Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі73,56 Kb.
#27822
түріСабақ
Пән: қазақ тілі

Сынып: 4


Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру,таным мүмкіндігін анықтау, ізденуге үйрету.
Дамытушылығы: сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ойлау жүйесін дамыту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, алғырлыққа, баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: ОмОЖТ , ЖЕСО , ТжДБО, ОүБ , СТОү, АКТ,топпен, жұппен жұмыс, «Оқыту нәтижесі: Сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіріп қайталайды, бейнелі сөйлеуге үйренеді.

Кезеңі

әдіс-тәсіл

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Психологиялық

ахуал




1мин

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.

-Енді күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер.

- Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар.

- Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Бір-бірлеріне күлкі сыйлау

Үй жұмысын сұрау




5

Хабарландыру

(Ішкі-сыртқы шеңбер) ережелерді қайталау



Оқиды

Айтады


Топқа бөлу

ОмОЖТ

2мин

Мозайка әдісі бойынша

1.Көшбасшы сайлау.

2. Топ бірлігі жайлы мультфильм көрсету


Өз қиындыларының жалғасын іздеп, біріктіру.

Білім

Сабақтың мақсатымен таныстыру

СТОү

3мин

Сөздерден сөйлем құрау

(сөздер қиындысын беру)

-Сендер не істедіңдер?

-Сөйлемді неден құрдыңдар?

- Ал сөздерші неден құрылған?

- Сөйлем жайлы не білесіңдер?

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?


Осы сөздерден сөйлем құрады.
Оқушылар өз ойларын айтады.
Сабақтың мақсатын өздері айтады.

Түсіну

ДО

6мин

6-жаттығу 42 бет (жазбаша)

-Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықтау.




Дәптерлеріне орындайды

Қолдану

Жұптасып сөйлемдер құру

(дәптерге жазу)



ЖЕСО

8мин

Жұмбақтар шешу

1.Өзім сөзден тұрамын,

Хабар мен нүкте жинағым.

(хабарлы сөйлем)

2. Мен де сөзден тұрамын,

Сұраулы ойды құрадым.

Өзгеден жауап сұрадым.

(Сұраулы сөйлем)

3.   Қуану, ренжу,өкіну,

Мақсатым соны сездіру.

Ұранды да айтамын,

Қарқындатып барып қайтамын.

(Лепті сөйлем)

-Енді жұптасып, осы сөйлем түрлеріне байланысты мысал жазу.






Сергіту сәті




3мин

Музыка әуенімен «Қызыл өрік»




Талдау
Ана сөзіне байланысты сөйле түрлерін құрастыру

ТжДбо


10мин












А Х Р Б А Р Л Ы А

Ұ С А Р У Ы Л Н

Е Т Л П І А

-Қандай сөз шықты? (ана)

-Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

- Ана сендер үшін ол кім?

(қамқоршы, ақылшы, мейірімді, өмір сыйлаушы)

-Енді осы сөзге байланысты сөйлемдер құрайық.

(Ананың құрметіне шапалақ- фейервергін шашайық)


Берілген әріптерден сөз құрастырады. Артылған әріпті шаршыларға жоғарыдан төмен орналастырғанда бір сөз шығады.

Өз ойларын білдіреді


Мысалдарын айтады

Жинақтау

(эссе жазу)


Рефлексия

Ой толғаныс

8мин

«Егер сөйлем түрлері болмаса» деген тақырыпта эссе жазғызу.

-Бүгінгі сабақтан не істеуге үйрендік?

- Мақсатымыз қандай болды?

-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ мақсатына жетті ме?



Эссе жазады
Оқушылар сабақты қорытындайды

Бағалау

ОүБ

5мин

Қол кимылмен бағалау




Қазан жалпы орта білім беретін мектеп



Қазақ тілі пәнінен – сыныпта өткізілген

ашық сабақтың жоспары

Тақырыбы:

Сөйлем және оның түрлері

Бастауыш сынып мұғалімі

Нажмиденова Жанар Камалиденовна

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың өзіндік талдауы

Ашық сабақ қазақ тілі пәнінен өтті. Тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты: білімділігі: оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру,таным мүмкіндігін анықтау, ізденуге үйрету.


Дамытушылығы: сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ойлау жүйесін дамыту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, алғырлыққа, баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: ОмОЖТ , ЖЕСО , ТжДБО, ОүБ , СТОү, АКТ,топпен, жұппен жұмыс, «Оқыту нәтижесі: Сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіріп қайталайды, бейнелі сөйлеуге үйренеді.



Сабақ жеті модульді оқыту бойынша өткізілді. Әр кезеңдері сақталды. Сабақ психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жасалып, үй жұмысы «Ішкі мен сыртқы шеңбер» технологиясы бойынша жүрді. Оқушылырды «Мозайка» әдісін пайдаланып, екі топқа бөлдім. Бұл әдіс тиімді болды, өйткені оларға қатты ұнады. Әр топ өз басшыларын сайлап, топ жайлы мультфильм көрді. Оқушыларға мультфильмнің көрсетілу себебін айтып кетті. Білу кезеңінде оқушыларға сөздер қиындылыры беріліп, олардан сөйлем құруға берілді. Сабақтың мақсаты ашылып, келесі тапсырма орындалды. Түсіну кезеңінде оқулықпен жұмыс жүргізіліп, сөйлемдер айтылу мақсатына қарай түрлері анықталды.Қолдану кезеңінде жұмбақтар шешіліп, жұптық жұмыс арқылы сөйлемдер түрлеріне мысалдар келтірілді. Талдау кезеңінде «Адасқан әріптерден» сөз құрау және артық әріпті анықтап, торға жазу тапсырылған. «Ана» сөзі шығып, мақал-мәтелдер сұралып, анаға арналып фейерверг жасалынды. Бұл тапсырма оқушылырға өте қызықты болды. Жинақтау кезеңінде «Егер сөйлем, болмаса» эссе жазу тапсырылды. Әр топ өз эсселерін жазып, оқып берді. Бағалау кезеңі қол-қимылымен бағаланды. Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушыларға сабақ өте қызықты болды, оқушылар өздерінің білімдерін, белсенділігін, ұйымшылдығын көрсете білді.
Каталог: uploads -> doc -> 0133
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0133 -> Сабақ №79 Сабақтың тақырыбы: Аяқтың орта шетімен доп соғу Сабақтың мақсаты: Допты аяқпен соғу әдістерін үйрету
0133 -> Сабақтың тақырыбы: Жынысты көбею. Мейоз. Спермотогенез және овогенез Сабақтың мақсаты
0133 -> Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады
0133 -> Отаным алтын бесігім (танымдық сайыс ойыны)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет