Сабақтың тақырыбы: «Сөйлесе білу де өнер». Сабақтың мақсаты: Балалардың «сөз», «сөз құдіреті»



Дата18.02.2017
өлшемі32,25 Kb.
#10432
түріСабақ
Сөйлесе білу де өнер. Сабақ жоспары 5-сынып

Өзін-өзі тану 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлесе білу де өнер».
Сабақтың мақсаты: Балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеттері:
• Сөзді түсіне білу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.
• Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
• Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар

«Бір ауыз сөз» әні. Сөзі: Қ. Салықовтікі


Әні: Ш. Әбілтаевтікі

Мәтінмен жұмыс


Әмір Темір Үндістанға барған сапарында сол жердің өнерпаздарын шақыртып алып: «Осы шаһарда асқан бір сазгер бар дегенді үлкендерден естігенім бар еді», - дейді. «Ол – мына кісі», - деп, бір соқырды Әмірдің алдына алып келеді. Сазгердің өнеріне әбден риза болған патша одан: «Есімің кім болады?» - деп сұрайды. «Атым – Мемлекет (өзбекше Дәулет. - Ұ.А.)», - дейді сазгер. «Мемлекет те соқыр бола ма екен?» - дейді патша жымиып. Сонда зағип сазгер: «Егер мемлекет соқыр болса, ақсақты үйіне кіргізбес еді ғой!» - депті. Сазгердің тапқырлығына риза болған Темір оған көп сый –сыяпат беріп, шығарып салған екен.
Дәйексөз
Үлкен ақылдылықтың өзіндік белгісі – аз сөзбен көп нәрсені айта алуы, ал
келте ақылға, керісінше, көп сөйлеп, бірақ еш нәрсе айта алмаушылық тән.
Ф.Ларошфуко.
Дәйексөзді дәптерге жазу, мағынасын түсіндіру.
Жаңа ақпарат
«Жаңа ақпарат» айдарымен берілген мәтінді оқып, оны өз ойларымен толықтыруды сұрайды.
Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі де болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады.
Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлесудің парқына мән берген. Шынында да, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз.
Сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, түп-тұқияннан бері жасалып, қорланып, келе жатқан ақыл –ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы. Сондықтан да сөзді шашпа – төк тегін дүние көріп, оңды-солды талғаусыз айта берсең, жұғымы, қадірі болмайды. Білімпаздар айтқандай: «Сөз қадірі – адамның өз қадірі, сөз құпсыздың өзі құпсыз»
Өзіммен өзім
«Өзіммен өзім» әдістемелік тәсілі
Бабаларымыздың тапқыр сөздерінің неге бұлай айтылған.
Үш көз
1. Су анасы – бұлақ.
2. Жол анасы – тұяқ.
3. Сөз анасы – құлақ.
Тапсырма
Ұлы адамдардын нақыл сөздерін оқу, мағынасын түсіндіру.
Нақыл сөздің мәнін ұғындыру арқылы әр баланың және тұлғаның қасиеті арта түседі.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Асан Қайғы
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез,
Нұрын, сырын, көруге,
Көкірегіңде болсын көз.
Абай
Жақсы сөзді ел жаттар,
Ел жаттар сөзде салмақ бар.
Жамбыл
Жақсының сөзі майдадай
Жаманның сөзі найзадай
Қашаған Күржіманұлы
Адал жүріп шын сөйле,
Асығың жүрер алшыдан.
Ақтан Керейұлы
Тіріні көрге салар да – сөз,
Өліні тірілте алар да – сөз.
Науаи
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар
Низами
Орынды жерде сөйлесем
Қызыл тілім дөңгелер
Қашаған Күржіманұлы
Дәйексөз
Сөз өнері – атаулының ең қиыны мен күрделісі. О. Бальзак
Дәйексөзді дәптерге жазу, мағынасын түсіндіру.
Шығармашылық жұмыс
«Сөз құдіреті» тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңыз.
Тірек сөздер: ана тілі, тіл тазалығы, асыл сөз, өтірік сөз, сөз қадірі шешеннің тілі, әділ сөз, өсиет сөз.
Назар аударыңыз
«Назар аударыңыз» айдарымен берілген әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздерімен танысып білімдерін тиянақтай түседі.
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтың әдістердің бірі – балаға ақыл – өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру.
Әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздері.
• Біреумен сөйлескенде, бетіне қадала қарап, тақалып тұрма.
• Біреумен сөйлескенде, керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме.
• Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа.
• Дастархан басында көп сөйлеме.
• Жаман, бұзақы сөзден тыйыл.
• Біреу бірдеңе сұраса, ойланып, анық жауап бер, аузыңа түскен сөзді айта салма.
• Өзің білмегшеніңді басқалардан сұрап алуға намыстанба.
Әркімді бір кемележдеп, мұқатпа.
• Қолыңнан келмейтін істі тыңдырамын деп ешқашан уәде етпе. Ал уәде бердің екен, қайткенде де орындауға тырысып бақ.
Сөзіңде тұр.
Дәптермен жұмыс
Сын тұрғысынан ойлау элементін пайдалану арқылы 5 шумақ құрастыру.
1. Зат есім (1)
2. Сын есім (2)
3. Етістік (3)
4. Сөз тіркесі
5. Негізгі түйін сөз
Мысалы
1. Сөз
2. Әділ, өтірік
3. Өлтіреді, жігерлендіреді, қанаттандырады
4. Сөз өмірдің ұлы қаруы
5. Өмір

1. Сөз
2. Қасиетті, мағыналы.


3. Қуаттандырады, ойландырады, тәрбиелейді
4. Өтірік сөз өрге баспайды
5. Өтірік

1. Сөз
2. Есті, киелі


3. Шабыттандырады, қуантады, ренжітеді
4. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді
5. Сүйсіндіреді

«Сөз туралы» Ә. Тәжібаев


Сөз қандай бай, білем соның қаншасын,
Жатып тұрып санадым.
Әр біреуін қолыма ұстап үңіле,
Асыл тасша қарадым.
Сыңғырлайды соғыстырсам металдай,
Секілді қару – жарағым.
Осылар ғой сақтаған
Намысын ата-ананың.
Таңдап алып отырамын,
Таңдантуға жарарын.
Жалын атсын мынасы,
Жанған өрттің бояуын алып жағамын.
Ал мынаның арттыру үшін құдіретін
Қаздағы мұзға саламын.
Жан бермей ме, әл кірмей ме жырыма,
Таба білсем осылардың қалауын?

Каталог: uploads -> doc -> 0074
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0074 -> Сабақ Тақырыбы: «Аспаз» Пән: Кәсіби қазақ тілі Топ: Сп-15
0074 -> «Тіл және әдебиет» білім саласы Қазақ тілі 5-сынып
0074 -> Бастауыш сыныптарда ойын технологиясының тиімділігі
0074 -> Астана қаласы білім департаменті №61 орта мектеп 4 «Ә» сынып оқушысы
0074 -> Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» Мақсаты
0074 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстандағы топырақ типтері, топырақ эрозиясы оны қалай қорғау туралы жалпы түсінік беру
0074 -> Сабақтың мақсаты; оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет