Сабақтың тақырыбы «Сыйынар ем ана деген тәңірге»



Дата11.01.2017
өлшемі36,17 Kb.
#7192
түріСабақ
Тәрбие жөнінің орынбасары : « » ____________

Пәні

Тәрбие сағаты

Сынып 1

Сабақтың тақырыбы

«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

Жалпы мақсаты

8 - наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру.Оқушыларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру.
Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігімен,құштарлығын одан әрі дамыту,үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.

Оқу нәтежием


1.Нақты пікір айтуға,басқаның ойын тыңдауға үйренеді.

2.Сыныпта диологтік әңгіме өрбиді

3.Топпен жұмыс жасай отырып,балалар бір-біріне тапсырмалық жұмыстарға көмектеседі.


Қамтылатын модульдер

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)

2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Кластер



Туындайтын идеялар

Пейілі кең, сезімі терең көлден,
Ананы кем көрмеймін кемеңгерден.
Жақсылықты анадан бастаудың да,
Тәжірибесі қазақта дәлелденген.
Абай оқу бітіріп келген кезде,
Әуелі анасына сәлем берген.
Өміріміз соларға ұқсаса егер,
Өнегеміз озады бар елдерден.

Сілтеме

Ғаламтор жинақтары, тәрбие сағаты журналдар

Қадамдар

1. Ақпараттар алмасу

2.Топпен жұмыс

3.Рефлексия


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру



Амандасу.

І топ. Ана

ІІ топ. Апа

ІІІ топ. Әже

ІҮ топ. Сіңлі

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

« Ой қозғау»


«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес. Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.
Қарға тамырлы халқымыз әрқашанда нәзік жанды әйел затын қастерлеген, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған.
Ұлт басына күн туған замандарда ер азаматтардың жігерін жанып, жүрегіне от берген де әйелдер, қаһарман қазақ қыздары.




Оқушылармен жұмыс

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ!
О, аналар осындайсың бәріңде,
Осындайсың жасын, дағы кәріңде,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге, Видиоролик көрсету.

Осы өлең шумағымен өз ойларын бөліседі.

Мен үшін қымбат

Кластер құру

АНА

Оқушылар берілген кластермен жұмыс жасайды

«Мен бүгін»

Аналарға арналған өлең шумақтарын арнау.

кестеніні толтыру

Рефлексия алу


Сабақта маған не ұнады?
Менің көңіл күйім................


Осы сұрақтарға жауап жазады.

Мемлекеттік мекеме

№9 бастауыш мектебі

1 «В» сыныбы



Өткізген сынып жетекші:Д.Кулбошова

2015-2016 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0e77
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e77 -> Сабақ тақырыбы: С. Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы және «Таныстыру» поэмасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет