Сабақтың тақырыбы: Сырым мен Малайсары Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері



бет1/2
Дата14.11.2016
өлшемі343,62 Kb.
#1754
түріСабақ
  1   2


Пәні:

Әдебиет

Сыныбы:

5-сынып

Уақыты:

26.11.12

Сабақтың тақырыбы:

Сырым мен Малайсары

Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық

Оқушыларға ақпарат көздері арқылы «Сырым мен Малайсары» әңгімесінің мазмұнын меңгерту.

ә) коммуникативтік

Сырым мен Малайсарының шешендігін өмірде қолдана білуін қалыптастыру.

б) проблеманы шешу:

«Сырым мен Малайсары» әңгімесі бойынша өзіндік жұмыстар, тапсырмалар беріп, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Сөздік әдісі, көркемдеп оқу әдісі,практикалық, көрнекілік

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, Сырым мен Малайсарының портреттері, топшамалар

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы, қазақ тілі




Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі:

Оқушының қызметі:

Күтілетін нәтиже:

I.Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Құралдарымызды шығарып, сабаққа дайындалайық.


Мұғаліммен амандасу, сабақта кімнің жоқ екенін айту, сабаққа дайындалу.

-Кезекшінің есебі...





Сәлемдесу арқылы оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық қатынас орнатылады.

II.Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, сіздер өткен сабақта «Ақтайлақ би мен Қанай шешен» тақырыбына тоқталдыңыздар. Үйге сол әңгіменің мазмұнын баяндауға және үзінді жаттауға берілген болатын.

-Ал, енді сұрап көрейік. Кім дайын?



Оқушылар «Ақтайлақ би мен Қанай шешен» мәтіні бойынша мазмұнын баяндайды. Үзіндіні жатқа айтады.



Оқушылардың өткен «Ақтайлақ би мен Қанай шешен» тақырыбын қалай меңгергендігін үй тапсырмасын тексеру арқылы бақылайды.

III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

-Сіздер өткен сабақтарда шешендік сөздермен таныстыңдар.

-Кім айтады, шешендік сөздер дегеніміз не?

-Дұрыс-ақ, ал қандай би-шешендерді білеміз?

-Иә, дұрыс айтасыңдар. Сондай би-шешендерімізге Сырым мен Малайсарыны да жатқызуға болады.

-Бүгінгі тақырыбымыз шешендік сөздер тарауының ішіндегі «Сырым мен Малайсары. Дәптерімізді ашып күннің жады мен тақырыпты жазамыз.


-Шешендік сөздер-қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы. Шешендік сөздер-елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері.

-Би шешендер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұқар жырау, Жиренше шешен, Қанай шешен, Сырым, Малайсары.


Қараша айының жиырма алтысы.

Сырым мен Малайсары.



Өткен
материалдарды
еске түсіре
отырып,
оқушылар жаңа материалды меңгеруге дайындалады.

IV.Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру

-Балалар,Сырым мен Малайсары туралы не білесіңдер? Тарихтан, ана тілінен білетінімізді еске түсірейік.

-Иә, дұрыс айтасыңдар. Енді мен сендерге олар туралы қосымша айтып өтейін.



Сырым Датұлы (1712-1802)-қазіргі Ба­тыс Қазақстан об­лы­сы Сы­рым ауда­ны Са­ры­ой ауылын­да дүни­еге кел­ген. Шыққан тегі – Кіші жүздің Байұлы тай­па­сының Бай­бақты ру­ынан.20жа­сын­да өзінің асқан ақыл­ды­лығы арқасын­да өз ор­та­сын­да тым ер­те та­нылып, әділдігімен аты шыққан «Бай­бақты­ның ба­ла биі» ата­нады.XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. С.Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған казактарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі-патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды.

Малайсары батыр (1700-1756) жылдары өмір сүрген. Руы Бәсентиін, оның ішінде Сырым. Атамекені қазіргі Павлодар облысы, Май ауданына қарасты жерлер. Ол кісі Әбілмәмбет хан Абылай сұлтан заманында орта жүздің ең ықпалды, батыр биінің бірі болған. Малайсары тек қана батыр емес, шешендігімен де ерекше көзге түскен. Ел арасында дау-дамайды шешуде де шешендігі мен ақылын ұштастыра білген. Елдің ауызбіршілігін, ағайын арасында болып жатқан келіспеушіліктердің тігісін жатқызып, елді тығырықтан алып шыққан парасатты тұлға.

-Ал енді оқулығымызды ашып «Сырым мен Малайсары» мәтінін оқиық.



1-қатарға: 106-беттегі «...Қасына елдің басты адамдарынан он шақты кісі ертіп, Әлім руының ақсақалы Ақсуат бидің аулына келеді.» деген жерге дейін іштей оқып шығамыз.

2-қатарға:107-беттегі «...Алғашқы айтылған билігің екен, әділдігің үшін жолыңа нар бастаған бас тоғыз байлаттым, бұдан былай сенің сыбағаң бас тоғыз болсын!» деген жерге дейін оқимыз.

3-қатарға: соңына дейін.

-Оқып болсақ, мәтін не жайында екен?

-Малайсары мен Ақсуаттың өз елдерінде белгілі би болғанын қалай аңғаруға болады?

-Жақсы, енді оқығанымыз боынша жоспар құрайық. Алдымен, бөліп берілген үзіндіні баяндаймыз. Қысқаша мазмұнын айтамыз.

-Жоспарды дәптерімізге жазамыз.


-Сырым Датұлы-батыр әрі шешен, қолбасшы.

Малайсары-би, шешен. Олар әр түрлі дауларды шешіп отырған.



Оқушылар Сырым мен Малайсарының бейнесін топтастырады.


Оқушылар бөлінген мәтінді оқып шығады.

-Мәтін Сырымның шешендігі, Малайсарыдан бата сұрауы, Ақсуат бидің әңгімесі, Малайсарының жұмбағы, Сырымның оны шешуі туралы.

-Малайсары мен Ақсуат өз елдерінің ауызбіршілігін сақтап, дау-дамайды шешіп отырған.

Оқушылар мәтінді баяндап, қысқаша мазмұнын айтады. Сол бойынша жоспар құрады.


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет