Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты


Әдісі:еске түсіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс.. Көрнекілігі



бет14/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

Әдісі:еске түсіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс..

Көрнекілігі: кестелер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.Сабаққа назарларын аудару.



Шаттық шеңберін құру.

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

IIІ . Жаңа сабақ.

Әр түрлі есептер шығару.



  1. Ауызша есептеуге мынадай тапсырмалар ұсыну:

3600 : 60 800 ∙ 80

4000 : 80 500 ∙ 800

30000 : 50 600 ∙ 40

28000 : 700 700 ∙ 900



  1. Дөңгелек сандарды көбейту және бөлу кезіндегі тәсілдерді бекіту үшін кесте пайдалану.

  2. Оқулықпен жұмыс.

Берілген есептерді орындау.

№ 2 есепті шығара отырып, бір-біріне кері есептер екендігіне назар аударту. Оған көз жеткізу үшін тақтаға сызба сызу.

№ 3 Өз бетімен орындау .

№ 5. Егер 500 г шұжық 400 тг тұрса, онда 1000г шұжық 800 тг тұрады. Ал, 250г –бұл бір кг-ның ширегі. Демек, 400 : 2 ∙ 200тг.


Сергіту сәті

IV. Бекіту кезеңі.

№6,№8 Ойнайық та, ойлайық.

№7. Диаметр, радиус ұғымдарын қайталай отырып орындау.
V. Сабақты қорытындылау.

-Нені еске түсірдік?

VI.Үйге тапсырма . №4

VІI. Бағалау.
Күні: 14. 11. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы.

Мақсаты:

Білімділігі:Жаңа сабақты түсіндіру.

Дамытушылығы:Ойлау,есте сақтау,қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелігі:Табиғатты қорғауға, суды үнемді жұмсауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі:Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі:Суреттер, үлестірмелер.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.«Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар» тақырыбының мазмұнын сұрау.Дәптерлерін тексеру.

2. Білімді тексеру кезеңі:

-Ас тұзын қайдан алады?

-Фосфориттің қандай пайдасы бар?

-Асбесттің қандай ерекшелігі бар?Қайда қолданылады?


IІІ. Жаңа сабақ.

1.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Су. Табиғаттағы су айналымы.



2. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мұғалімнің түсіндірмесі

Сусыз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесің?

Оқулық пен суреттер бойынша табиғаттағы су айналымы туралы ұғындыру.

«Су –тіршілік көзі»тақырыбындағы фильмді көрсету.



Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей оқыту.



Дәптермен жұмыс.

Күн ретін,ауа райын жазу.

Судың қандай күйде кездесетінін жазу.

Дүние жүзі бойынша ішуге жарамды су тек 1-ақ %. Сондықтан оны үнемді пайдалану керек. Сергіту сәті


ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? Тақтаға суретін салып көр.

-Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?
V. Қорытындылау

Суды үнемдеуде өзің қандай үлес қосасың?


VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 40,41-бет оқу, мазмұндау.
VІІ. Бағалау.

Күні: 14. 11. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Әшекейлі бет орамалдар.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларды бет орамалдардың түрлерімен таныстыру. Оларды әшекейлеуге

үйрету.



Дамытушылығы:Оқушының логикалық ойлау қабілетін, қол икемін дамыту.

Тәрбиелігі:Әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: әр түрлі әшекейленген бет орамалдар.
Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.
Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

II. Жаңа сабақ.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бет орамал – тазалықтың кепілі. Ол әрқашан өзіңмен бірге жүруі тиіс. Бет орамалдың көлемі әр түрлі, ол балаларға, ересектерге арналып тігіледі. Өздеріңе ұнамды матадан бет орамал тігіп, өрнектеп алуларыңа болады.

Ол үшін:


1. бір түсті үш бөлек шаршы мата алып, жиектерінен бір жіпті суырып, орамал шетін

түзулеңдер.

2. Суырылған жіп ізімен қиыңдар. Үш орамалды үш түрлі тор көзді, кестелі, мережкалы

өрнектермен көркемдеуге дайындаңдар.



Сергіту сәті
IІІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.

Іштей,тізбектей оқыту.

2. Практикалық жұмыс.

Орамалды өрнектермен көркемдеу.

3.Техника қауіпсіздігін сақтау.


ІV. Қорытындылау.

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Бет орамалды әшекейлеудің қандай түрлерін үйрендік ?

-Мережкалы кеестені қандай бұйымнан кездестірдің?


V.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.
Күні: 16. 11. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Дүниеде жамандық неден? Ыбырай Алтынсарин.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Дүниеде жамандық неден?» атты әңгімесі

арқылы қазақ ақын- жазушылары жайлы білімдерін кеңейту.



Дамытушылығы:жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге,

байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту;



Тәрбиелігі:қыйындықтан қорықпайтын, жақсылық пен жамандықты ажырата білетін, шыншыл

азамат болуға тәрбиелеу.



Түрі: Аралас сабақ.

Типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.



-Балалар, қәне кім жақсылық-жамандық туралы мақал-мәтелдер біледі? («Жаманға жан жуымас, «Жақсы – ай мен күндей, Әлемге бірдей», «Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ», «Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды», «Жақсы адам – елдің ырысы, Жақсы жер – жанның тынысы» т.б.).

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Ыбырай Алтынсарин – жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. (1841 – 1889) Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан.«Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған.

2. Оқулықпен жұмыс.

А) Ыбырай Алтынсарин мынадай өсиет сөз айтқан. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»Мәтінді түсініп, тізбектей жалғастырып оқу.

3.Сөздік жұмыс. Ақжүрек – адал, ақ ниетті. Байлаулы – біреуге, бір нәрсеге тәуелді, меншікті.

4. Мәтіннен автор ойын тауып оқы.(соңғы азат жол).

ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан). Олар қандай сұраққа жауап іздеді? Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді? Өз сөзіңмен айтып көр.

2.Адам ой – әрекетінің екі түрін мына кестеге сүйеніп жазып шық.



Жақсылық

Жамандық







Ү. Қорытындылау.

Бүгін не жайлы өттік? Осы айтылғандардың қайсысы дұрыс деп ойлайсың? Автор өзінің айтайын деген қорытынды ойын кімнің сөзі арқылы береді? Өзің дүниеде жамандық неден деп ойлайсың?



ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Тапсырманы орындау

ҮІІ. Бағалау.

Күні: 16 . 11. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Бірінен-бірі қарама-қарсы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Қашықтау жылдамдығы деген түсінікті қалыптастыру,сәйкес есептер

шығару.



Дамытушылығы:Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру,математикалық

ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту;



Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Типі: Аралас сабақ..

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық.

Көрнекілігі:кестелер.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу



Сабаққа назарларын аудару.

-Мен сабақта,мектептемін. Менің зейінім тұрақты, мен жақсы ойлап отырмын.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

№ 6,7,8- мысалдардың орындалуын тексеру.



Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.

II. Жаңа сабақ.

Өткен сабаққа ұқсас түсіндіріледі.

Қарама-қарсы 2 жаққа қарай бір нүктеден басталуы мүмкін,2 нысанның бірінен-бірі белгілі бір қашықтықта болуы мүмкін әртүрлі бағыттағы есептер қарастырылады.


  1. Суретке назар аудар.

  2. Жаяу адамдар бірінен бірі қарама –қарсы бағытқа қашықтып барады.Ережені қорыту.

Біріне-бірі қарама-қарсы бағытқа қозғалыс кезінде қашықтау жылдамдығы

Жылдамдықтардың қосындысына тең. 6+4=10км/сағ.-автокөліктердің бірінен-бірі қашықтау жылдамдығы.

Неше сағаттан кейінжаяу адамдардың арасындағы қашықтық 30 км-ге тең болатынын табу үшін, осы арақашықтықты жаяу адамдардың бірінен-бірі қашықтау жылдамдығына бөлу керек.

  1. Оқулықпен жұмыс.

№2 оқушылармен бірлесе отырып орындау. Тиімді тәсілді анықтау.

№3 Сызбаға қарай отырып, сүрақтарға жауап беру.

-Автокөліктердің жақындау жылдамдығы қандай?

-Автокөліктер неше сағаттан кейін кездеседі?



IV. Жаңа білімді бекіту

.№ 7, орындау.

№8. 1 тәсіл: теңдеу құрастыру( х + 110) : 2 = 16

2-тәсіл: 16 ∙ 2 = 32 32 – 11 = 21 – 11



V. Сабақты қорытындылау.

-Нені үйрендік? -Қашықтау жылдамдығы дегенді қалай түсіндің?



VI. Үйге тапсырма .№5,№

VІI. Бағалау.

Күні: 17. 11. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Орындалған арман.Спандияр Көбеев.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыны Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» атты әңгімесінен үзіндіден

Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыра отырып, Спандияр Көбеевтің

мектепке алынуы жайлы мәліметпен таныстыру,

Дамытушылығы: оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуге, ойын

тұжырымдай білу қасиетін дамыту;



Тәрбиелігі:шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ.

Типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан). Олар қандай сұраққа жауап іздеді?

Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді? Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан).

Олар қандай сұраққа жауап іздеді? Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді?

2.Үй тапсырмасын пысықтау: Ыбырай Алтынсарин кім? (Ыбырай Алтынсарин – жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. (1841 – 1889) Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан. «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған). Өзің дүниеде жамандық неден деп ойлайсың?
ІІІ. Жаңа сабақ

Мақсат қою кезеңі:

1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау

2. Жаңа сабаққа даярлық.

Спандияр Көбеев кім? (1878 – 1956, Қостанай облысында туған. Жазушы, ұстаз. «Үлгілі бала» атты кітабы бар.



3. Кіріспе.

Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мектеп табалдырығынан аттаған әрбір бала жатқа біледі. Ыбырай қазақ жерінде алғаш мектеп ашқан ағартушы-ұстаз екенін де жақсы білесіңдер. Спандияр Көбеев те Ыбырай Алтынсариннің көмегімен осы мектепке оқуға алынады. Сонда қуанған ол:

«Қуанғандығым сонша, алдымда тұрған дөңгелек қара сақалды дембелше келген адамды сүйіп алуға әзір едім», деп жазыпты.

4. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Рөлмен, теріп оқу. Салмұғамбет болыстың сөзін тауып оқы. Әңгімеден бай мен кедейге байланысты айтылған сөздерді теріп жаз.


Сергіту сәті

ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі:

Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?

Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?

Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді? Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті?

Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?

Ү. Қорытындылау.

Спандияр Көбеев кім? Ол туралы «Энциклопедиядан» немесе интернеттен деректер іздеп тап. Келесі сабаққа Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келіңдер.



ҮІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу,мазмұнын айту, тапсырманы орындау.

ҮІІ. Бағалау.

Күні: 17. 11. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем тыныс белгісі. 37-43 жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жай және құрмалас сөйлем туралы берілген ұғымды жаттығу жұмыстары арқылы

кеңейту.


Дамытушылығы:құрмалас сөйлем құрауға және оның тыныс белгілерін қоя білуге үйрету.

Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.



Тәрбиелігі: Таза, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Типі: Жаңа білімді үйрету кезеңі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, іздені, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі:кестелер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 18-жаттығу. «Жалғасын тап» ойыны құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген, келесі бөлігін табу.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жан-жақты білімдерін тексеру.

Жай сөйлем деген не? Құрмалас сөйлем деген не? Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі қандай?


ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу. Көркем жазу.

37-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу, сөйлем түрін айыру.

38-жаттығу. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазу.

39-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, олардың құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу.


Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

40-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу..



Ү. Қорытындылау.

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

- Құрмалас сөйлем деген не?

-Оның тыныс белгісі қандай? 1

41– жаттығудағы ребусты шешу. (Қыс түсті. Қар жауды). Құрмалас сөйлем құр.
ҮІ. Үйге тапсырма беру. 43-жаттығу.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

Күні: 17 . 11. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Екі дененің қозғалысына берілген есептер шығару,дағдыларын

бекіту,есептеудағдыларын жетілдіру.



Дамытушылығы: Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру,математикалық

ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;



Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Түрі: Аралас сабақ

Типі: Қайталау сабағы

Әдісі:еске түсіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс..

Көрнекілігі:кестелер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастырукезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу



Сабаққа назарларын аудару.Шаттық шеңберін құру.

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

6,7-мысалдың орындалуын тексеру.



Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.

III . Жаңа сабақ

№1.Кестені толтыр:



Қозғалыстағы дене

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

Піл

900м\мин

2мин

? м

Керік

800м\мин

? мин

160 м

Тасбақа

6м\мин

2мин

10м

Арыстан

1200м\мин

2мин

? м

№2.Алдыңғы тапсымадағы кестенің мәліметтерін пайдаланып:

а) (900+800) *2 немесе 900 * 2 +800 *2 өрнегіне сәйкес есеп құрастыр және шығар.

б) Бірінен- бірі қарама- қарсы бағыттағы қоөғалыстағы алыстау жылдамдығын есептеп тап: піл мен керіктің: тасбақа мен арыстанның

№ 3. Ш: 9200: 2*2*3 = 27600(тг)

Ж:27600тг тұрады.

№ 4 Өз бетімен орындау .

№ 5.Бөлуді орында және көбейтумен тексер.

1896 : 8 =237 7524: 6 = 1254 15780 :5 =3156 956 : 4 = 239

846 * 8 =6768615 * 5 = 3075 6004 * 2=12008

№6,Амалдарды орында.

№7. Диаметр, радиус ұғымдарын қайталай отырып орындау.



IV. Сабақты қорытындылау. -Нені еске түсірдік?

V. Үйге тапсырма №7,8-мысал.

VI. Бағалау.

Күні: 17. 11. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Жер асты сулары. Минералды сулар.

Мақсаты:

Білімділігі:Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік беру.

Дамытушылығы:Ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, мазмұнын өз сөзімен жеткізе білу

қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелігі:Тазалыққа ,достыққа ,табиғатқа зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақ түрі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. Мазмұнын айтқызу. Дәптерлерін тексеру. Тақтада су айналымы қалай жүретінін бейнелету.

2. Білімді тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?

-Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?

3. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау Жер асты сулары.



ІІІ.Жаңа сабақ.

1. Кіріспе.

Жер асты суы дегенді қалай түсінеміз?

Біз жер асты суын пайдаланамыз ба?

Сурет бойынша жер асты сулары қалай пайда болатынын өзіміз түсіндіріп көрейік.

Судың бір қасиеті-еріткіштігі. Ол осы қасиетімен жерге сіңген кезінде тау жыныстарындағы түрлі минералдарды ерітеді. Судың физикалық қасиеті өзгереді.Дәм,иіс пайда болады. Температурасы өзгереді. Енді ол сулар минералды су болды.Минералды сулардың ішуге жарамды, жарамсызы болады.Ішуге жарамды судың бір литрінде 2-20 грамм еріген тұз болады. Әртүрлі сырқаттардан айығуға көмектеседі. Оларды шипалы су деп те атайды. Шипалы су шығатын жердің маңына курорттар салынады.Ел арасында «арасан» деп те аталады.Алмаарасан,Қапаларасан, Барлықарасан,Арасанталды,Жаркентарасан атаулары осыдан шыққан.

2. Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей дауыстап оқыту.



3.Дәптермен жұмыс.

Күн ретін,ауа райын жазу.

Суреттер бойынша еліміздегі шипажайларды жазу.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

Минералды су қайдан пайда болады? Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен? Жер асты суының қандай пайдасы бар?

V. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 42,43-беттерді оқу, мазмұндау.

VIІ.Бағалау.

Күні: 18. 11. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу


Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет