Сабақтың тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету



Дата06.07.2018
өлшемі16,2 Kb.
#48168
түріСабақ
БҚО.Сырым ауданы Жымпиты ауылы

ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Лукпанова Л.С


Сабақтың тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл

Мақсаты:

1.Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.



Көрнекілік: Жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, тұсаукесер.

Түрі: Интеллектуалды ойын-сайыс.

Ойын барысы:

Ұйымдастыру.

Ойынның тақырыбы және мақсатымен (слайд) таныстыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда, -дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді.

Осы уақытқа дейін алған білімдерінді көрсетіп, ортаға салыңдар. Ойынға 3топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін таныстырады.

1-топ. Топтың аты – «Сұңкар».

Ұранымыз:

Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

2-топ. Топтың аты – «Тұлпар».



Ұранымыз:

Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барынды.

3-топ. Топтың аты – «Болашақ».



Ұранымыз:

Болашақтың ұл-қызымыз,

Көркейтеміз елді біз.

Енді ойынымыздың 1 айналымын бастаймыз.



айналым: «Ұшқыр ой».

Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Жылдам әрі нақты жауап беру керек. Әр топтағы алты оқушы бір сұраққа жауап береді.



«Сұңқар» тобына:

1.Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (түбір).

2.Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен).

3.Сын есімнің сұрақтары? (қандай? Қай?)

4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?).

5. «Әдемі» сөзіне жуық мәндес сөзді ата? (сұлу, көркем).

6. Сұраулы сөйлемнің соңында қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі).

«Тұлпар тобына:

1.Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (жуан, жіңішке).

2.Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік).

3.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ).

4. «Батыр» сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман).

5.Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен).

6.Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте).

«Болашақ» тобына:

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді).

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау).

Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс? (у).

Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді).

Сан есімнің сұрақтары? (қанша? Неше? Нешінші?).

«Аласа» сөзіне қарсы мәндес сөзді ата? (биік).

Айналым: «Құпия сандық».

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін екі тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен бір жұмбақты оқып, шешуін айтады (слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту).

Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп (аяз – мороз- freere).

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық (қар – снег - snow).

Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран (әріп – буква).

(әрі қарай кезектесіп оқи береді).

Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі (сызғыш-линейка - ruler).

Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян – заяц - rabbit).

Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды (мысық – кошка - cat).

Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен (пияз – лук - onion).

Бұландаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы (түлкі –лиса – fox).

Әттең, дауысым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп (кітап – книга - book).



Айналым: «Ойлан тап!»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінді беріледі. Әр топқа екі шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (әр топқа дайындалуға уақыт беріледі).

1.Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың,ұқсайсын жас балаға...

(Касым Аманжолов «Туған жер»)

2.Домбауыл деген бір жайсан

Жекпе-жекке Тарғынға

Соғысуға келеді...

(«Жекпе-жек Ер Тарғын жырынан үзінді ).

3.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев).

4.Ерімді алшы аунайын,

Жүгенді алшы аунайын

(Бөген батыр жырынан үзінді

«Батыр бала Бөген мен Шұбар ат»)

5.Ержүрек ұл таптым десем,

Қоян жүрек кұл тауыппа едім

«Құрманғазы»

(Құрманғазы Сағырбайұлы ).

2. «...Талап,еңбек,терең ой.,....»

(Абай ).
Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдында бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Біліміңді сүйерін білем елдің, - дей отырып, IV айналымды бастаймыз.

«Айшықты сөздер».

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркесі беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа үш сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларын керек. (слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау).

1.Төбесі көкке жетті (қуанды).

2.Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ).

3.Қой аузынан шөп алмас (момын, жуас).

1.Қабағынан қар жауды (ашуланды).

2.Бетінен оты шықты (ұялу).

3.Ит өлген жер (алыс).

1.Төбе шашы тік тұрды ( қорықты).

2.Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде).

3.Таяқ тастам жер (жақын).

Ойынымыздың соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып өлең құрастыруларың керек.

... өріп тараған,

... қараған.

Құрт пен майын жинаған,

... сыйлаған.

... қошақан,

...қалмайды.

Сүп –сүйкімді момақан,

... аумайды.

... бала әрқашан,

Қуантады ...

Құлыным деп анасы,

... баласын.



Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.

Қорытынды.

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, рақмет айтамыз. Осымен сабак аяқталды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет