Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек. Радиус және диаметр



Дата01.05.2017
өлшемі121,13 Kb.
#15361
түріСабақ
Математика

(4-сынып)
Уразымбетова Алтын Маратқызы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек. Радиус және диаметр.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:«радиус» және «диаметр» туралы

түсініктерін қалыптастыру,берілген радиусы және

диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету, өтілген

есептеу тәсілдерін бекіту, есеп шығару дағдыларын

жетілдіру.

Дамытушылық: есептерді әртүрлі тәсілмен шығару,

есептеу дағдыларын жетілдіру.



Тәрбиелік: көркем,сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, топпен практикалық жұмыс, оқулықпен жұмыс.

Көрнекілік: кесте, тақта, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабаққа қажетті құралдарын тексеру.

- Психологиялық дайындық.

ІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою.

  • «Радиус» және «диаметр» туралы түсініктерін қалыптастыру, берілген радиусы және диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету;

  • Өтілген есептеу тәсілдерін бекіту, есеп шығару дағдыларын жетілдіру.

  • Сауатты шығаруға, көркем жазуға баулу.


ІІІ.Жаңа сабақ.

Ауызша есептеуді әртүрлі формада жүргізуге болады. Ауызша есептеудің мысалдарын жазу үшін, дөңгелектер мен шеңберлерді пайдалану.

Бұрынғы білімді еске түсіру керек.

Шеңбердөңгелектің шекарасы

Дөңгелек барлық нүктелері центрінен бірдей қашықтықта жатқан тұйықталған сызық.

О нүктесі – дөңгелектің (шеңбердің) центрі

Жаңа материалмен танысу



АВ – диаметр (d)шеңбердің центрі арқылы өтетін екі нүктені қосатын кесінді.

Радиус (R) – шеңберден центрге дейін жүргізілген кесінді (қашықтық)

Топтарға шеңбер сызылған қағаздарды таратып, радиусын өлшеп, кестеге өсу реті бойынша жазуды, содан соң диаметрін өлшеп, төменге жазуды сұраңыз. Содан соң диаметрдің радиустан неше есе артық екенін айтады.


Алғашқы бекіту.

№2 тапсырма. Шеңбердің радиусын және диаметрін өлшейді. Миллиметрмен өрнектейді. Берілгендердің ішінен бірдей шеңберлерді табады. Радиустың артуына қарай диаметрдің қалай өзгеретінін бақылады. Мынадай формула шығаруға болады:



d = r * r = r2

№3 тапсырма бойынша шеңбер сызып үйренеміз.

1.Циркульдің инесі бар ұшын сызғыштағы 0-ге, ал қарындашы бар ұшын, мысалы 4 см-ге қой.

2.Циркульді параққа қой.

3.Циркульдың қарындашы бар ұшын қағаз бетіне айналдыра жүргіз.

Практикалық жұмыс дәптерге орындалады.

3 топ бір-бірден орындайды.

Дәптерге радиустары 2 см, 3см, 1 см болатын шеңбер сызу.



Логикалық есептер. «Қай топ алғыр?»
Өткен материалмен жұмыс.

№4 тапсырма сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін бекітуге арналған.



І топ ІІ топ ІІІ топ

420*800=336 000 1 790 * 90 = 161 100 31 800 * 30 = 954 000

47 360 : 80 =592 61 920 : 90=688 19 400 : 200=97

2 070 *50 = 103 500 20 003 * 9=180 027 20 303 * 6= 121 818

27 018 : 3=9 006 36 168 : 4 = 9 042 332 100 : 90 =3 690

№5 тапсырмада есеп бойынша өрнек құрастырады.



«Қай топ жылдам?»

а) 7 * 25 = 175 м

1 сағ = 60 мин 60 * 7 = 420 м

ә) Р = c+c+c+c

S= c*c

б) V= a*b*50



в) 7 * 8 * 50 = 2 800
№7 тапсырма суретке талдау жасауды қажет етеді.

Сөрені аяғына дейін қораптармен толтырдыңдар ма?

Астыңғы қатарға неше қорап сыйды? (6)

Бір бағанға неше қорап сыяды? (4).

Сөреге барлығы неше қорап сыяды? (6 * 4 = 24).

Сөренің көлемін табу үшін нені білу керек?

Бір қораптың көлемін білу керек: 50 * 30 * 40 = 60 000 см2.

Бір қораптың көлемін біле отырып сөренің көлемін тап.

60 000 * 24 = 1 440 000 см3.

ІҮ.Қорытынды.

№8 геометриялық конструктормен жұмыс жүргізіледі. (суреттің шеткі сызығын ғана пайдаланып, құрастыр)


Ү.Үй тапсырмасы

№6. радиусы 2 см, 25 мм шеңберлер сызу.



ҮІ.Бағалау.

Жинаға жалауға байланысты қай топтың жеңгенін анықтаймыз.

Әр оқушының фишкаларын санай отырып бағалаймын.

Дүниетану

(4-сынып)
Уразымбетова Алтын Маратқызы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым

қалыптастыру; судың физикалық қасиеттерінің үш

күйде кездесуін, судың еріткіш екенін, өсімдіктердің

суды сіңіруі мен буландыруы туралы алған білімдерін

пысықтау; оқушылардың өткен сыныптарда алған

білімдері мен күнделікті өмірден білетіндерін қорыту;

су, оның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы

білімдерін нығайту.



Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын

арттыру; ой-өрісін, есте сақтау қабілетін,

шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, табиғатты қорғауға,

үнемділікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ой жинақтау,

ой қорыту, түсіндіру, көрнекілік.



Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, информатика

Сабақтың көрнекіліктері: жарты шарлар картасы, шыны ыдыс, су, мұз,

магнитофон, компьютер, слайдтар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі күннің ауар-райы туралы әңгіме қозғап, сабаққа дайындықтарын бақылау.



ІІ. Сабаққа мақсат қою.

  • Су, оның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы білімдерін нығайту.

  • Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру.

  • Судың физикалық қасиеттерінің үш күйде кездесуін пысықтау.



ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
а) «Сен – маған, мен – саған»

Оқушылардан «Пайдалы қазбалар» тақырыбын сұрап қорыту. Сынып екі топқа бөлініп, бір топтан бір оқушы ортаға шығады. Ол келесі топтың екінші біріне қолына кубик беріп, осы тарау бойынша бір сұрақ қояды. Сол оқушы жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қояды. Осы қалыпта әрі қарай жалғаса береді.


ә) «Сен білесің бе?»

Үстелдің үстінде шартты белгілер жатады. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, таңдаған шартты белгіні алып, кездесетін өңірін атап, сол жерге қадайды.


ІҮ. Жаңа сабақ

  1. «Су туралы ақпарат»

а) Оқушылардан су туралы не білетіндерін сұрау.

  • Су туралы не білеміз?

(Судың қасиеттерін еске түсіріп, компьютерде жазу)

жұққыш түссіз еріткіш



Су

мөлдір

аққыш мөлдір

иіссіз



ә) Судың қандай физикалық күйін білесіңдер?

Су

мұз

мұз

бу

сұйық




  1. «Су туралы таңғажайып деректер»




  1. Ең бірінші жарты шарлар картасын көрсетіп, сұрақ қоямын:

  • Жер неге су әлемі деп аталады?

  • Иә, балалар, жердің 3/4 бөлігін су алып жатыр екен.





29%


71%

- Кәне, осыны дәптерге салып қояйық.

2) Мұхиттар бүкіл жердің 97 % суын құрайды және үшеуі бірігіп (Тынық, Атлант, Үнді) 350 млн шаршы км аумақты алып жатыр

-Тынық


- Атлант

- Үнді


    1. Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17кг-ға кемісе адам өледі. Сусыз адам 1 апта ғана шыдайды.

    2. Өсімдіктің құрамында да су бар. Оған су құймасақ өліп қалады.




  1. «Су туралы статистика»


Құр

лық су






  1. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит – Тынық мұхиты. Жердегі судың жартысына жуығын құрайды. (Тынық мұхиттың слайды)

  2. Әлемдегі ең үлкен көл – Каспий теңізі (Азия) 371,000км2 (Слайдтан бейнетаспа)

  3. Қазақстандағы қорықты көл – Марқакөл. (Слайдтан бейнетаспа)




  1. «Ой толғаныс»

  1. – Балалар, бізбен жүрген мына тамшы қайдан келеді?

  • Бұлттан.

  • Бұлттың қандай түрлерін білесіңдер? Аттарын ата. (Компьютермен жұмыс) Оны орнына орналастыр. (Слайд компьютерде)



«Таңғаларлық құбылыс»

  1. – Балалар, жаңбыр жауды. Жаңбыр суы қайда кетті?

  • Топыраққа сіңіп кетті. (Оқушылар өздері қорытып айтып кетеді)

Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады. Су – сүзгіш.

  1. Бір оқушыға 51- беттегі соңғы жолды оқытамын

  • Судың тағы бір кереметі – ол жер бетіндегі үнемі тынымсыз айналыста жүретіні.

Оқушылар алдында сұрақ туындайды. Олар өздері жауап іздейді, айтады.


  1. «Судың да сұрауы бар»

Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, судың маңызы, яғни І - топ судың пайдасын, ІІ- топ зиянын жазып шығады. Сол бойынша сұралады.




Пайдасы


Зияны

Адам, өсімдік,

жануарлар үшін маңызды.

Электр қуатын аламыз.

Кемемен жүк тасиды.

Өндіріске керек.


Айсберг ериді.

Сел апаты.

Топырақтың беткі қабатын шаяды.

Жаңбыр жиі-жиі жауса, өсімдік шіриді.




  1. «Су – ғажайып саяхатшы»

Ү.Қорыту. Үнемділік.

  • Балалар, суды үнемдеуіміз керек. Арал теңізінің суы жағадан 100-деген км-ге қашықтады. Ашылған Арал теңіз түбінен миллиондаған тонна тұз ұшады. Арал теңізі «қасіреті» ашық жарияланып, дүниежүзілік масштабқа шықты.

ҮІ.Үйге тапсырма.

«Су – тіршілік көзі» эссе жазу.

Су туралы мақал-мәтелдер жаттау.



ҮІІ.Бағалау.
Каталог: userdata -> uploads -> u20
uploads -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
uploads -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
uploads -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
uploads -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
uploads -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
uploads -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
uploads -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев
u20 -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
u20 -> Сабақтың тақырыбы:
u20 -> Сабақтың тақырыбы: жеміс бағында сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет