Сабақтың тақырыбы Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын. Оқу мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі29,5 Kb.
#46646
түріСабақ
    Бұл бет үшін навигация:
  • (МК,Ұ)
  1. Сабақ жоспары




Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Өзім туралы



Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиткерлік мектебі




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.




Сынып: 2 В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:






Сабақтың тақырыбы

Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын.




Оқу мақсаты

3.4 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу





Сабақтың мақсаттары

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазу





Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазады.




Тілдік мақсат

Қос әйнек, түзер, ағайынды.




Құндылықтарды дарыту

Өзге пікірге сыйластықпен қарауға тәрбиелеу




Пәнаралық байланыстар

Сезім мүшелері туралы әңгіме жүргізу барысында «Ғылымға кіріспе» пәнімен байланыс жүзеге асырылады.




Алдыңғы білімдер

Оқушылар сөздің ұйқасын табуға жаттыққан




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ) Сабақты «Дауыссыз б мен п» қайталаудан бастау. Ол үшін «Жұбыңды тап» ойынын ұсыну. Ойынға алынатын сөздер: кітап, мектеп, клуб, добы, жібі, қорабы. Қайталаудан соң сабақтың мақсатына ауысу.




Сабақтың ортасы



(МК,Ұ) Өлең жазуға деген құштарлықтарын ояту мақсатында 8 жасар Жамбыл Дүйсеновтың өлеңін ресурс арқылы тыңдату.
Бірлесіп жазу әдісін қолданып, оқушыларға қабылдау сезімдері жайында өлең жаздырту. Оқушылар сөз тіркестерін таңдай білуі үшін бірлесіп жазу әдісін қолдану (Бұл олардың бес жолды өлең жазуларына көмектеседі).

(Ж) Берілген сөздердің ұйқасын тауып, өлең шумақтарын толықтырып жазуды ұсыну.

Ағайынды екеу болыпты,

Екеуі тату __________________.

Ортасында _____________болып,

Бірін бірі,

Екеуінің орындайтын ______________бір бопты (көз бен мұрын)


(Т) Оқушыларға бес жолды өлеңнің құрылымын түсіндіре отырып, сөз тіркестерін қолдану жолдарын көрсету. Оқушылардың ойларын қағазға түсіріп, оны жетілдіру үшін сөз, сөз тіркестерінің орындарын ауыстырып көрулеріне мүмкіндік тудыру.
Бес жолды өлең құрастыру үлгісі:

Зат есім (1)

Сын есім (2)

Етістік (3)

Сезімді білдіретін тіркес (4)

Синоним


Өлеңдерді топта жариялап, пікір алысып, кері байланыс жасату.

(Ө) Оқушылар құрастырған өлеңін каллиграфиялық талапқа сәйкес жазып шығады.

(Қ) Оқушылар сөздерді пайдалана отырып, өлеңді толықтырып жазады
Қос әйнек ... да емес, ... де емес,

Бұзылса оны адам ... емес.

Кезінде өзі ..., жабылады,

Мағынасы ... нәрсе, ... емес. (көз)

Қажетті сөздер: шыны, темір,түзер, ашылып, қымбат, арзан



https://www.youtube.com/watch?v=v1AOkHaN3xc

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту.

-Сабақта не үйрендіңдер?

«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.

• Мен түсіндім – жасыл түс;

• Мен сенімді емеспін – сары түс;



• Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өлең құрастырып жазуға қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.


Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Жазу барысында оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет