Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы Күні: 28. 01. 17



Дата10.04.2017
өлшемі90,45 Kb.
#13660
түріСабақ

Сабақ: қазақ әдебиеті

Жезқазған қаласы № 4 ЖОББМ

Сабақтың тақырыбы:

Сәкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы

Күні: 28.01.17

Мұғалімнің аты-жөні: Амирина Ботакоз Каманаевна

Сынып: 8 « В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаттары:

Оқушылардың ақын жайлы білетін мәліметтерін толықтыру, «Аққудың айырылуы» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу, тіл байлығының артуына ықпал ету, табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

тақырыпқа байланысты сөздерді зейін қойып тыңдайды, айтады, мағынасын түсінеді,поэманың мазмұнын түсінеді



Оқушылар көпшілігі орындай алады:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындай алады



Кейбір оқушылар орындай алады:

Өз бетінше түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастырады



Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді біледі, түсінеді,сөйлеу барысында қолдана алады



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

Сая, ая, мұңару,құрақ, қызғыш, тауқұдырет, сұқсыр, кегер, үйрек, олқысыну, жырақ, сыңар, дәлдеу, назалану, күйік, найзадай,шаншылу,қанат серпу, жан күйігі



Өз ойын түйіндеуге арналған пайдалы тіркестер,сөйлемдер: Аққу-жыл құсы. Ол-жұп құрып тіршілік етеді. Егер жұбайынан айырылып қалса, адамдар сияқты қайғырып, ауырып, өлуге дейін барған.


Талқылауға арналған сұрақтар:

Ақын поэмада қандай мәселені көтерген? Аққулар тағдыры арқылы ақын не айтпақ болды деп ойлайсыңдар? Аққулар туралы қандай жаңа ақпаратпен таныстыңдар?



Алдыңғы оқу:

Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы

ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Басы

«Шаттық шеңбері»

5 мин.

«Миға шабуыл»



5 минут


Ортасы

20 минут


Соңы

10 мин.

Бағалау

5 мин.


Қосымша ақпарат:
Саралау :

Тақырыпқа байланысты сөздерді біледі, поэманың мазмұның қысқаша айтады. Берілген тапсырмаларды орындайды



Оқушылар шеңбер бойына тұрғызылады.

Топқа бөлу: «Сұңқылдақ», «Сыбырлақ», «Қара аққу» сөздері жазылған қима қағаздарды алып, топтарға бөлінуді ұсынады

«Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру Сәкен Сейфуллин кім? Ол қашан, қай жерде туған? Алғашқы өлеңдер жинағы қашан, қайда басылып шықты? С. Сейфуллин қандай шығармалар жазған?



/Т;Ж/ Жаңа лексикалық бірліктермен сөздік жұмысын жасауға шақырады. «Инсерт» әдісін қолдана отырып, «Аққудың айырылуы» поэмасын оқып, түсініктерін айтуға, тақырыбы мен идеясын анықтауға ұсынады.

Тақырыпты өз бетімен меңгеруге берілген тапсырмаларды орындауға баулиды

«Сұрақты ұста» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап беруді ұсынады: Ақын поэмада қандай мәселені көтерген? Аққулар тағдыры арқылы ақын не айтпақ болды деп ойлайсыңдар?

Қосымша1-қима суреттер



Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер арнап, сәттілік тілейді

Топқа қима қағаздарды ала отыра бөлінеді.


С. Сейфуллин 1894 жылы Қарағанды облысы Шет ауданында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдер жинағы 1914 жылы Қазан қаласында басылып шығады. Ақынның көрнекті шығармалары: «Ақсақ киік», «Аққудың айырылуы», «Көкшетау»
Лексикалық бірліктермен сөздік жұмысын жүргізеді.

Әдісті қолдана отырып, «бұрыннан білемін», «мен үшін жаңа ақпарат», «мен үшін түсініксіз», «тағы да білгім келеді» деп белгілер қояды. Өз ойларын ортаға салып, поэманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Бір-бірімен пікірлесіп, топта талқылап, сұрақтарға жауап береді



Бағалау :

Қ1 – «Бас бармақ»

Қ2 – жапондық әдісі арқылы бағалау

Бағалау

критерийлері



Дескрип-торлар

Поэманың мағынасын түсінеді, мұғалімнің көмегімен өз ойын жеткізеді


Поэма-ның мағына-сын түсінеді,

өзіндік пікір қалыптастырады



Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған тапсырмалар-ды орындайды


Тапсырмаларды дұрыс орындау-ға тырысады


Бағалау «Бағдаршам»



Бағалау

Бағалау «Бас бармақ»



Флипчарт, түрлі-түсті бояулар,қима қағаздар.

Бағалау




Пәнаралық байланыс:

орыс тілі, тарих, биология, география




Сабақтан кейінгі рефлексия:




Қорытынды бағалау:




Каталог: uploads -> doc -> 10d2
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10d2 -> Дарынды оқушыларға арналған жұмыс жоспары Түсінік хат «Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады»
10d2 -> Сабақ түрі Көрнекі құралдар Үй тапсырмасы Негізгі және қосымша әдебиеттер 1


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет