет айту.

«Аң стилі» туралы баяндау


Қорытынды: Мінекей , балалар, біз бүгінгі сабақта жалпы сақ деген тайпамен таныстық.Сақтардың еркін,ержүрек,батыр да батыл,данышпан, бір сөзді, тәуелсіздікті жоғары бағалайтын халық болғанын білдік.Ал сақтар біздің,яғни қазақтардың арғы тегі.Қазақ халқы да талай ғасырлар бойы ерлікпен күресе жүріп,елін, жерін жауынан сақтап қана қоймай,киелі тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр. Сол тәуелсіздігіміздің символы ретінде біз алтын адам мен қанатты барысты ,елтаңбамыздағы қанатты пырақты, арқарды бекерге алмадық.Өйткені біз сақтардың ұрпағымыз.Сақтардың рухы елімізді әлі талай биік белестерге ,талай жеңістерге жетелейтіні анық.

Балалар, осындай елімізбен, осындай құнды мәдени ескерткіштерімізбен мақтанайық, бағалайық дей келе сабағымызды аяқтаймыз.


Үйге: Қайталау.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет