Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Найман-Ана»



Дата25.12.2016
өлшемі87,51 Kb.
#5188
түріСабақ
Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің

Меңгерушісі________Байшагирова А.П.

Пән мұғалімі:
Сабақтың күнделікті жоспары

Сынып: 8 «а» Күні 10.03 Пәні: қазақ әдебиеті



Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Найман-Ана» Мәңгүрт мәселесі. 3-сабақ.
Сабақтың


  1. Білімділік мақсаты: Ш.Айтматовтың романынан алынған үзіндінің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.




  1. Дамытушылық мақсаты: Танымдық қызығушылығын, шығармашылық,

ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көз-қарасын дамыту оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.


  1. Тәрбиелік мақсаты: Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге,

ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу, ана махаббатын дәріптеу.
4. Сабақтың тегі: Білімді жүйелеу, жинақтау, шығармашылық сабақ
5. Сабақтың әдісі: А) Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Ә) Проблема туғызу.Б) Жағдаяттың шешімін іздеу, өз пікірін айту, мәтінмен жұмыс, қарама-қарсы сұрақ қою.




  1. Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, бүгінгі өмір.




  1. Сабақтың құралдары :оқулық, портрет, слайд, интерактивті тақта, түсіндірмелі сөздік,




  1. Сабақтың барысы:




  1. Қызығушылықты ояту.

Сабақ проблемалық сұрақ-жауап әдісімен басталады.

Мұғалім сөзі:



(қобыздың үні ойналады) Оқушылар, Шыңғыс Айтматов өз естелігінде былай деген екен: «Ғасырдан да ұзақ күн » романын жазарда мәңгүрт тақырыбын ұзақ зерттедім, бала күнімде жөн-жосықты білмейтін біреулерге «Ей, мәңгүртсің бе, өзің?» деп жатқанын құлағымызбен талай естідік. Адамның мәңгүртке қалай айналатынын білмесек те, сүйегіңнен өтер ауыр сөз екенін сезуші едік».
Оқушылар, неліктен ана баласының атын қайталап айтып, есіне салды, неліктен оның әкесінің атын, руын, елін қайталап айтты? Неліктен баласы өз атын, елін, руын есіне түсіру керек?
Оқушы жауаптары тыңдалады.

  1. Танымдылық. Жеті ата.

Мұғалім : Жеті ата дегеніміз не? Қазақта жеті атасын білу неге міндетті? Кім өзінің ру шежіресін біледі?

Оқушылар жауаптары тыңдалады.


Мұғалім: әрбір қазақ отбасының өз тарихы бар, дәстүрі бар.

Мүмкін аталарын, руын , шығу тарихын білмей адам өмір сүруге болатын да шығар. Кім осыны дұрыс дейді?

Осы көтеріп отырған мәселе Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді «Найман – Ана» аңызындағы мәңгүрт мәселесімен байланысты болмақ.
Ал, енді ойланайық, автор мәңгүрт мәселесін көтеру себебі не? Осы мәселе туралы не айтқысы келді? Автор «Найман-Ана» әңгімесін аңыз деп алды? Неліктен?


  1. «Найман - Ана» әңгімесіне әдеби талдау

Сіздер аңызды оқыдыңыздар, енді әңгіменің (үзіндінің) идеялық негізіне әдеби талдау жасаймыз. (5 минут)

Сынып 2 топқа бөлінеді:



  1. Топ. Әңгімені бөлімдерге бөледі.

  2. Топ. 1-топ жазған әрбір бөлімді дәлелдейтін негізгі оқиғаларды айтады.

Әр топ кезектесіп отырады.



Бөлімдер

Негізгі оқиғалар

1

Мәңгүрт атандыру

Жуан-жуандардың айуандық әрекеттері

2

Ананың арманы

Жолаушылар әңгімесінен кейінгі ананың үміті мен күдігі

3

Мәңгүрт баламен кездесу

Баланың селт етпеуі, анасының үгіттеуі. Бесік жыры

4

Түйелі жуан-жуандар

Ананың соңғы шешімі

5

Құсқа айналған жаулық

«Атпа, құлыным, мен сенің анаңмын! »Баласының анасын өлтіруі




  1. Таспадан ананың монологы оқылады.




  1. Шеберлік. Көрініс көрсету. (музыка үні)

  2. Ойтартыс




  1. Топ жұмыс істеу бағыты: Еріксіз мәңгүрт дегеніміз не?

(Еріксіз мәңгүрт- Жау қолына түскен адамдардың тағдырлары )

  1. Топ жұмыс істеу бағыты: Ерікті мәңгүрт дегеніміз не?

(тілін, халқын, ата-тегін, дінін ұмытқандар)

Мұғалім сұрақ қойып отырады: әр топ кезекпен жауап береді.

1 –топқа : Бүгінгі әңгімедегі мәселені халықаралық, мемлекеттік


дәрежеге көтерудің маңызы бар ма?
2 – топқа: Мәңгүрттіктің ең төменгі сатысы өз ортаңда кездесе ме?
1 – топқа: Ана басындағы ақ жаулық неге құсқа айналды?
2- топқа: Жауыздыққа, оның асқан түрі, адамды ақыл естен айыруға
сендердің көзқарастарың қалай?


1-топқ «Иә» бөлігін жазады

2-топ «Жоқ» бөлігін жазады

6. Синквейн әдісі.

1-топ- «Найман -Ана»



2-топ- «Мәңгүрт»

7. Топтастыру.

1-топтың жұмысы ( Әр анықтамасын нақты дәлелдеп көрсетеді)

Интернет жүйесінің зиянды жағы


Әр түрлі діни секталардың әсері


Жеті атасын, тарихын білмеу




Ұлттық тәрбиенің жоқтығы




Мәңгүрттікке жетелейтін жолдар:


Нашақорлық-зомби







Ата-ана мен бала арсындағы жақындықтың әлсіздігі





«Болашақ» бағдарламасының

зиянды жағы




Патриоттық тәрбиенің жетіспеушілігі




2-топтың жұмысы ( Әр анықтамасын нақты дәлелдеп көрсетеді)


Салт-дәстүріңді білуің керек


Тілің мен дінің мықты болу керек


Өз отбасыңның тарихын білуің керек







Денең мен сана сезімің таза болу керек





Ата-анаңды қадірлеуің керек





Мәңгүрт болмау үшін не істеу керек?







Қазақтың болмысын бейнелейтін ән тыңдауың керек





«Мен қазақпын» деген рухың биік болу керек.




  1. Ойтолғау.

Мұғалім: Оқушылар, осы «Найман - Ана» әңгімесіндегі қандай эпизод сендерді ойландырды, қызықтырды?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Асан қайғының сөзі бар:

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады. – демекші

Ал күй не толқытса шығады? (проблемалық сұрақ)

Күй – жүректің үні, сезімі. Оқушы жауабынан кейін енді балалар бойымызды еркін ұстап көңілімізді мына күйге бұрайық.

Тапсырма: Күйді тыңдап отырып ойтолғау жазу, шағын мәтін жазу. Көңілмен ұғып, қағазға түсіру. Сүгірдің күйі «Бозінгенді» тыңдап отырып, күйден нені естідіңдер, қандай оқиға осы күйді ашып тұр.

(«Ана мен бала» туралы слайд көрсетіліп тұрады.)
Сабақты бекіту: Ал , енді, кім сөйлейді? Оқушылар жазған ойтолғауды тыңдау.

Енді, балалар, сабағымызды қорытындылай келе көп нәрсе ұғып, көп нәрсені аштық деп ойлаймын. Маған сұрақтарың бар ма?

Менің сіздерге сұрақтарым бар. (рефлекция әдісі).


  1. Бүгінгі сабақтан нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?

  2. Сабақ ұнады ма? Несімен?

  3. Болашақта не қосар едіңдер?


Соңғы сөз: Салт – дәстүр, әдет-ғұрпымыз – ұлттық нышанымыздың биік көрінісі.

Мәңгүрт болғың келмей ме, онда туған халқыңның арғы-бергі тарихына зер сал, ана тіліңді ардақта, ұлттық намысты ескер, келешекті ойла.



Үйге тапсырма беру: Найман-Ана монологын жаттау.
Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет