Сабақтың тақырыбы Сын есім. Балықшы мысық Оқу мақсаты



Дата12.04.2022
өлшемі24,85 Kb.
#138965
түріСабақ
Байланысты:
Қазақ тілі
СРО 3., сроп 5, Ми жұлын және нервтері, Бастауыш мектептегі тәрбие саласынан нормативті құжаттарды талдау, отслойка плаценты, 277909.pptx, 4 тоқсан отчет

Тәжірбие алушы:
Педагог:

Тұрғынова Дариа Егінбайқызы
Габдуллина Ақнұр Батырқызы

21.04.2021 ж

Қазақ тілі, 2 «а» сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

Оқиға құрастыра аламын

Сабақтың тақырыбы

Сын есім. Балықшы мысық

Оқу мақсаты:

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Сабақтың мақсаты

Мәтіннің тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжау, сауатты жазу,
Мәтін ішінен сын есімдерді табу.

Сабақтың барысы.




Сабақтыңкезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Осы біздер қандаймыз?
Талабы биік таудаймыз.
Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз.
Үлкенге ізеттіміз,
Кішіге құрметтіміз.
Көп оқимыз, өнерліміз!


Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Оқу мақсатын таныстыру



Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.



Психологиялық ахуал.
Слайд 1

Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.



Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.
61-жаттығу. Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжа.
Балықшы мысық
Мысық өзенге балық аулауға барады. Қармағын суға салады. Оған шабақ түседі. «Бұл кішкентай балық қой» деп ойлайды мысық. Қармағына құртын іліп алып, тағы да суға тастайды. Бұл жолы қармаққа алабұға түседі. «Алабұға да онша үлкен емес» деп ойлайды. Қармағын үшінші рет тастайды. Қармаққа үлкен шортан балық түседі. Ол мысықты суға сүйреп әкетеді.
«Хрестоматиядан»
Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
Мәтіннен сын есімдерді және күрделі зат есімді тап.


62-жаттығу. Өлеңді қатесіз көшіріп жаз.
Алабұға-ала балық,
Көрінеді адамға анақ.
Арқасында тікені бар,
Жүрмесінші қадап алып.


63-жаттығу. Сын есімдерді тауып тиісті зат есімдермен сәйкестендір.
жазық қоян
арық аспан
биік жіп
ашық дала
бойшаң тау
қысқа қой
сұр түйе
жуас қыз



Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.






  • Дескриптор:

  • Мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады, және мәтіннен сын есімді, күрделі зат есімді таба алады.



Дескриптор: Өлеңді қатесіз көшіріп жазады және сын есімді таба алады.



Слайд 3
Оқылым, жазылым тапсырмалары.



Соңы

Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
Түсіндіру.
Дәптермен жұмыс.
Суретпен жұмыс.

Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.









Кері байланыс

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
БББ кестесі



Білгенім

Білдім

Білгім келеді








Рефлексия.
POST IT

  • Не үйрендім?

  • Қайсысы оңай болды?

  • Қайсысы қиын болды?

  • Тағы не үйренгім келеді?




Р/С

Бағалау дискрипторлары

1

Мәтіннің мазмұнын болжауды білдім

2

Мәтіннен сын есімдерді анықтай алдым

3

Мәтіннен сын есімддерді тауып жазуды үйрендім

4

Сын есімдерге сұрақ қоюды білдім

5

Сын есімді кез келген сабақта дәлелдей алдым




суретін жібереді.

Жетістік баспалдақ арқылы бағалау



Слайд 6

https://youtu.be/zPWUZyRvZ1Y






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет